Медицина • 29 Желтоқсан, 2021
Балалар ортопедиясында білмейтініміз көп
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының ортопедия бөлімінің мамандары үнемі ізденіс үстінде жүреді. Соның нәтижесінде бұрын қыруар ақша шығарып шетелдік клиникаларды жағалайтын сырқат балалар елімізде емделеді.
Елорда • 20 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мен ЖИТС орталығының директоры Сәбит Әбдраимов АИТВ-мен сырқаттанушылық деңгейі және алдын алу шаралары туралы өткізілген онкүндік барысымен және жыл бойындағы атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Медицина • 02 Қараша, 2021
АИТВ инфекциясына қарсы АРТ терапияның септігі мол
Адамзат тарихында кейінгі ғасырларда түрлі дерттер бой көтергенімен, соның ішінде ғасыр ауруы атанғаны аз. Уақыт өте ғылымның белсене араласуымен сондай аурулардың біразы кейін шегініп, баяғыдай ажал себер қарқынынан айырылып, созылмалы сырқаттардың қатарына енген. Соның бірі өткен ғасырда тажал делінген ЖИТС (СПИД\ВИЧ) ауруы болатын. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Сәбит Әбдраимовпен осы дерттің аясында әңгіме өрбіттік.
Медицина • 07 Қазан, 2021
Дерттің дауасы – дұрыс диагноз
Қазіргі уақытта ересектер түгіл, кішкентай сәбилерде сан түрлі ауру бар. Сирек кездесетін орфанды сырқаттар, қатерлі онкологиялық аурулар, тіпті атауын өмірі естіп білмеген дерттің түрлері тіркеліп жатыр. Сондай жан қысылғанда бауыр етінің өмірін сақтаймын деген ата-аналардың күні дәрігерлерге қарайды. Бұл жерде ең бастысы – диагноздың дұрыс айқындалуы. Диагноз дұрыс қойылғанда ғана оң ем жасалынады. Дәрігерлерді адастырмас маяктай диагноз анықтауда, тағдыршешті мәселеде турасын айтар патологтер жұмысы – бүгінгі әңгіменің өзегі.
Медицина • 19 Тамыз, 2021
Сәт сайын өзгеріске ұшырап жатқан мына дүниеде ғылымның сан саласы дамып жатыр десек, оның медицинадағы қарқыны тіпті қарышты. Кеше мүмкін еместің көбі атқарылып, онкоаурулардың өзі бүгінгі медицина тегеурініне шыдас бермеуде. Елордада медициналық кластер сол жағалаудан орын тапқалы шетел асып ем іздейтіндер қатары біршама азайды. Бір ғана Ұлттық нейрохирургия орталығының арқасында осы салада бұрын қарастырылмай келген көптеген жаңа бағыт дамыды. Бүгінде бұл орталықта сәулелі ем – гамма-пышақпен емдеу сәтті жүзеге асырылып жатыр.
Қоғам • 10 Тамыз, 2021
Бүгінде медицина сәт сайын озық технологиялармен толығып, бұрын мүмкін еместей көрінетін дүниелерді отандық мамандардың атқаратынына бой үйренгені анық. Әйтсе де стомадан кейін ішекті реконструкциялауды өз хирургтеріміздің жүргізуі ерекше қуантады. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада осындай стомадан соңғы өмір сапасын жақсарту жалғасты болуда.
Қоғам • 25 Маусым, 2021
Қасым атам әркез ұтырлы айтар сөзі бар және онысы ел аузында жүретін абыройлы адам еді. Атам отының алды, суының тұнығы, баласының үлкені қызын ұзатады. Ол уақыт тұрмысқа шыққан қыздың артынан ай өтпей жетіп баратын кез емес. Жылдан асып, пәленбай шақырымды артқа тастап, құдасының үйіне тоқтап, олар Қасекең, құда келді деп құрақ ұшып дастарқан жайып күтеді. Шай үстінде бар зейіні үлкендерге ауып, соларға қызмет етіп отырған қызы қайынсіңлісінің босаған кесесін аңдамай қалыпты. «Жеңеше, шай» деп көзімен жеп жібергенін көрген атам үйіне келген соң жұбайына «Көрдім баламды. Қайтейін, дүние кезек деген, құдашаның көзін көрдім, оған да біреу қарар» депті.
Руханият • 18 Маусым, 2021
Жоғары санатты дәрігер Алма Саятқызы Тохметова елордадағы №9 қалалық емхана ашылған күннен бері диагностика бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етіп келеді. «Арманым орындалды! Балабақшадан бастап менің арманым дәрігер болу еді. Көріп отырғаныңыздай, мақсатыма қол жеткізе алдым», деді ол бізбен жолыққанда.
Қоғам • 16 Маусым, 2021
Жыл сайын әлем бойынша 14 маусым күні Дүниежүзілік донор күні өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пациенттерге қауіпсіз қан мен оның компоненттерін құюдың маңызына қатты мән беріп, ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінде азаматтардың өтеусіз ерікті қан донорлығына келуін насихаттап, донор болуды биік адамгершілік тұрғысынан үлгі етіп таратуды ұсынады.
Қоғам • 04 Маусым, 2021
Сovid-19: Алғы шептегі дәрігерлер не дейді?
Індет құрсауы қысқаннан бері дәрігерлердің өмірі бейне бір майданның алғы шебіне ұқсап кеткендей. Әу баста Т.Рысқұлов көшесіндегі ғимарат балалардың инфекциялық ауруханасы болуға арналып салынған-ды. Ал пандемия басталғалы мұнда тек Сovid-19 инфекциясын жұқтырғандар емделіп жатыр.