Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
80 материал табылды

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2023

Ел үмітін ақтағандар

«Абай жастары» жастар ресурстық орталығы жанында негізі қаланып, 2023 жылдың қаңтар айынан жұмысын бастаған «Абай жастары» волонтерлік фронт-офисінің жаңалықтары аз емес. Жастар орталығының мәліметіне сүйенсек, облыста 4 мыңға жуық волонтер қоғамдық істерге белсене араласып жүр. Сонымен қатар волонтерлік бағытта 8 ҮЕҰ, 23 оқу орны базасындағы волонтерлік ұйым және 19 бастамашыл топ тіркелгенін де айта кеткен жөн.

Халық • 06 Желтоқсан, 2023

Қоныс аударуға ниеттілер қатары артты

Өңірлерді дамыту мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінен еңбек күшін, білікті мамандарды тартып, отбасыларымен қоныстандыру, жұмыс орындарын ұсыну Абай облысында да қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының шеңберінде Абай облысына 584 адам (217 отбасы) қоныс аударған екен. Оның 196-сы атажұртқа ат басын тіреген қандасымыз болса, 388-і өзге облыстардан қоныс аударушылар қатарында.

Білім • 01 Желтоқсан, 2023

Институттың Семей филиалы ашылды

Қашан да қазақ руханиятының қайнар көзі саналатын Семей шаһарындағы Шәкәрім университеті жанынан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының филиалы ашылды.

Аймақтар • 30 Қараша, 2023

Саяси реформаның сәтті бастамасы

Семей қаласында «Та­рап­тар арасындағы өза­ра түсініс­тікті те­рең­­дету» атты конференция ұйым­дас­тырылды. Алқалы жиын­ның басты мақ­са­ты – елімізде алғаш рет қа­нат­қақты жоба ре­тін­де өткен аудан және қала әкім­де­рін сайлау үдерісін қоры­тын­ды­лап, Прези­дент­тің бұл ба­ғытта іске қосқан бас­та­маларына үнқосу.

Құқық • 28 Қараша, 2023

Адамдық кетсе, ар кетер

Қазіргі күнде отбасындағы тұр­мыстық зорлық-зомбылық, ерлі-зайыптылардың өзара кикіл­жіңінен туатын түрлі оқи­ға­лар қоғамдық сипат алып, өзекті мәселеге айналып бара жат­қаны ақиқат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та от­ба­сы­­лық құндылыққа кері әсе­рін тигізетін бұл келеңсіз жайтты­ айрықша назарға алғаны белгілі.

Қоғам • 27 Қараша, 2023

Әскерилер күзгі бал мерекесін атап өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Абай гарнизонындағы 54770 әскери бөлімінде  әскери қызметшілердің  «Алтын күз» атты күзгі бал мерекесі ерекше қызықты көріністерімен көз тартты. Патриоттық-мәдени шараға әскери бөлімдегі ең мықты сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Абай өңірлік әскери гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 23 Қараша, 2023

«Ақылды» велосипед

Аягөз қаласындағы көпбейінді мектеп-гимназиясының 10-сынып оқу­шылары Жанерке Ысқақова, Жәния Әлімғазина, Жанерке Зәкірова және Әйгерім Ержанқызы Ecobike деп аталатын жаңа жоба жасап шықты.

Үкімет • 21 Қараша, 2023

Өңір депутаттары халықпен тығыз байланыста

Биыл көктемде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткені белгілі. Бұл сайлауды Президент ұсынған саяси реформалардың жалғасы деуге әбден болады. Ең басты ерекшелігі – ел арасында беделі бар, белсенді тұлғалардың саясатқа келуіне, қоғамдық ықпалына жол ашылғандығы.

Аймақтар • 17 Қараша, 2023

Абай облысының дәрігерлері қызылшаға қарсы вакция алуға шақырды

Абай облысы бойынша қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Семей қаласында - 44, Аягөз ауданында - 12, Үржар ауданында - 11 және Жарма ауданында - 8 факті анықталған. Бұл туралы Абай өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Қараша, 2023

Ел берекесі еңбекпен артады

Жақында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданына барған сапарында Шар қаласына арнайы ат басын бұрып, жергі­лікті жұртшылықпен жүздесті. Өңір басшысының тұрғындар­­­­мен өткізген кездесуі тоғыз жолдың торабында орналасқан кенттің болашағы жақсарып, дамуына серпін беретінін аңғартты. Нұрлан Тельманұлы бірқатар нысанды аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.