Өнер • 04 Желтоқсан, 2020
Әрбір қия-қатпарына дейін қазақ көрерменіне таныс оқиға алыстағы Америкада өтіп жатыр. Елу жыл отасып, бес бала бағып өсіріп, ақырында үйсіз-күйсіз далада қаңғып қалатын қариялардың қасіретін өткен ғасырдың басында-ақ драмаға айналдырған кезде Америка жазушысы Вина Дельмар дәл осы мәселенің бүкіл дүние халқына ортақ проблемаға айналарын қаламгерге тән жүрекпен алдын ала сезген секілді. Ал аударған Қалтай Мұхаметжанов пьесаны қазақ көрерменіне мейлінше жақындатып, ата-анасынан алыстап бара жатқан балалардың жүрегіне иман нұрын себуді мұрат тұтқаны анық.
Өнер • 20 Қараша, 2020
Шын талант тұсаулап ұстауға көнбейді деген рас. Сексеннің сеңгірінен әлдеқашан асып кеткеніне қарамастан, классикалық өнердің аңызына айналған Болат Аюханов алматылықтарды «Аиданың» премьерасын тамашалауға шақырып жатыр. Осыдан жеті жыл бұрын 75 жасында сахнада билеп, балет үшін туатын нағыз біртуарлардың уақыт үстемдігіне бағынбайтынын, сыны мен сымбатының еш бұзылмайтынын бір дәлелдеген еді.
Сұхбат • 18 Қараша, 2020
Сарбас Ақтаев: «Егеменнің» ең басты ерлігі – қазаққа қазақ атын қайтарып бергені
– Сарбас аға, «газет – қоғам айнасы, тілші – жаңалық жаршысы» деген қоғамның озық насихатшысы бола жүріп, ұлттық журналистиканың аяғынан нық тұруына қызмет еттіңіздер. Бүгінгі «Егеменнің» ардагері ретінде айтарыңыздың көп екеніне де еш күмән жоқ...
Театр • 09 Қараша, 2020
Жақында 86-маусымының шымылдығын түрген Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры алғашқы премьерасын белгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арнап, ән еркесінің мерейтойына ерекше тарту жасады. Жеті ай бұрын карантинге жабылса да, жас көрерменімен байланысын үзбей, онлайн форматта жұмыс істеген қуыршақ театрының «Өмір-өзен» атты бұл қойылымы бір сағатқа жуық ән падишасының сырлы әуенімен сусындатып, ұлттық эстрада өнеріне жаңалық әкелген өткен жылдарға сапар шеккізіп, сахна арқылы саяхат жасатты.
Руханият • 09 Қараша, 2020
Қазақ шежіресі мен тарихында Матай Бөрібай батырдың есімі жоңғар отаршыларының зорлық-зомбылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы тұлға ретінде аталады. Бөрібай батыр Сарыұлы – шыққан тегі Найман, оның ішінде Матай руынан.
Кино • 06 Қараша, 2020
Пандемия тудырған «партизан киносы»
Авторлық болса да, коммерциялық болса да, кино қымбат өнердің қатарына жатады. Табысқа көміліп қалуды көздеп, кассаға жұмыс істейтін режиссерлер түгілі, шығынға батса да нағыз шыншыл кино түсірумен айналысатын шығармашылық иелерінің өзі болашақ фильміне мемлекет тарапынан бөлінер бюджеттің молдау болғанын қалап тұрады. Сондықтан «тегін» деген сөзді естісе, киноның төңірегінде жүргендер миығынан күліп, мазақтап кетеді. Ал кинематографияда тегін түсірілетін фильмдер бар және ол «партизан киносы» деп аталады.
Тарих • 04 Қараша, 2020
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бірлесіп ұйымдастырған «Мәлік Ғабдуллин: заман, тұлға, жад» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Кеңес Одағының Батыры, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 105 жылдығына арналған. Іс-шара 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Шақырылған спикерлер арасында Қазақстан, Ресей, Израиль, Германия және Эстонияның белгілі ғалымдары болды.
Руханият • 31 Қазан, 2020
Мәлік Ғабдуллин: Заман, тұлға, жад
ҚР Президенті Архивінде "Мәлік Ғабдуллин: заман, тұлға, жад" атты халықаралық дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 27 Қазан, 2020
Абай сынаған әдеттен әлі күнге арыла алмай келе жатып, «Абай өз қазағын сынап, келемежге айналдырып, мазақ еткен» деген бұралқы сөзді арагідік қоғам айдынына алып шығып, кеңірдегі созылғанша керілдесіп, дау-дамай жасауға құмарлар арамызда өріп жүр. Өз ұлтын жанымен жақсы көріп, жанашырлықпен жазғанын түсінбей тұрып, Абайды өз бойына сіңіре алмай жүріп, сөзді айдалаға ала қашатындардың тырнағынан ақынды арашалау осы жойдасыз әрекеттермен қатар жүріп келеді. Абайға шабуыл әр кезеңдерде болған, алайда заманының туы іспетті алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері асқақ тұлғаны орынсыз кінәлайтындарды, оспадарсыз тірлікті уақытында тыйып тастап отырады. Ұлттың рухани бағдаршамы сияқты Абайды қазіргі қазақ қоғамынан алыстатпаудың амалы қайсы? Мәселен, ара-тұра бұрқ етіп басылатын осы қиямпұрыс әңгімеге театр әлемі, сахна өнері қалай қарсы тұрып, азаматтық үнін қалай қосқан болар еді?
Абай • 21 Қазан, 2020
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 95-маусымы «Абайдың жұмбағы» атты жаңа премьерамен ашылды. Ұлт руханияты көшбасшысының бейнесі театр репертуарларынан берік орын алған белгілі драма персонажы ретінде өміршеңдігі ешқашан бәсеңдеген емес. Актерлер мен режиссерлердің шеберлігі артып, тәжірибесі молайған сайын ұлы Абайдың образына айналып соғып, әр кезеңнің талабынан келуі заңдылыққа айналғаны қашан.