Өнер • 01 Қараша, 2021
Жазылғанына жүз жылдан асса да, кезеңдерге құрдас болып, уақытпен бірге түлеп, балет деген атаудың бір баламасына айналып кеткен атақты «Аққу көлі» екі күн бойы Алматы жұртына естен кетпес кеш сыйлады. Операның отаны Италия болса, балеттің өніп, өркен жайған құтты мекені – Ресей, бекзат өнерді бүкіл әлемге мойындатқан Мәскеудің Үлкен театрының қос бірдей белгілі бишісінің орындауында аққулар тағдырын тамашалау – адам өмірінде де, мәдениетте де күнде бола бермейтін сирек сәттердің бірі.
Аймақтар • 29 Қазан, 2021
Алыста қалған ауылды еске алғанда кернейінен түтіні будақтап, сексеуілдің шоғына сақылдап қайнап, екі иінінен дем алып, қою күрең шайымен жан жадыратып, дастарқанның сәнін келтіретін ақ самаурын аңсатпай қоймайды.
Қазақстан • 28 Қазан, 2021
Тарихтың көшбасшы ұлы ұмытылмайды
Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың және Президенттің бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 90 жылдығына арналған «Тарихшы және оның заманы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Кино • 27 Қазан, 2021
Отандық кино саласындағы білімнің болашағы
Болашақ мамандығын кино индустриясымен байланыстыруды жоспарлап жүрген жас журналистер, сыншылар мен сценаристерді кім және қалай даярлайды? Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен пікірталас алаңының басты тақырыбы өзектілігімен назар аудартты.
Өнер • 22 Қазан, 2021
Ұлттық киномызда тарихта із қалдырған жеке адамның тағдырына негізделген өмірбаяндық фильмдер жоқтың қасы. Алғаш «Мұқағалидың» жарнамасы пайда болғанда кинодағы культ кейіпкерлердің кемшіндігі еске түсті. Дерегі аздық етсе де, дәлдіктен ауытқып, автордың қиялымен байытылған дүние болса да, көрермен өзі табынатын адамы туралы тереңірек білгісі келеді және бұл тарапта жасалған сынық сүйем дүние далада қалмайды. Себебі өнер тілінде суреттелген талант тағдыры туралы кез келген көркем туындыға көрермен қызығушылығын жоғалтқан емес.
Өнер • 21 Қазан, 2021
«Қарагөзді» қоймаған қазақ театры жоқ. Талай талантты буынның тұсауын кескен М.Әуезовтің шығармасын әр кезеңнің режиссерлері өзінше қабылдап, жаңаша сахналауға тырысып келеді.
Өнер • 18 Қазан, 2021
Камералық зал композитордың есімін иеленді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының камералық залына КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дирижер, күйші-композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің есімі беріліп, мемориалдық тақтасы ашылды.
Өнер • 17 Қазан, 2021
Камералық зал композитордың есімін иеленді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті өнер шаңырағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филарманиясының басшылығы жағымды жаңалық сүйіншіледі.
Өнер • 11 Қазан, 2021
Әр дәуір Шыңғыс ханның тарихи тұлғасына өз көзқарасымен қарайды. Әлімсақтан әлем билеушісінің тарихи тұлғасына қызығушылық ілкі сәт тоқтаған емес. Тарих қоржыны ұлы қаған туралы дерекке толы. Аңыз керек пе – ертегіге бергісіз елітеді, ғылыми-зерттеулермен танығыңыз келе ме – кертіп алсаң да, түгесілмейді, әдеби шығарма оқисыз ба – қалауыңыз білсін, фильм көргіңіз келе ме – таңдағаныңызды тамашалаңыз, суреті мен мүсініне сұқтанғыңыз келе ме – саусақпен шертіп жүріп сусындаңыз.
Өнер • 10 Қазан, 2021
Түркістан тағы бір рухани ордамен толықты
Күн өткен сайын түрленіп келе жатқан қасиетті Түркістан қаласының архитектуралық ансамблі көз тартар жаңа сәулетті ғимаратпен толықты, деп жазады Egemen.kz.