Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Спорт • 02 Қараша, 2021

Алпысында – әлем чемпионы

Жуырда Португалияның астанасы Лиссабонда дзюдодан ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында қарағандылық балуан Нәсіпқұл Тыныбаев топ жарды. Алтын жүлде үшін болған тартысты белдесуде ол аустриялық Рейнхольд Курц есімді мықты балуанды тізе бүктіріп, алпыс жастан асқанында әлем чемпионы атанды.

Коронавирус • 02 Қараша, 2021

Қарашада қайталап егіледі

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация қараша айының үшінші онкүндігінде басталатыны айтылды. Маман-дәрігерлер тұрғындарға кросс-ревакциналаудан өтуді ұсынып отыр.

Тарих • 28 Қазан, 2021

Кешегінің кебежесі

Өткен ғасырдың 30-шы жыл­дары жасалған кебеже Жезді кентіндегі Мәкен Тө­ре­­гелдиннің есімін иеленген тау-кен және балқыту ісі та­­рихы музейіне қойылды. Аталған тұрмыстық бұйым мұ­­ражай жылнамасына жиыр­ма мыңыншы жәдігер болып тір­келді.

Елорда • 27 Қазан, 2021

Қойшыбековтің қолында – «Алтын Гефест»

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Astana Mining & Metallurgy-AMM 2021 халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінде жезқазғандық металлург Нұржан Қойшыбековке «Алтын Гефест» сыйлығы берілді.

Спорт • 25 Қазан, 2021

Аида – әлем чемпионы!

Грекияның Салоники қа­ласында самбодан жастар және жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының мүшесі Аида Тойшыбекова толайым табысқа қол жеткізді.

Аймақтар • 22 Қазан, 2021

Дарындының «баққаны» – динозавр

Республикалық «Дарынды жас ғалым-2021» ғылыми-зерттеу жобалары байқауында Теміртаудағы Тоқтар Әубәкіров атындағы гимназияның 3-сынып оқушысы Александр Алиев тамаша табысқа қол жеткізді. Аталған сайыста оның динозаврлар туралы жұмысы «Дарын» аталымы бойынша үздік деп танылды.

Аймақтар • 22 Қазан, 2021

Ескі үйлердің екінші өмірі

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы тоқыраудан қалған «ескерткіштің» бірі – қаңырап, бос тұрған көпқабатты үйлер. Бұлар әлі күнге дейін моноқалалар мен ірі елді мекендерде жиі ұшырасады. Мамандардың айтуынша, иесіз қалған бұл үйлерді сырып тастаудың өзіне қыруар қаржы кетеді екен.

Қазақстан • 21 Қазан, 2021

Саранның ұзын сәкісі

Саран қаласында жастардың бас қосып, бос уақытын бірге өткізетін алаңқай пайда болды. Қалаға кіреберіс тұста орын тепкен саябақтағы бұл жерде жастардың демалысы үшін барлық жағдай қарастырылған. Мысалы, мұнда от жағатын шұңқырға дейін бар.

Театр • 20 Қазан, 2021

Бас жүлде екеу болды

Кеншілер астанасында көрнекті театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, Мемлекеттік және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты Әшірбек Сығай атындағы республикалық театр фестивалінің қорытынды­сы шығарылды.

Спорт • 19 Қазан, 2021

Бәрекелді, Виктория!

Түркістан қаласында үстел теннисінен 2008 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғаған Виктория Мочалкина абсолютті жеңімпаз атанды.