Төтенше жағдай • 24 Мамыр, 2023
Алтайдағы өрт: Қауіптің беті қайтып келеді
Мамыр айының 22-сі күні Ресей Федерациясының Алтай өлкесіне қарасты Локтев ауданы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануынан басталған өрттің Абай облысының аумағанына өтіп кеткені барлық күштік құрылымдардың жұмыла кірісуіне түрткі болды. Екі тәуліктен бері бет қаратпай тұрған қызыл жалын Бородулиха ауданындағы алқаптарға жайылды. Қазіргі уақытта Абай облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағында өртті сөндіруге барған құтқарушыларға көмек көрсетіп жатыр.
Қоғам • 17 Мамыр, 2023
Ономастика мәселесіне жүрдім-бардым қарауға болмайды. Өйткені елді мекендердегі ескірген атаулардан құтылуды желеу етіп қана қоймай, реті келсе, «көкесіне көше беріп, ауылының атын атасына ауыстырудың» ыңғайын іздегендер де аз емес. Алайда жергілікті атқарушы билік дәл осы мәселеге жете мән беріп отыр.
Құрылыс • 17 Мамыр, 2023
Бұл күнде облыс орталығы мәртебесін иеленген Семей қаласында көп қабаттты тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Мұндайда құрылыс сапасын қатаң бақылау қажет.
Марапат • 09 Мамыр, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін семейлік ардагер Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2023
Семей қаласындағы Шөже Қаржаубайұлы атындағы көшенің бойынан алыстан көз тартатын еңселі әрі әдемі ғимарат бой көтерді. Бұл – Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері үшін салынған ерекше үлгідегі жатақхана.
Үкімет • 24 Сәуір, 2023
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Абай облысына сапары аясында алдымен әлеуметтік-стартегиялық маңызы бар нысандардың жағдайын зерттеп-зерделеуге баса назар аударылды.
Мәдениет • 18 Сәуір, 2023
Аңыздар еліндегі ғашықтар байқауы
Ұлттық тәрбиелік мәні зор «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне орай (15 сәуір) Аягөз ауданында ұйымдастырылған облыстық байқау жоғары деңгейде өтті. Шараның Аягөзде өтуінің де өзіндік мәнісі бар. Ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жеткен Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарының Таңсық ауылынан көз тартып тұрғаны белгілі. Сол себептен де байқауға қатысушылар мен арнайы келген қонақтар алдымен қос ғашық мәңгілік мекен тапқан жерге барып, тағзым етті.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2023
Игерілмеген жер ел игілігіне жарамай отыр
Иелігіне жер алғанымен, оның игерілуіне салғырт қарап, ауылдағы ағайынның игілігіне жарамды жайылымдық жердің өзіне ауыз салатын алпауыттарды заң аясында жөнге салу былтыр басталғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың жер мәселелері бойынша тексерулер жүргізуге берген тапсырмасына сәйкес, қазір Абай облысында да осы бағыттағы жұмыс біртіндеп қарқын алып келеді.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2023
Іргетасы қаланғанына он жылдың жүзі болған «Қарағайлы» шағын ауданында әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан әлеуметтік мәселе жетіп артылады. О баста Семей қаласының дамуына, тұрғындарының болашағына қуат беретіндей көрінген «Қарағайлыға» қоныс аударған жұртшылықтың ішінде, әсіресе көпбалалы отбасылардың атқарушы билікке айтар шағымы шашетектен.
Жұмыс • 11 Сәуір, 2023
Кадр тапшылығы қалай шешілмек?
Еңсесін енді тіктей бастаған Абай облысында мемлекеттік қызметкерлер құрамын нақтылау, өз ісінің білікті мамандарын табу әлі күнге дейін өзекті мәселе болып отыр. Қазір де лайықты кадр табуды былай қойғанда, облыс орталығында басқармаларды ғимаратпен қамтамасыз ету, лайықты кеңсесін табу да күн тәртібінен түспей тұр.