Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024
Тоқтату үшін оқ ату керек болды
Абай облысында полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін табельдік қару қолданды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 29 Қаңтар, 2024
Сейсмограф құралын ойлап тапты
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның 9-сынып оқушылары Айжан Жұмабекова мен Шұғыла Уалхан тұрмыстық қалдықтардан сейсмограф құралын ойлап тапты. Құралды сейсмикалық қауіпті аймақтарда, жаңадан басталған құрылыс нысандарында қолдануға болады.
Білім • 29 Қаңтар, 2024
Семей қаласында жоғары IT колледжі ашылады
Биыл Семей қаласындағы Радиотехника және байланыс колледжі базасында жоғары ІТ колледжі ашылады. Ғимарат жобасы«Smart Campus» яғни, «Ақылды үй» жүйесіне бағдарланған, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Абай гарнизонының инженер-саперлері «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығының далалық жаттығу полигонында жауынгерлік дайындық сабақтарын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Абай ауданындағы сайлаушылармен кездесу өткізді.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясының тең төрағасы Руслан Берденов Абай облысына сапарында Семей қаласындағы бірқатар нысанда болып, кездесулер өткізді.
Руханият • 03 Қаңтар, 2024
«Ойхой, Абай даласы «Абайлаған», Семей десе, Абай деп қарайды адам» деп Мұқағали ақын жырлағандай, ақынды осы тарихи қаласыз ойға оралту да, елестету де мүмкін емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен облыстың атауы ұлы ақынның атымен аталған соң, бұл шаһардың тарихи маңызы бұрынғыдан да күшейе түсті.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2023
Семейде Президент еңбегін бағалаған мүсіншінің туындысы бүлінді
Абай облысының орталығы Семей қаласындағы «Арбат» алаңында «Құлын мен бала» атты тамаша туынды бүлінді. Қала сәні үшін қойылған, қоладан құйылған бұл мүсін өткен жылдың күзінде ғана «Мәңгілік ел» көшесінің бастауына орнатылған еді. Шағын алаңның бір жақ қапталында Семей қалалық әкімдігі орналасқан.
Өнер • 17 Желтоқсан, 2023
Семейде «Жалғыз арша» халықаралық ән байқауы басталды
Бүгін Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының және Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Жалғыз арша» атты дәстүрлі ән байқауы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Нұрали Амангелдиев Бородулиха ауданы Жезкент кенті мектеп-лицейінің 8-сыныбында оқиды. Жаңалыққа жаны құштар жас өрен жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойын жобасын әзірлеп, жұртты елең еткізді.