Абдолла ДАСТАН
Абдолла ДАСТАН«Egemen Qazaqstan»
200 материал табылды

Туризм • 02 Тамыз, 2023

73 жастағы қария әлемді жаяу араламақ

Ұлытаулық 73 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов 2 тамыз­дан бастап әлемді жаяу аралауға аттанады. Ол 2022 жылы 181 күннің ішінде 8 мың шақырым жол жүріп, еліміздің барлық өңірін аралап шыққан еді. Сол саяхат «Ұлытауға бардың ба?» деп аталған болса, жаңа сапарға «Саяхаттау ешқашан кеш емес» деген ұран таңдап алынды.

Аймақтар • 23 Шілде, 2023

«Жол мұраты» – біту

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрі Марат Қарабаев Ұлытау облысында жұ­мыс сапарымен болды. Ол бір­қатар нысанды аралап, халық­­пен кездесті.

Қоғам • 21 Шілде, 2023

Велосаяхатшы Жұмабай ақсақал

Бұрынғы ақтөбелік теміржолшы, жетпістегі ­зейнеткер Жұмабай Отар­ғалиев биыл велоси­педпен ел аумағын түгелдей аралап шығуға бел буған екен. Ол ұлт ұясы – Ұлытауға да жетті.

Музей • 11 Шілде, 2023

Мәкеннің музейі

Жезқазғанның солтүстік – батысында 40 шақырымдай қашықтықта Жезді кенті орналасқан. Кеңес одағының марганец өндіретін негізгі кен орны – Никополь фашистердің қол астында қалып қойған кезде танк құрастыруға аса қажетті сол шикізаттың осы жерден табылғанын естіген Гитлер «Сталин қайдағы бір Жезді дегенді тауып алыпты» деп жынданып кете жаздаған деседі. Ал мұртты көсем күн сайын телефон шалып, кеніштің жұмысын тікелей өзі бақылап отырған көрінеді. Сөйтіп, осылайша, кешегі сұрапыл соғыс жылдарында небәрі 38 күнде пайдалануға берілген марганец кеніші Жездінің атын берісі одаққа, әрісі әлемге әйгілі еткен еді. Ал қазір кішкентай ғана кенттің атағын осында орналасқан «Мәкен Төрегелдин атындағы Тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі» аспандатып тұр. Бұл неғылған музей? Мәкен Төрегелдин деген кім?

Жәдігер • 10 Шілде, 2023

Халифа Алтайдың тақиясы

«Жүрген аяққа жөргем ілінеді» дегенге тағы бір мәрте көзіміз жетті. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, кенші, ақын Мұса Тілеуов екеу­міз ардақты ақсақал Яхия Асатов аға­мызға сәлем бере бардық.

Көрме • 09 Шілде, 2023

Өңірдегі өнім өндірушілер байқауы

Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облыста алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары», «Бір ауыл–бір өнім» байқауының өңірлік көрме-байқауы өтті.

Сенат • 04 Шілде, 2023

Ұлытауда байыпталған ұлттық құндылықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлытау облысының мәслихат депутаттары, ақсақалдары, жастары өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде Мемлекет басшысы тапсырмаларының өңірде орындалу барысы, Сенат пен мәслихаттың өзара іс-қимы­лының жаңа форматы, ақсақалдарды қоғам институтының дамыту мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі кеңінен сөз болды.

Қоғам • 02 Шілде, 2023

Жазуға жорға журналист құрт қайнатып, күбі піседі

Жезқазған қаласында «Жезказганский вестник» деп аталатын газет бар. Атауы орысша болғанмен қазақ, орыс тілдерінде жарық көреді. Аймақтағы аптасына екі мәрте шығатын бірден-бір газет. Бас редакторы – Эльвира Алпанбаева. Баспасөзді дүниеге алып келген де – өзі.

Аймақтар • 27 Маусым, 2023

Жоспар да, жұмыс та көп

«Облысымыздың құрылғанына жақында бір жыл толды. Осы уақытта ауыз толтырып мақтанатындай нәтижеге, өкінішке қарай, жеткен жоқпыз». Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы баспасөз мәслихатын осылайша бастады. Мұны әкімнің «Барды бар, жоқты жоқ» деп айтқысы келгені деп түсінген едік, солай болып та шықты.

Несие • 26 Маусым, 2023

Несие көп, кепіл жоқ

Жақында облыста «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша алғашқы сертификаттар табысталды. Бір қарағанда, сүйіншілейтіндей-ақ жағдай. Бірақ...