Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
415 материал табылды

Музей • 05 Ақпан, 2023

Армян диаспорасының мәдени экспозициясы

Алматыдағы Мемлекет­тік орталық музей өзге елдер­мен мәдени ынтымақ­тастықты белсенді дамыту жолында көптеген маңызды жобаны жүзеге асыра бастады.

Кино • 05 Ақпан, 2023

Африкадағы қазақ киносы

Камерун астанасы Яун­деде YARHA Fes­tival ха­лық­аралық кино­фес­ти­валі өтті. Әлем­дік кино бәй­гесінде қазақ кино­сы­ның арнайы көрсе­тілімдері ұйымдас­тырылып, Африка көрермендері алғаш рет отандық фильмдерімізбен танысты.

Кино • 01 Ақпан, 2023

«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты

Ұлттық ғылымның қалыптасуы мен өркендеуі жолында өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмір жолын суреттеген телехикаяның толықметражды нұсқасы бүгіннен бастап ел кинотеатрларында прокатқа шығады. «Қаныш» деп аталатын телесериалға Қарсақпайдың тақыр даласында Қ.Сәтбаевтың жанкешті жігерінің арқасында әлемдегі ең қоры мол пайдалы кен орындарының бірінің пайда болу тарихын баяндаған 1926-1934 жылдардың оқиғасы негіз етіп алынған.

Өнер • 31 Қаңтар, 2023

Өмір күрделі емес, көркем!

Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші әншісі Зарина Алтынбаева «Русалка» операсынан Русалка ария­сына түсірілген жаңа бейнефильмін жарыққа шығарды.

Өнер • 29 Қаңтар, 2023

Дубляждың дарабозы

«Ата жауыммен аспанда жүріп айқассам» деген арманын тас-талқан етіп, тұла бойында тұнып тұрған талантын театрға барып ашсын дегендей, әу бас­тан әртіс жасауға тағдырдың өзі бейімдеп алған ба дерсің. Алматының жота тұсын жоғары өрлей жатқан «Горный гигант» аталып кеткен Қамыссай ауылында өмірге келіп, №12 мектепті бітірген жылы соғыс басталады. Аэроклубта дайындық курсынан өтіп, Ташкент ұшқыштар училищесіне оқуға түсіп, әскерге дайындығын бастайды.

Өнер • 24 Қаңтар, 2023

Қайта асқақтаған тұлға

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзенің қазақ оркестрі мен дирижерлық өнердің дамуына үлес қосқан майдангер композитор, дәулескер күйші, дарынды дирижер Мәлік Жаппасбаевтың шығармашылық өмірбаяны туралы тың дерек пен тарихи құжаттарға сүйеніп жазған «Мәлік Жаппасбаевтың музыка мұрасы» зерттеу еңбегінің таныстырылымы болып өтті.

Өнер • 24 Қаңтар, 2023

Зеллер пьесасы және бүгінгі сахна

Француз драматургінің отбасы құндылығын биіктетуге үн қосқан спектаклі өз уақытында Парижде, Лондонда, Нью-Йоркте, Мәскеуде, Сиднейде, Гонконг театрларында қойылып, драматургияның ірі табысы ретінде бағаланып, күні бүгінге дейін режиссерлер қауымын қызықтырумен келеді екен. Әлемді адымдап жүріп қазақ елінің сахнасына да жеткен Флориан Зеллердің атақты пьесасының желісімен «Жан әке» атауын иеленіп, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры жарыққа шығарған бетте «жақсыны көрмекке» деп ағылған көрермендер қатарынан біз де орын алуға қамдандық.

Әдебиет • 22 Қаңтар, 2023

Қиял хикаяттары

Алғаш пайда болғанда «жаңа жанр», «жас жанр» деп сүйіншіленген фантастика жанры жұрттан қалмай, жылдарды артқа тастап өмір сүріп келе жатса да, сол бойы қазақ әдебиетінен қоныс таба алмаған күйі «жетілмеген жанр» болып дағдарыста қалғанын қиял-ғажайып туындыларды бір кісідей түсінемін дейтіндердің өзі теріске шығара алмайды.

Кино • 17 Қаңтар, 2023

Қаржылық қолдау артып келеді

Кино сәнді трендке айнала бастағалы аталған саладағы баяу қозғалатын тетіктерге жан бітіп, бар қуатымен қызметіне кірісуді мұрат тұтқан белсенділігі байқалады. Кинематографтың өркендеп, әрі қарай дамуы үшін тетіктердің серпінді жұмыс істеуі қажет те.

Руханият • 23 Желтоқсан, 2022

Оқырманмен ашық әңгіме

«Әдеби насихат пулы» жобасы – Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы қаласы мәдениет басқармасының бірігіп қолға алған игі шарасы. Оның мақсаты – мегаполистің әр аудандарында қаламгерлермен кездесулер ұйымдастырып, ұлттық бол­мысымызға негізделген рухани құндылықтарды дәріптеу болды.