Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
474 материал табылды

Өнер • 10 Қараша, 2021

Жарығы мол көркем кеңістік

Әлемдік бейнелеу өнеріндегі ең әйгілі суретшілердің шедеврлеріндегі майда штрихтың өзінен құпия сыр аулап, жұмбағын шешуге талпынып жататын өнер зерттеушілерінің тірлігі былайғы жұрт үшін тым түсініксіз көрінетіні бар. Рентген қортындысын талдаған дәрігердей тілсіз картинаға сонша үңілгенде не тапқысы, қандай жұмбақты шешкісі келетіні, керісінше, басқалардың таңданысын тудырып жатады. Бірақ қиялына қанат бітіп, қылқаламды қолына алғанда санасы мен саусақтарын құдайдың өзі сүйемелдеп, шабытпен салдырған суреттердің астарында, расында да, ғажайып сиқыр бар екені анық. Себебі әр суретшінің есімінде өмір сырын танығысы келген бейнетті тағдыр бүркемеленіп, оның әр картинасының түбінде уақыт үні, ал әр жағылған бояуда жұмбақ әлемнің бір мәні жасырулы тұрады және ең ғажабы, ол шындық сөзбен суреттелгеннен гөрі, тамашалаған адамның өз түйсігімен танылып, сезімін тербей алса ғана жарқ етіп мәні ашылмақ.

Әдебиет • 09 Қараша, 2021

Қаламгердің биобиблиографиясы жарық көрді

Қазақ көркемсөзінің шебері, ерекше қолтаңбасы бар белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ш.Айтматов сыйлығының лауреаты Рахымжан Отарбаевтың туғанына биыл 65 жыл толар еді. Осы атаулы күнге орай және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында дүниеден өткен жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Рахымжан Отарбаев биобиблиографиясы» кіта­бы үш тілде жарық көрді. Кітаптың таныстырылымына жазушы­ның жақындары, қаламгер достары, Атыраудан келген арнайы делегация, кітапсүйер қауым қатысты.

Өнер • 01 Қараша, 2021

Алматыны тербеген «Аққу көлі»

Жазылғанына жүз жылдан асса да, кезеңдерге құрдас болып, уақытпен бірге түлеп, балет деген атаудың бір баламасына айналып кеткен атақты «Аққу көлі» екі күн бойы Алматы жұртына естен кетпес кеш сыйлады. Операның отаны Италия болса, балеттің өніп, өркен жайған құтты мекені – Ресей, бекзат өнерді бүкіл әлемге мойындатқан Мәскеудің Үлкен театрының қос бірдей белгілі бишісінің орындауында аққулар тағдырын тамашалау – адам өмірінде де, мәдениетте де күнде бола бермейтін сирек сәттердің бірі.

Аймақтар • 29 Қазан, 2021

«Самаурыныңыз сарқылмасын»

Алыста қалған ауылды еске алғанда кер­нейінен түтіні будақтап, сексеуілдің шоғына сақылдап қайнап, екі иінінен дем алып, қою күрең шайымен жан жадыратып, дастар­қанның сәнін келтіретін ақ самаурын аңсатпай қоймайды.

Қазақстан • 28 Қазан, 2021

Тарихтың көшбасшы ұлы ұмытылмайды

Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғы­лым академиясының академигі, Мем­лекеттік сыйлықтың және Пре­зиденттің бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 90 жыл­дығына арналған «Тарихшы және оның заманы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Кино • 27 Қазан, 2021

Отандық кино саласындағы білімнің болашағы

Болашақ мамандығын кино индустриясымен байланыстыруды жоспарлап жүрген жас журналистер, сыншылар мен сценаристерді кім және қалай даярлайды? Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен пікірталас алаңының басты тақырыбы өзектілігімен назар аудартты.

Өнер • 22 Қазан, 2021

Мұқағали мұңы

Ұлттық киномызда тарихта із қалдырған жеке адамның тағдырына негізделген өмірбаяндық фильмдер жоқтың қасы. Алғаш «Мұқағалидың» жарнамасы пайда болғанда кинодағы культ кейіпкерлердің кемшіндігі еске түсті. Дерегі аздық етсе де, дәлдіктен ауытқып, автордың қиялымен байытылған дүние болса да, көрермен өзі табынатын адамы туралы тереңірек білгісі келеді және бұл тарапта жасалған сынық сүйем дүние далада қалмайды. Себебі өнер тілінде суреттелген талант тағдыры туралы кез келген көркем туындыға көрермен қызығушылығын жоғалтқан емес.

Өнер • 21 Қазан, 2021

«Қарагөз» жасырған шындық

«Қарагөзді» қоймаған қазақ театры жоқ. Талай талантты буын­ның тұсауын кескен М.Әуезовтің шығармасын әр кезеңнің ре­жис­серлері өзінше қабылдап, жаңаша сахналауға тырысып келеді.

Өнер • 18 Қазан, 2021

Камералық зал композитордың есімін иеленді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының камералық залына КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дирижер, күйші-композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің есімі беріліп, мемориалдық тақтасы ашылды.

Өнер • 17 Қазан, 2021

Камералық зал композитордың есімін иеленді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі.