Қазақстан • 25 Тамыз, 2021
Кинотеатр көрерменімен көрікті
Бұрыннан келе жатқан дағдарыс пен қиындықты одан сайын тереңдетіп жіберген тәжтажалдың соққысынан тұралаған салалардың ішінде, әсіресе, киноөндірісі көбірек зардап шегіп отыр.
Өнер • 19 Тамыз, 2021
Төлтума туынды арқылы ғана жаттың жүрегіне жол таба аламыз
Үлкен сахна суреткері, жаңашыл театр режиссері Болат Атабаев бақиға аттанар алдында бой жазғандай болып Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына келіп, «Құлагерді» тамашалаған еді. Спектакль аяқталған соң театр актерлері алқа-қотан отыра қалып, ағаларын ортаға алып, пікіріне құлақ тосты.
Әдебиет • 16 Тамыз, 2021
«Бала Ілияс» бойы тұнған өлең-жыр
Қазақ әдебиетінің Құлагері, дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтің ауылында «Бала Ілияс» атты ескерткіш ашылды. Күні кеше ат шаптырып, ас берілген дүбірлі тойы аяқталған соң тағзым жасау жұмысы атқарылған шаралармен толасын тауып түйінделмей, керісінше, жауһар жырлары ел жадында мәңгі сақталған ұлы ақынды ұлықтаудың жаңа көкжиектері көрінді.
Әдебиет • 08 Тамыз, 2021
«Бөрте» Еуропаны бетке алып барады
Кейінгі жылдары әлемді кино және театр туындылары арқылы танудың кең көкжиегі ашыла бастаған тұста, прозасынан гөрі пьесалары алдыға шығып, кешегі оқырманын бүгінгі көрерменге айналдырып, онымен тиімді байланыс жасаудың тамаша тәсілін тапқан белгілі жазушы-драматург Дулат Исабековтің шығармашылығында жаңалық жиі алмасып тұрады.
Театр • 05 Тамыз, 2021
Межесі биік, мүмкіндігі мол ұжым
Заңмен бекітіліп, жылына бір рет берілетін кезекті еңбек демалысы жұмыс істейтін әр адам үшін, әсіресе шығармашылық адамы үшін аса маңызды. Жаз мезгілі жақындағаннан бастап демалысты есте қалатындай етіп өткізуді ойластырып, іштей түрлі жоспар түзу сүйікті ермектің біріне айналып, асыға күтеді. Денсаулыққа көңіл бөліп, шаршаған ағзаны қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат жинап қайтуға әркім құмбыл. Демалысқа кезектеспей-ақ бүкіл қызметкері бір мезгілде кетіп, қол ұстасып бірге келетін дәстүрі бар санаулы ұжымның бірі – театр. Апта басында Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының басшылығы жазғы еңбек демалысынан оралған ұжымдастарын тосын жағдайда қарсы алды.
Сұхбат • 29 Шілде, 2021
Қазақтың музыка өнері тірі тұрғанда, әкемнің аты өшпейді - Найля Рахмадиева
КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің қызы, А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрының режиссері Найля Рахмадиевамен сұхбат.
Өнер • 26 Шілде, 2021
«Пері қатын»: пайда ойлама, ар ойла
Әр жаңа премьераны асыға күтіп, сүйіп көретін театр табынушысы түгіл, спектакльді азды-көпті түсінігімен-ақ тарқатып, сахна өнеріне аса қызыға қоймайтын қарапайым көрерменнің өзіне Бертольд Брехтің есімі жақсы таныс. Ақын, жазушы, драматург Б.Брехт Станиславский, Немирович-Данченко жүйелеріне мүлде қарама-қарсы, оларды толықтай теріске шығаратын театр өнері туралы төл теория қалыптастырып, сахна өнерін реформалаған ірі қайраткер ретінде барлық кезеңнің режиссерлеріне тартымдылығын жоғалтқан емес. Әйтсе де, Брехт шығармашылығына күрделілік тән болғандықтан, пьесаларын қоюға режиссерлердің жүрегі дауалап бара бермейді.
Қоғам • 23 Шілде, 2021
Ауылдан анасы дайындап жіберетін құрт-майды табыс көзіне айналдырып, аз нәпақамен екі үйлі жанды бағып жүрген отыздың ішіндегі келіншек тіршілік тауқыметі жасытқан даусымен өткен өмірі мен болашақта болуы ықтимал қорқынышы туралы айтып отыр.
Өнер • 22 Шілде, 2021
Тілеуберді Бинашев: Тапсырыс шығармашылықты таптап барады
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашевпен сұхбат.
Қоғам • 19 Шілде, 2021
TikTok мәдениетті қалай матады?
Байқасақ, мәдениетке енетін жаңалықтар жымын білдірмей мысықтабандап келіп, мықтап тұрып орнығып алғаннан кейін нәтижесін бір-ақ көрсетеді екен.