Қоғам • 26 Мамыр, 2023
Қазір жастардың талғамы ерекше. Бүгінгі ұрпақ Батыстың сән үлгісінен гөрі заманауи стильде тігілген ұлттық киімдерге әуес. Тіпті әлемге әйгілі брендтер де этностильге көз тіккен. Ұлттық құндылықтарымыз бүгінгі заманға қалай икемделіп жүр ме? Әр адамға ұлттың реңк беретін ерекшелік әлемдік деңгейде қаншалықты танымал?
Елорда • 26 Мамыр, 2023
Астанада «Елорда жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталады. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына өтінімдер 30 мамыр мен 6 маусым аралығында qatysu.zhilfond.kz порталында электронды түрде қабылданады.
Құқық • 25 Мамыр, 2023
Кәсіпкер құқығы: қорғау мен қолдау
Бүгінде шағын және орта бизнес субьектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе қысқарды. Сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының кәсіпкерлердің банктік шоттарына тыйым салу мәселесі шешілді. Нәтижесінде, егер сот санкциясы болмаса, банктер 10 күннен кейін шектеуді алып тастайды. Бұл туралы бизнесті қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте айтылды.
Жастар • 22 Мамыр, 2023
Жастарды қолдау – болашаққа іргетас қалау
Енді мемлекеттік грантпен оқуын үздік аяқтаған студенттер конкурстық іріктеусіз-ақ аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға тікелей тағайындалады. Ілкімді іс мемлекеттік қызметке жастарды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлімдеді.
Қоғам • 22 Мамыр, 2023
Мемлекеттік тіл ортақ құндылыққа айнала ма?
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына биыл 34 жыл. Қоғамдық саясат институтының былтырғы мәліметін ескерсек, ел тұрғындарының 80,1%-ы мемлекеттік тілді біледі. Тек оның 49,3%-ы күнделікті өмірде қолданады. Зерттеу нәтижесі әр үшінші отандасымыз ақпаратты қазақ және орыс тілінде алатынын көрсеткен.
Саясат • 19 Мамыр, 2023
Меритократия. Адалдық. Инновация – мемлекеттік қызметтің үш тұғыры
Елордада Астана мемлекеттік қызмет хабының «Меритократия. Адалдық. Инновация» атты конференциясы өтті. Жиынға әлемнің 30 елінен өкілдер бас қосып, мемлекеттік қызметтің тұғырлы үш мәселесін жан-жақты талқылауда. Халықаралық деңгейде тәжірибе және білім алмасу орталығына айналған хабтың 10 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара үш күнге созылды.
Тәрбие • 19 Мамыр, 2023
Баланы ұрып тәрбиелей алмайсың
Елімізде жыл сайын жауапсыз ата-аналар қатары өсіп келеді. Былтыр 7 203 қамқоршы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2021 жылы ата-аналық міндетін орындамаған 5 мыңнан астам азамат тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.
Жоба • 12 Мамыр, 2023
Енді әскери борышын өтеген азамат ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орнына түсе алады. Осы мақсатта Қорғаныс министрлігі еліміздегі білім ордаларымен келіссөз жүргізіп, 3 мыңнан астам тегін оқу грантын тағайындады. Жоба биыл күзден басталады.
Әскер • 11 Мамыр, 2023
Елордада Отан қорғаушы мен Жеңіс күніне орай, «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті. Екі күнге жалғасқан іс-шараны «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырды. Патриоттық ойынға республиканың түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық жас қатысып, бақ сынасты.
Жастар • 11 Мамыр, 2023
Трендке айналған тілдер немесе полиглот жастар
Әлемдік «Ethnologue» сараптама орталығының мәліметінше, дүниежүзі халықтарының арасында ағылшын тілі өте танымал екен. Көпшіліктің қызығушылығына айналған тағы бір тіл – қытай тілі. Ал қазақ жастары қандай тілді үйреніп жүр? Олардың таңдауы қай тілге көбірек түседі?