Руханият • 15 Мамыр, 2019
«Халық университеті» сабағы қайта жанданды
М.Әуезoв aтындaғы Әдебиет және өнер институты кезiнде ұзaқ жылдaр бoйынa aкaдемик Рaхмaнқұл Бердiбaев бaсқaрып, ел ықылaсынa бөленген «Хaлық университетiнiң» үзiлiп қaлғaн дәрiстерiн Елбaсының «Бoлaшaққa бaғдaр: рухaни жaңғыру» бaғдaрлaмaсы aясындa қaйтa сaбaқтaды. 1963 жылы Мұхтар Әуезoв музей-үйiнде хaлыққa ғылыми-көпшiлiк бiлiм тaрaту мaқсaтымен aшылғaн қoғaмдық негiздегi oқу oрны әлеуметтiң, мәдениет пен рухaнияттың өзектi тaқырыптaрын көтерудi, тaлдaп, тaлқылaуды жaқсы үрдіске aйнaлдырғaн едi.
Сұхбат • 30 Сәуір, 2019
Дулат ИСАБЕКОВ: «Гауһартас» қаралағаннан құлап қалмайды
Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: «Гауһартас» қаралағаннан құлап қалмайды
Қоғам • 19 Сәуір, 2019
Ғарыштық санаға бойлаған суретші
Қадым замандардан табиғат бағынған жаратылыс заңын бақылап, оған өз пайымымен бойлап, ой түйінін жасауға ұмтылу адам өмірінің мәніне айналған. Ғарыштың заңы ешқашан өзгермейді және ол мейлінше қатал. Жер бетіндегі тіршілік не ексең, соны орасың деген ұлы моральды үнсіз мойындап тұр. Жел тұрғызған адам дауылға тап болады. Адам жерге қарағаш егіп тұрып, одан алма не өрік жемісін күтпейді. Сол секілді жамандық жасауға бейім адам ізгіліктен үміттенбегені жөн. Ал күн секілді күліп тұрған жұмсақ жандар өзгенің жүрегіндегі мұзды ерітеді. Сондықтан, адамдар, айналаға сүйіспеншілікпен қараңдар, ғарышпен кіндіктес кеңістіктің заңдылығын бұзбаңдар!
Руханият • 15 Сәуір, 2019
Түркі сарынын толғаған «Тұран»
Халық әндеріне тербеліп өскен біз анда-санда көмекей әнін естіп қалсақ, тар өкпені толтыра, ұзын өңешті қуалай шыққан қарлығыңқы дауыстың я жат, я жақын екенін қапелімде ажырата алмай тұрғанда, көне заманның қойнауындағы көк түріктің үні құлағымызға талып жеткендей тамыр-тамырда қалғып кеткен ескі ақпараттың бәрі біртіндеп оянып, арқаландыра бастайтынын тұла бойымызбен сезінетініміз бар.
Руханият • 09 Сәуір, 2019
«Сотталған» әндер авторын тапса игі
Авторлары ұмытылып қалғандықтан халық әні аталып кеткен немесе біреудің әнін екінші композиторға апарып телу, авторы белгілі бола тұра, иесіне қайтаруға асықпау, осыған байланысты музыка зерттеушілері мен жанашырлары арасында талас-талқының дүркін-дүркін туындап тұруы ән өнерінде бұрыннан бар үйреншікті жайтқа айналған.