Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
400 материал табылды

Қоғам • 11 Тамыз, 2023

Ұрлық түбі – түрме

Елімізде ұрлық түрлерінің төрттен бірі пәтер тонау болып отыр. Ішкі істер министрлігінің дерегіне мән берсек, жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам адам дәл осы қылмыс түріне қатысты ұсталған. Оның ішінде түрлі қалада ұрлық жасайтын 100-ге жуық «көшпелі ұрылар» мен 175 қылмыстық топ әшкереленген. Бұл туралы Криминалды полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әсет Жүкенов мәлімдеді.

Қоғам • 09 Тамыз, 2023

Астық келісімі: Үміт пен күдік

Қара теңіз арқылы Украина астығын қауіпсіз аумаққа тасымалдау келісімі жанданса, Ресейге азық-түлікті емін-еркін экспорттауға мүмкіндік беріледі. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін осылай деп мәлімдеді.

Бизнес • 08 Тамыз, 2023

Жас кәсіпкерге жан-жақты қолдау

Биыл «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін 5 796 адамға шағын несие беру жоспарланған. Осыған орай жеңілдетілген микрокредит алуға 5,1 мыңнан астам өтініш түсті.

Қоғам • 08 Тамыз, 2023

Қайсарлық қағидасы

Әр елде, әр өңірде тағдыры әсерлі, болмысы әр қилы жандар бар. Қиындыққа қайыспаған бұл қайсар адамдардың өмірден түйгені, бақытқа жету жолындағы сан мыңдаған қадамы – көпке үлгі. Соның бірі – екі аяғынан айырылған Айсұлу Сүлейменованың дара жолы.

Есірткі • 07 Тамыз, 2023

Есірткіге қарсы жоба

Қазір жастардың басым бөлігі есірткіге елірген. Әсіресе интернет, пошта қызметтері, цифрлық төлемдер және «бетбелгілер» сияқты заманауи әдістер арқылы бұл препараттарға қол жеткізу тіптен оңайлап кетті.

Қоғам • 04 Тамыз, 2023

Діни сауат – ділге сауап

Биыл интернеттен радикалды бағыттағы 11 мыңнан астам заңсыз материал өшірілген. Сондай-ақ 14 мыңнан аса әлеуметтік желі пайдаланушысы теріс ағымдағы топтардан шығарылыпты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, ғаламторда діни экстремизмге қарсы насихат жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.

Қоғам • 04 Тамыз, 2023

Құлдық қамыты

Әлемде адам саудасы қызып тұр. БҰҰ-ның соңғы дерегін ескерсек, жылына қылмыстың бұл түрінен шамамен 25 млн азамат зардап шегетін көрінеді. Елімізде де жағдай мәз емес. Биылдың өзінде 100-ден аса факті тіркелген. «Тірі тауарға» айналғандардың 20%-ға жуығы – кәмелетке толмаған балалар.

Жастар • 01 Тамыз, 2023

Жастар саясатының жаңа белесі

Жастар арасындағы жұмыс­сыз­­дық пен еңбек жағдайын жақ­­сарту мәселелерін шешу­ге­ Кәсіподақтар федера­ция­сы­ның жанынан ашылған «Келешек» жастар кеңесі де ара­ла­сып жүр. Осы мақсатта мекеме Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен меморандумға қол қойды. Құрамына 400 мыңнан астам адам кіретін кеңес жас жұмыскерлердің құқығын қорғап, ұсыныстарын қабылдайды.

Өнер • 01 Тамыз, 2023

Алғыр ұрпақ және ұтымды креатив

Қазір креатив кез келген салада табысты, жемісті нәтиже береді. Елімізде осы шығармашылық әлеуетті қолданып, қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді қозғап, халықтың санасын оятып жүрген жастар бар. Олар ән мен әуенді, би мен өнерді поэзиямен ұштастырған «Тäuel[dı]sız» арт-жобасының мүшелері. Еркін ойлы топ жөнінде жоба продюсері әрі авторы Руслан Жұбаныш кеңінен әңгімелейді.

Қоғам • 26 Шілде, 2023

Өндіріс қауіпсіздігінің өзектілігі

Елімізде жыл басынан бері өндірісте 69 адам көз жұмған. Ал жазатайым оқиғалардан 640 жұмыскер зардап шеккен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің екі тоқсан бойынша қорытынды есебінде жарияланған.