Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Кино • 30 Сәуір, 2021

Алматыда жаңа бағыттағы Медиа және кино мектебі ашылады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Алматы Менеджмент Университетінің бірлескен құрылтайшылығымен Алматыда жаңа форматтағы Медиа және кино мектебі (Media & Film School) ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Кино • 29 Сәуір, 2021

Достық ізгілікті дәріптейді

Қазақ киносының тарихына үңілсек, орыс империализмінен пайда болған интернационализм кеңестік идеологияның алтын діңгегіне айналған уақытта әдебиет пен өнер дәріптеген ұлттар арасындағы достық тақырыбы ақ-қара түсті экранның ажырамас бір бөлігі болды. Қуатты идеологияның ең мықты қаруының бірі кино «өнердің ішіндегі ең маңыздысы» болғандықтан ынтымақ пен бірлік тақырыбы қоғам үшін маңызды әрі қажетті құбылыс саналып, бас­ты құндылық осы идеяның қазығына байланды.

Өнер • 23 Сәуір, 2021

Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді

Өнер • 22 Сәуір, 2021

Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»

Халық қазынасының, қасиетті салтымыздың құнарының бірі – би. «Би – халықтың жаны» деп бекер айтылмаған. Қазақ биін басқа бір елдің биімен шатастыру мүмкін емес. Өзегіне қазақтың өз мінезі секілді кеңдік, ұяңдық пен жайсаңдық ұялаған ұлттық биіміз көшпелі өмірден бастап бүгінгі тіршіліктің нақты көріністерін қимыл-буын тілімен айна-қатесіз баяндап келеді.

Өнер • 12 Сәуір, 2021

Сахнаның сандуғашы

Көргенде көз тоятын көркі, сымға тартқандай сымбаты болса, актерлік шеберлігі атойлап тұрса, бес қаруы бойында тұрған сахна әртісіне осыдан басқа не керек деп ойлаймыз.

Оқиға • 12 Сәуір, 2021

Алғашқы ғарыш айлағы

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде 2021 жылдың 12 сәуір күні адам баласының алғаш ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына орай «Байқоңыр – ғарыш айлағы» атты тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырылды.

Кино • 04 Сәуір, 2021

«Сұржекей» сипаты экранда неге сиреді?

Қазақ үш дүркін аштықты бастан өткерді. Қырдағы ауылдарға кезекті қоғамдық дағдарысты алып келген 1921 жылдан басталған ашаршылыққа биыл 100 жыл толып отыр.

Қоғам • 01 Сәуір, 2021

Алматыдан автобустар түнде аттанады...

Әлдеқандай шаруамен Алматыдан Шымкентке жол жүретін болдық. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің күндіз де ағылып жататыны белгілі, алайда, «атар таңға жүрсең де, батар күнге жүрме» дейтін кешегі қисын бүгінге жүрмейді, автобустар Алматыдан түнде аттанады.

Руханият • 20 Наурыз, 2021

Ұлттың үні Әнші Бағланованың батырлығы туралы

Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында «2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі әнсүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым», деп жазған еді.

Ғылым • 19 Наурыз, 2021

Мәмбет Қойгелдиев: Өткенді еңсеру – бүгінгі тарихтанудың міндеті

–Мәмбет Құлжабайұлы, карантин­ді кәдеңізге жаратып, «Қорғансыздың күнін кешкендер» деген кітап жазып тастағаныңызды естіп отырмыз. Бұл еңбегіңізде қандай сұрақтарға жауап іздедіңіз?