Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 28 Қараша, 2019

Қарағандыда «Жайдарман» фестивалінің жеңімпазы анықталды

Кеншілер астанасында Қарағанды облысы әкімінің кубогы үшін «Жайдарман» фестивалі өтті. Аталған шараны облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі тізе қосып ұйымдастырды.

Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Жезқазғанда көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінің қарсаңында Жезқазған қаласында екі көпбалалы отбасы баспаналы болды. Байкенжиновтер мен Жұмағұловтар отбасыларына жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова табыс етті.

Аймақтар • 26 Қараша, 2019

Қарағандыда «Бір Отан. Бір Тағдыр. Бір Елбасы» атты көрме ашылды

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Бір Отан. Бір Тағдыр. Бір Елбасы» атты көрме ашылды. Тәрбиелік мәні зор бұл мәдени шара аясында жұрт назарына  тарихи тұрғыдағы құндылығы жылдан жылға артып келе жатқан жәдігерлер ұсынылған.

Аймақтар • 25 Қараша, 2019

Қарағандыда «Чак-Чак Байрам» мерекесі өтті

Кеншілер астанасындағы «Достық үйінде» еліміздегі татар және башқұрт конгресі өкілдерінің ұйымдастыруымен «Чак-Чак Байрам» мерекесі өтті.

Аймақтар • 25 Қараша, 2019

Қарағандыда «Қазақ асүйінің бірегей тағамдары» атты гастрофестиваль өтті

Кеншілер астанасында Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ асүйінің бірегей тағамдары» атты республикалық гастрофестивальдің аймақтық кезеңі мен байқауы өтті.

Аймақтар • 19 Қараша, 2019

Қарағандыда ресурстық орталық ашылды

Кеншілер астанасында мұғалімдерді білім беру тұғырнамаларын қолдануға үйрететін цифрлық технологияларды дамыту ресурстық орталығы ашылды.

Аймақтар • 19 Қараша, 2019

«Шахтер» ФК-ның атқарушы директоры тағайындалды

«Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры болып Ерлан Оразаев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов таныстырды.

Аймақтар • 14 Қараша, 2019

Ит жүгіртіп, құс салды

Ұлттық спорттың бір тармағына жататын құмай тазы, қыран құспен аң аулау өнері елімізде кешенді түрде дамып келеді. Бұған таяуда Қарағанды облы­сындағы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде өткен «Ұлы дала мұрасы» халықаралық турнирінде көзді анық жеткіздік.

Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Қарағанды облысында жаңа мешіт пайдалануға берілді

Кеншілер астанасындағы «Күнгей» шағын ауданында жаңа мешіт салынды. Алланың жердегі үйінің салтанатты ашылу рәсімінде жергілікті тұрғындарды Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа құттықтады.

Руханият • 12 Қараша, 2019

Қарағандыда Мәди атындағы республикалық байқау өтті

Кеншілер астанасындағы «Шалқыма» концерттік залында өткен Мәди Бапиұлы атындағы дәстүрлі  IV республикалық байқауда еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан барлығы 34 жас әнші бақ сынады.