Аймақтар • 17 Мамыр, 2022
Қасым хан бейнеленген алып картина Алматы қаласындағы Зейнолла Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің қабырғасына салынды.
Қоғам • 16 Мамыр, 2022
Топырақтың құнарын арттырып, ауаны тазартатын, жазда сая, қыста қамсау болатын көкжелектің қасиеті көктемнен бастап білінеді. Көктемдегі игі дәстүр, қайырлы істің бірі – тал егіп, ағаш отырғызу. Бұрыннан да көрікті жерді көгалдандыра түсіру мақсатымен жақында «Қазақфильм» киностудиясының аумағына еліміздің белгілі киногерлері ағаш отырғызып, сауапты іс жасады.
Өнер • 11 Мамыр, 2022
Әр ойнаған рөлі ұлттық сахна өнері мен отандық кинематографияның қалыптасуына қызмет етіп, мәдениетіміздің ірі табысына айналған Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Өмірінің маңызды кезеңін халқымен бірге атап өтудің игі дәстүрін қалыптастырған сахна серкесінің бұл жолғы мерейтойының ұйымдастырылу пішіні өзгеше болды. Драма өнерінің барлық жанрын бағындырып, трагедиялық, комедиялық кейіпкерлердің алуан түрлі образын жасаған сахна саңлағы бұл жолы «Өнерім – өмірім» атты интерактивті спектакльдің басты қаһарманына айналды.
Кино • 09 Мамыр, 2022
Жаудың үрейін ұшырған «Саша қазақ»
Қазақстан кинематографиясындағы басты шындықтың бірі – ерлік пен отаншылдықты дәріптеуді мақсат тұтқан көркем картиналарда ұрыс даласындағы ұлы ерлікті көрсететін қиян-кескі шайқасты әскери дәлдікпен сенімді суреттеу тәсілі кемшін. Әскердің әлеуетін, соғыстың сұмдығын арнаулы тақырып етіп жанрлық, авторлық картиналар түсіруге мұқтаждық әлі тумаған да болуы мүмкін, бірақ кинорежиссурадағы осы кемшілік соғыс тақырыбына арналған ат төбеліндей аз ғана фильмдерден анық байқалып қалады.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2022
Құрылған күнінен бастап ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі күзетінде күрделі белестерді абыроймен арқалап келе жатқан Қарулы Күштердің 30 жылдық мерекесін Алматыдағы Президент Архиві де атап өтті. Архив басшылығы атаулы күн аясында «Тәуелсіз ел әскері: Міндет. Абырой. Ерлік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, іс-шара қатысушыларына тақырыпқа сай тарихи-құжаттық көрмені таныстырды.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2022
Қарулы Күштер туралы құнды құжаттар
Мазмұны ұлттық идеямен өрілген әрбір мемлекеттік стратегиялық құжатта әскери қауіпсіздік мәселесі қашанда басымдыққа ие болып келеді. Ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құралы саналатын сала жұмысын көпшілікке таныстыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі бірлесіп, Қарулы Күштердің құрылуының 30 жылдығына орай «Қуатты Армия – қуатты Қазақстан» атты тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Өнер • 29 Сәуір, 2022
Рүстем Әбдіраш: Жеңіс пен жетістіктің бастауында бірлік тұрады
Театр • 26 Сәуір, 2022
Театр әлеміне өзгеше құбылыс болып келген талантты режиссер, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Фархад Молдағалидың «Құлагер» дастанын драма тілінде сөйлеткеніне де биыл үшінші жылдың жүзі толыпты. Бәйге мен бақталастықты, аламан мен арпалысты тұлпар тұяғының дүбіріне сыйдырған «Құлагер» спектаклі сахналанған күннен бастап сыншы біткеннің бағасын алып, сахна сайыстарында топ жарумен келеді. «Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас, артынан жөнелгенде жетпес жылқы». Құлагердің өлеңдегі өр сипаты шабыт пен шеберліктің үйлесімінен туған спектакльден де көрініс тапты.
Қоғам • 25 Сәуір, 2022
Жанарының сәулесі көмескі тартса да, қара түнек ішінен таяғымен түртінектеп жол тауып, әр күнінен мән іздеп, өмірін мағынамен жалғап жүрген зағип жандардың мәселесі тек көпқабатты үйлерге пантус салып берумен немесе көше қиылысына сөйлейтін бағдаршам орнатып берумен шешілмейді. Көзі көрмейтін адамдардың көпшілігінің жанарында жарық болмағанымен, айналасын тереңірек сезінетіні, ең нәзік дыбыстың өзіне елітетін ерекше қасиеті бары баршаға белгілі ақпарат.
Өнер • 22 Сәуір, 2022
Шынар Жанысбекова: Өнегелі тағдырдың шуағы өміріңе сәулесін түсіреді
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбековамен әңгіме.