Шаруашылық • 22 Тамыз, 2023
Абай облысы Жарма ауданы аумағымен өтетін жолға түскен адамның назарына жайқалған күнбағыс егістігі бірден түседі. Құдды осынау ұлан-ғайыр алқаптан алтын шапақ төгіліп, арбап тұрғандай әсер қалдырады. «Жақсыны көрмекке» деген ниетпен иелігіне алған жерді игілігіне ұқсатқан азаматтың кім екенін білуге тырыстық.
Партия • 21 Тамыз, 2023
Жұртшылыққа берілген уәде орындалып келеді
«Amanat» партиясының Абай облыстық филиалында облыс мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттағы «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының төрағасы Шағангүл Жанаеваның қатысуымен брифинг өтті.
Жәдігер • 16 Тамыз, 2023
Қазақта ел басқару ісінде де, адамдық биік парасатымен де өз заманының қайраткер тұлғасы ретінде есімі ел ішінде аңыз болып айтылып, бүгінге жеткен Тана Тілемісұлының туғанына биыл 220 жыл толып отыр. Құнанбай Өскенбайұлының замандасы һәм құдасы болып сыйласқандығын тарихи деректер растайды. Яғни Құнанбайдың бір баласы Ысқақ Тана бидің немере қызы Тектіге үйленіп, одан Кәкітай дүниеге келген.
Спорт • 14 Тамыз, 2023
«El sport» ұйытқы болған ерекше марафон
Абай күні мерекесі ұлы ақынның туған жерінде үш күнге ұласқан түрлі мәдени іс-шаралармен ел есінде қалды. Соның ішінде шоқтығы биігі Абай облыстық әкімдігінің, денешынықтыру және спорт басқармасы мен Әлихан Бөкейхан және Шәкәрім университеттерінің, түрлі деңгейдегі демеуші компаниялар мен кәсіпкерлердің қолдауымен, «El sport» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өткізілген ультрамарафон болды. Ғалым әрі танымал марафоншы Рамазан Салықжановтың жетекшілігімен жүзеге асқан ультрамарафонға елімізден және шет мемлекеттерден барлығы 16 спортшы қатысып, «Семей-Жидебай-100 миль» (160 км) және «Семей-Бөрілі-50 миль» (80 км) қашықтықта бақ сынады.
Қоғам • 08 Тамыз, 2023
Жазғы демалысын қызықты өткізу әр балаға маңызды. Әсіресе өзі қатарлас достарымен бірге қырға шығып, арнайы ашылған демалыс лагерьлерінде болып қайтқаннан асқан бақыт жоқ. Алакөл жағасындағы «Үржарайым» балалардың демалыс орнында Абай облысының әр ауданынан оқушылар он күнге келіп, тынығып қайтады. Олар – негізінен көп балалы отбасылардан шыққан, пәндік олимпиадаларда, білім сайыстарында топ жарған оқушылар.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Абай облысында жаңадан құрылатын аудандар қатарында Мақаншы елді мекені аталғаны белгілі. Қазіргі күнде құрамына 27 ауылдық округі енетін Үржар ауданына қарасты Бақты ауылы осы Мақаншы аумағында орналасқан. Мақаншының маңдайы қашан жарқырайтыны – өз алдына бөлек тақырып. Ал Бақты – көршілес Қытай еліне тікелей тұмсығын тіреп жатқан және сонымен қатар кедендік бақылау нысаны орналасқан үлкен ауыл.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Мемлекеттік сатып алу: Заң бұзу азаймай тұр
Абай облыстық прокуратурасы жыл басынан бергі атқарған жұмыс қорытындысында түрлі сала бойынша орын алған заң бұзушылықтар туралы мәлімет берді.
Таным • 20 Шілде, 2023
Биыл – қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын-философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл. Атаулы дата аясында жыл соңына дейін сан түрлі рухани-мәдени шаралар жалғаса беретіні белгілі. Ал осы уақытқа дейінгісінің ең елеулісі өткен аптаның ортасында ұлы тұлғаның ұрпақтары Семейге келіп, одан әрі қарай «Шәкәрім жүрген ізбенен...» атты арнайы ұйымдастырылған экспедиция құрамында Шыңғыстау қойнауына барып, екі күн сапарлатқаны болды. Бұл мерекелік шара Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Аймақтар • 16 Шілде, 2023
Абай облысында тағы да өрт тұтанды. Бұл жолы Бесқарағай ауданында. Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдегендей, «Шошқалы» демалыс аймағынан шыққан өрт 350 гектар аумақты шарпыған.
Білім • 13 Шілде, 2023
Бүгінде білім беру саласының қай сатысын болсын, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жайлап алғаны белгілі. Еліміздің қай облысын алып қарасақ та сыбайлас жемқорлық фактілері негізінен осы салаға жауапты басшылардың атын күн сайын әйгілеп жатыр.