Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
390 материал табылды

Өнер • 28 Қыркүйек, 2022

Токиода қазақстандық фильмнің тұсаукесері өтеді

Эмир Байғазиннің «Өмір» атты фильмінің Азия деңгейіндегі  тұсаукесері 35-Халықаралық Токио кинофестивалінде (Жапония) өтпек, деп жазады Egemen.kz.

Дәстүр • 28 Қыркүйек, 2022

Дәстүрлі ән орындаушыларға арналған байқау өтеді

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы  2022 жылғы 18-19 қазан айы аралығында Алматы қаласында Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық  байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Театр • 27 Қыркүйек, 2022

Аюхановтың арманы

Өз алдына жеке отау тігіп өмір сүріп, министр бекіткен меншікті басшысы, мемлекеттік мәртебелі мөрі болса да, әлі күнге басыбайлы дербес сахнаға қолы жетпей келе жатқан Болат Аюхановтың балет театры биылғы жаңа маусымын «ТЮЗ» аталып кеткен театрдың сахнасын жалға алып ашты. Аюханов ­театры үшін қалыпты жағдай саналатын көшпелі маусым­ашар салтанаты мұндай қиындыққа мойымайды, ізденіс жолындағы театр жыл сайын жаңа премьера ұсынуды дәстүрге айналдырған.

Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2022

Қазақ әнінің ханзадасы

Адамдар арасындағы діни наным мен шекара сызығын сылып тастап, жанының сұлулығы мен дауысының тазалығына ғана ден қойғызып, әлемдік деңгейдегі әншіге айналған Димаш Алматыда алғаш рет жеке концерт берді. Қазақ елінің көк аспаны көктегі періштенің үнін естігендей, кеңістіктен саулаған сұлу саздың сиқырынан арыла алмаған көрермені әсерін әлі айтып тауыса алар емес.

Кино • 20 Қыркүйек, 2022

Әмен Қайдаров туралы анимациялық фильм

Қазақ және түркі анимациясының негізін қалаушы Ә.Қайдаровтың 100 жылдығына арналған шағын анимациялық хикаяның түсірілімі басталды.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2022

Алматыда алғаш рет халықаралық «Дирижерлер шеруі» өтеді

25-26 қыркүйек күндері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында алғаш рет халықаралық «Дирижерлер шеруі» музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 15 Қыркүйек, 2022

Әмен Қайдаров туралы анимациялық фильм түсіріліп жатыр

Қазақ және түркі анимациясының негізін қалаушы Ә.Қайдаровтың 100 жылдығына арналған шағын анимациялық хикаяның түсірілімі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кино • 14 Қыркүйек, 2022

Қазақ киносы көрерменге неге жетпейді?

Шетелдің кино шеберлері жоғары бағалаған отандық фильмді қазақ аудиториясы қадір тұтуы тиіс еді. Алайда жат жарылқап, қос-қостан бәйгесін беріп, халықаралық үздіктердің қатарына қосқанымен, Қазақстан режиссерлерінің фильмдері туған топырағында танымал емес. Шетелде мақталған туындылар өз елінде мойындалмайды.

Өнер • 14 Қыркүйек, 2022

Ұлттық опера жаңа шығармалармен толығады

Тамыздың соңында Алма­тыдағы Арбат бойында, ашық аспан астында, алаңды толтыра көрермен жинап, үш күн бойы дүбірлеп өткен Оpenair концерті тағы да халықаралық ірі жобамен жалғасын тапты. Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының 89-маусымы халықаралық OPERALIA классикалық өнер фестивалімен қатар ашылып, жылдағы дәстүр бойынша «Абай» операсымен шымылдығын түрді.

Өнер • 06 Қыркүйек, 2022

Тарих терең бедерленген өнер

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ашылған «Қытай өнері» көрмесі ғасырлар қатпарынан сыр шерткен бірегейлігімен маңызды. Қытай императорының жылына тек бір мәрте ғана киетін киімі қандай, қызыл-жасыл өрнегімен көз тартатын вазаларының тым биік болып келу себебі не, ксилография көшірмесін неліктен түпнұсқадан ажырату мүмкін емес, міне, қытай өнерінің көрмесін тамашалауға келген әр адам осы тектес сұрағының жауабына қанық болып, өзіне жұмбақ жәдігерлердің танымдық сипатына тереңдей алады.