Өнер • 30 Қараша, 2021
Манарбек Ержановтың 120 жылдығына орай «Ән сұңқар» атты концерт өтті
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында ұлттық мәдениетке, дәстүрлі ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан майталман әнші, сазгер, күйші Манарбек Ержановтың 120 жылдығына орай «Ән сұңқар» атты концерт болып өтті, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 30 Қараша, 2021
Алматыда «Бастау» халықаралық кинофестивалі басталды
Алматыда 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында өтетін IХ халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 29 Қараша, 2021
Тұңғыш Президентіміздің тағдырына ең қиын кезең тура келді
– Бибігүл Ахметқызы, бір ғажабы, 16 желтоқсанда сіз қос бірдей қуанышты – өзіңіздің және Тәуелсіздіктің туған күнін қатар атап өтеді екенсіз. Жетімдікті, аштық пен соғысты көрген сіз үшін бұл қастерлі күннің бағасы меншікті мерекеңіздің қуанышымен қосылғанда арта түсетіні белгілі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардың ақеділ шаттығы мен қиындығына алдымен өздеріңіз куә болдыңыздар, сондықтан сіз айтатын естелік те ерекше болуы тиіс...
Білім • 26 Қараша, 2021
Тауман Амандосовтың туғанына – 100 жыл
Қазақ журналистикасының алтын ұясы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Әдебиет • 26 Қараша, 2021
Жамбыл тойы – түркі халықтарының ортақ мерекесі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл апталығы аясында «Жамбыл және түркі әлемі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті.
Технология • 21 Қараша, 2021
Ресейге танымал бренд өнімдері Ozon, Amazon маркетплейстеріне де шыға бастады
Көк күртенің тұтас арқасы мен екі жан қалтасында басына қарқарадай етіп орамал салған, әлде биік етіп кимешек киген қазақтың сұлу қызы асыл тастардан сақина салған сүйрік саусақтарымен үлбіреп гүл ұсынған суреті тұр.
Кино • 18 Қараша, 2021
Алматыда «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды. Картинаны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарыққа шығару жоспарланған.
Театр • 15 Қараша, 2021
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры – шығармашылық ұжымы ауқымды, бірнеше буындағы өнер шеберлерінің қалың шоғырын қалыптастырған, Қазақстанның музыкалық орындаушылық өнерінің әлемдік мәдениетке қосқан бірегей үлесін көрсететін түрлі кезеңдердегі, бағыттардағы стиль мен жанрларының үйлесімінен тұратын, ұлттық және әлемдік опера мен балет туындылары репертуарынан берік орын алған дәстүрге бай Қазақстанның жетекші театры. 1934 жылы негізі қаланған театр тарихы елдің атын төрткүл дүниемен таныстырған өнер корифейлерінің, белгілі сахна майталмандарының есімімен тығыз байланысты өркендеп келеді.
Өнер • 10 Қараша, 2021
Әлемдік бейнелеу өнеріндегі ең әйгілі суретшілердің шедеврлеріндегі майда штрихтың өзінен құпия сыр аулап, жұмбағын шешуге талпынып жататын өнер зерттеушілерінің тірлігі былайғы жұрт үшін тым түсініксіз көрінетіні бар. Рентген қортындысын талдаған дәрігердей тілсіз картинаға сонша үңілгенде не тапқысы, қандай жұмбақты шешкісі келетіні, керісінше, басқалардың таңданысын тудырып жатады. Бірақ қиялына қанат бітіп, қылқаламды қолына алғанда санасы мен саусақтарын құдайдың өзі сүйемелдеп, шабытпен салдырған суреттердің астарында, расында да, ғажайып сиқыр бар екені анық. Себебі әр суретшінің есімінде өмір сырын танығысы келген бейнетті тағдыр бүркемеленіп, оның әр картинасының түбінде уақыт үні, ал әр жағылған бояуда жұмбақ әлемнің бір мәні жасырулы тұрады және ең ғажабы, ол шындық сөзбен суреттелгеннен гөрі, тамашалаған адамның өз түйсігімен танылып, сезімін тербей алса ғана жарқ етіп мәні ашылмақ.
Әдебиет • 09 Қараша, 2021
Қаламгердің биобиблиографиясы жарық көрді
Қазақ көркемсөзінің шебері, ерекше қолтаңбасы бар белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ш.Айтматов сыйлығының лауреаты Рахымжан Отарбаевтың туғанына биыл 65 жыл толар еді. Осы атаулы күнге орай және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында дүниеден өткен жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Рахымжан Отарбаев биобиблиографиясы» кітабы үш тілде жарық көрді. Кітаптың таныстырылымына жазушының жақындары, қаламгер достары, Атыраудан келген арнайы делегация, кітапсүйер қауым қатысты.