Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
314 материал табылды

Ұлттық спорт • 14 Маусым, 2023

Жаңа тренд: сәнге айналған садақ ату

Елімізде мерген жастар қатары көбейіп келеді. Бүгінде Дәстүрлі садақ ату спортымен айналысып жүргендердің қатары екі мыңнан асады. Ұлттық құндылықты жаңғырту жолында өңірлерде арнайы орталықтар да ашылып жатыр. Мұндай орталықтардың саны қазір 15-ке жетті.

Экология • 13 Маусым, 2023

«Ecolife» экочелленджі

Елімізде «Ecolife» экочелленджі басталды. Іс-шара елордада өтетін Халықаралық волонтерлер форумы аясында ұйымдастырылып отыр. Игі іске Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы мұрындық болды.

Қоғам • 12 Маусым, 2023

Ел қамын жеген ерікті

Еліміздегі еріктілердің жұмысы 1991 жылдан бастап БҰҰ Еріктілер қозғалысының бағдарламасы пайда болғаннан кейін дами бастады. Ал 1997 жы­лдың қараша айында Қазақстан жүзге жуық мемлекетпен қатар «A/RES/52/17» қарарына қол қойып, 2001 жылды «Халықаралық еріктілер жылы» деп атады. Сондай-ақ еліміз Индонезия, Лаос, Маврикия мен Нигерия мемлекеттерімен бірігіп, 2002 жылдың желтоқсан айында «A/RES/57/106» қарарына демеуші болды.

Құқық • 11 Маусым, 2023

Алимент – қарыз емес, парыз

Жақында әлеуметтік желіде бір бейнежазба тарады. Онда бір жігіт күшікке «ұрсып», «ұрмақ» болған кезде ит «баласын» қорғаштап, бауырына тыға түсіп, әлгінің қолын әлсін-әлсін қағып жібереді. Күшігін иесінен қақпалап, қорғап тұрған иттің бұл қылығы көпті сүйсіндіріп еді. Бұл – жануардың рефлексі. Олар төлін бұғанасы бекіп, қорегін өзі тапқанша асырайды. Қажет болса, тәрбиелейді. Ал саналы адамдардың арасында бауыр еті баласынан безу, қарақан бастарын күйттеп кету жылдан-жылға белең алып барады. Былтырдың өзінде сот орындаушылары алимент бо­йынша 304 мың істі жүргізген. Оның ішіндегі 5 мыңы – перзенті алдындағы парызын ойламай­тындар. Қоғамның өзекті мәсе­лесіне айналған бұл түйіннің шешімі бар ма?

Әйел әлемі • 07 Маусым, 2023

Іскер әйелдер мүмкіндігі

Жаһандық іскер әйелдер кеңесінің қоры құрылады. Қор кәсіпкер қыз-келіншектердің мүмкіндіктерін арт­тыруға, әлеуметтік жобаларды қол­дауға және әртүрлі кәсіпорындарды қаржыландыру мәселесін қарастыру­ға бағытталған. Бұл туралы елордада өткен «Жаһандық іскер әйелдер кеңесінің» пленарлық отырысында хабарланды.

Саясат • 07 Маусым, 2023

Босқындар нөпірі көбейген

Әлемде босқындар саны тарихтағы ең жоғары шекке жетті. Былтырғы дерекке сүйенсек, 100 миллион адам босқынға айналған. Осы мәселеге қоғамның назарын аудару мақсатында Астанада БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының әдебиет бұрышы ашылды.

Жұмыс • 06 Маусым, 2023

Шетелдегі жұмыс: Артықшылығы мен кемшілігі

Бүгінде шетелде жұмыс істеуді армандап қана қоймай, оны алдына мақсат етіп қойған жастардың қатары көбейді. Бірі өзге елдің жақсы жалақысына қызықса, енді бірі тәжірибе жинақтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ­ахуалына үлес қоссам деп талпынады. Аяна Бекешова саяхаттау арқылы тіл үйреніп, өзін дамыту мақсатында былтыр Ұлыбританияға уақытша қоныс аударған. Бойжеткен алғашында сол елдегі фермалардың бірінде жұмыс істеген. Кейін қонақ үйге жұмысқа орналасыпты. Балқаш қаласында туып-өскен Аяна өзге елде еңбек етуді 19 жасынан армандапты.

Қоғам • 05 Маусым, 2023

«Jasyl el» – еңбекке баулу мектебі

Елімізде «Jasyl el» жасағы жасақталып жатыр. 19 жыл қата­рынан ұйым­дастырылып келе жатқан бағдарлама көмегімен 14 пен 35 жас аралығындағы жастар жұмысқа қабылданады. Осылайша еліміздегі 30 мыңнан аса азамат еңбекке араласады.

Балалар • 01 Маусым, 2023

Болашақты қолдаудың мәні

Бүгін – халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн елдегі балдыр­ғандар мен балалардың төл мерекесі ретінде сипат алды. Яғни жеткіншектердің шын қуанып, шаттанатын, сыйлық алып, марқаятын мейрамы. Ал шын мәніне келгенде Балаларды қорғау күні – балдырғандарымызға мына әлемнің махаббаттан жаралғанын ұғындыратын, келер күннің жарқын боларына сенім ұялататын күн. Сондай-ақ балалардың өмірі мен құқығын, денсаулығы мен арман-тілегін қорғау, аялау, оларға қамқорлық жасау дәріптелетін күн.

Қоғам • 26 Мамыр, 2023

Суға шомылу маусымы: қауіп пен қатер

Былтыр елімізде 242 адам суға батып көз жұмған. Оның ішінде 77 жасөспірім бар. Бұл деректерді 2021 жылмен салыстырсақ, ересектердің өлімі – 43, кәмелетке толмағандар арасында қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар қатары 41 пайызға азайған.