Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Сұхбат • 12 Маусым, 2022

Нұрлан Оразалин: «Жауыңды басындырма, Халқыңды ашындырма!»

Көк Түріктер дәуірінің көсемі Тоныкөктің осы бір құдыретті сөзімен сұхбатымыз басталды.

Қазақстан • 07 Маусым, 2022

Қилы кезеңнің жазықсыз құрбандары

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» атты Мемлекеттік комиссияның Жұмыс тобының дөңгелек үстелі болып өтті. Жиын аясында А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – мәңгілік тұлға» тарихи-құжаттық көрмесі ұйымдастырылды.

Өнер • 06 Маусым, 2022

Made in KZ музыкасын қолдайтын уақыт жетті

Алматыда заманауи қазақстандық музыканың алғашқы ауқымды фестивалі өтеді. Фестиваль ((beu fest)) деп аталады. Алғаш рет бір алаңда жаңа толқынның ең жарқын өкілдері бас қосып, өнер көрсетеді. Пандемия кезіндегі оқшау өмірдің өзінде жас таланттар шығармашылық өнерін өркендетіп жатты. Бұл фестивальдің басқа өнер жәрмеңкесінен ерекшелігі – әртүрлі стиль мен жанрда ән айтатын түрлі бағыттағы қазақстандық жас музыканттардың басын бір алаңда біріктіру.

Референдум • 05 Маусым, 2022

Алматы аумақтық референдум комиссиясының басшысы шағымдарға жауап берді

Алматы аумақтық референдум комиссиясының басшысы келіп түскен шағымдарға байланысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 01 Маусым, 2022

Мәні зор моноопера

Биыл қазақтың әдебиеті мен тарихына теңдессіз көркем туынды сыйлаған Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл, ал жазушының есімін әлемге әйгілі етіп, ұлылыққа бөлеген «Абай жолы» эпопеясының жазылғанына 80 жыл толып отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Италияның Джузеппе Верди атындағы сыйлығының иегері, профессор Шахимардан Әбілов ұлт руханиятындағы айтулы оқиғаны дәріптейтін дәстүрінен жаңылмай, Абай атындағы ұлттық Опера және балет театрының залында «Ой толғау» атты үш бөлімнен тұратын моноопераның алғашқы бөлімін ұсынды.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Құрбандар есімі ұмытылмауға тиіс

Алматы халқы арада жүз жыл өтсе де қасіреттің жа­сы әлі құрғамағанын көк­тен көздің жасы тамған­дай нөсерлете жауған жаң­быр­дың астында тұрып се­зінді. Жыл сайын 31 ма­мырда ашқұрсақ баласын құшақтап, аштық­тан әл­сіреген ананың бей­не­сіндегі саяси қуғын-сүр­гін және ашаршылық құр­бан­дарына орнатылған ес­керт­кіш тү­біне жиналатын шаһар тұр­ғын­дары атаулы күн­ге орай зұл­мат жылдары опат бол­ған асыл бабаларын еске алды.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Кітап жәрмеңкесі – мереке һәм маңызды табыс көзі

Жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан «Алматы кі­тап жәр­меңкесі» биыл да ойлы оқыр­маны мен баспа үйлерінің, танымал қаламгерлердің басын қосып, Алматы қаласындағы Ғылым Орда­с­ы орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы атшаптырым алаңды үш күн бойы нағыз рухани көмбеге айналдырды. Қаз-қатар тізілген аппақ шатырларда қызып жатқан кітап саудасы Қазақстан өнер шеберлері шырқаған әнмен сүйе­мел­деніп, шаһар аспаны шабытпен оқылған ақындар жыры мен төгілген күйге тербеліп тұрды.

Қазақстан • 29 Мамыр, 2022

Ұлт рухы – ұрпақ мұраты Қазақстанның І мәдениет форумы өтті

Мәдениеттің алтын бесігі Алматы шаһары екі күн бойы заманауи мәдени үдерістің ең маңызды мәселесін талқылаған ашық диалог алаңына ай­нал­­ды. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қала­сы әкім­дігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткізілген Қазақстанның І мәде­ниет форумы музыка, театр, кино, кітапхана, музей, архив секілді руханият са­ласында қызмет ететін 500-ге жуық өкілінің басын қосып, жаһандану жағ­дайын­дағы мәдени құндылық және оның қоғамға әсері, мәдениет дамуының бағдары туралы өзекті ойды ортаға салып, шешімін бірлесе іздеп, талқылады.

Қоғам • 19 Мамыр, 2022

«Музей түні» бағдарламасымен балаларды қуантты

Қазақстанның ірі мәдени орталығы саналатын Алматы қаласында 27 мемлекеттік және жекеменшік музей бар. Тарихи-рухани сұраныс себебімен ашылған осы музейлердің әрқайсының өз тарихы, өз жәдігерлерінің жинағы бар. Халықаралық музейлер күні кәсіби мерекесіне орай өткізілетін «Музей түні» мерекелік іс-шарасына қатысу таңдауының қиынға соғатыны да сондықтан. Бір түнде отызға тарта музейдің бәрін аралап, арнайы әзірленген мерекелік бағдарламасымен танысып шығу әсте мүмкін емес. Әйтсе де, бұл мерекеде Мемлекеттік орталық музейді, Ә.Қастеев атындағы Өнер музейін және Н.Тілендиев атындағы мемориалды музейді аралап шығуды жөн көрдік.

Өнер • 18 Мамыр, 2022

Актриса – ақтарылу

Ұлттық сахна өнеріне қызмет етіп жүрген актерлер ансамблінің арасында бір жұлдыздың ерекше жарқырайтынын осы шоғырға көз салып, бақылап, бағалап жүрген көрермен жақсы біледі. Таланты толықтай мойындалған, аласармаған асқақ болмысы талайларды тамсантқан. Оның алпыс екі тамырынан туабітті табиғи асқақтық, мінез еркіндігі, қадір-қасиетін сезінген биіктік, бар дүниені құшағына сыйдырғысы келетін кеңдік, ең бастысы, сезімін жасыра алмайтын шынайылық пен жанның нәзіктігі сезіліп тұрады. Сахнаның «Ең әдемі келіншегі» Лидия Кәден барлық образдарын осы мінезімен ашып, көрерменді осы сипатымен баурап келеді.