Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 19 Қазан, 2021

Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды

Балқаш қаласының іргесіндегі Қоңырат шағын ауданының ежелден келе жатқан өзекті мәселесі бар-тын. Бүгінге дейін аталған елді мекеннің тұрғындары үйлерін ескірген қазандықпен жылытып келген еді. Қазандық қуатының жетіспеушілігіне байланысты әр жылыту маусымында қоңыраттықтар суықтан қатты зардап шегетін.

Аймақтар • 19 Қазан, 2021

Ерекше балаларды елегендер

Қарағандының іргесіндегі Пришахтинск елді мекенінде Atlant спорттық-сауық­ты­ру орталығы ерекше қажет­ті­ліктері бар адамдардың да спортпен айналысуына баса мән береді. Мысалы, мұндағы қолайлы пандус, лифт, тұтқалар, арнайы кө­тергіштер, санитарлық арбалары бар дәретхана және жуынатын бөлмелер мүм­кіндігі шектеулі адамдарға арналып жасалған.

Туризм • 15 Қазан, 2021

Ақсораң шыңына шықты

Апта соңында Skif-Qaragandy альпинистік клубының мүшелері Ақтоғай ауданындағы Ақсораң биігіне шықты. Ақсораңның ұшар басы теңіз деңгейінен есептегенде 1565 метр болады екен. Яғни ол – Орталық Қазақстан аумағындағы ең биік тау.

Аймақтар • 14 Қазан, 2021

Құрылыстың қарқыны қуантады

Қарағанды облысында биыл жалпы көлемі 662 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілмек. Мұндай көрсеткіш кейінгі 30 жылдың ішінде болып көрмеген екен. «Бұл – рекордтық көрсеткіш», дейді қазірдің өзінде облыс басшылығы сенімді түрде.

Театр • 13 Қазан, 2021

Театрлар тартысқа түсті

Арқа төсінің мәдени өмірі айрықша оқиғаның куәсі болды. Кеншілер астанасында белгілі театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығай атындағы республикалық театр фестивалі тұңғыш рет тұсауын кесті. Аталған өнер байқауын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар ішіндегі ең ірісі деп айтуға әбден болады.

Әдебиет • 12 Қазан, 2021

Дауылпаз жырдың додасы

Кеншілер астанасында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілуде. Осы аптаның соңында республикалық деңгейдегі «Сен нет­кен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі Қасым оқулары ақталып, поэзия және вокал жанрлары бойынша өткен сайыстың жеңімпаздары анықталды.

Руханият • 09 Қазан, 2021

Қарағанды Қасымын ардақтады

Кеншілер астанасында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілуде. Таяуда республикалық деңгейдегі «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі Қасым оқулар ақталып, поэзия және вокал жанрлары бойынша өткен сайыстың жеңімпаздары анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 07 Қазан, 2021

Қоқыс тазалау жарысы

Қарағанды жастары қаланың таза болуын жанымен қалайды және де олар мұнысын іспен дәлелдеп жүр. Мысалы, жуырда ғана қаладағы колледждердің студенттері «Тазалық күні» акциясы аясында өткен спорттық плоггингке қатысып, айналаны қоқыстан тазартты.

Қазақстан • 06 Қазан, 2021

Мердігер мерзімнен неге кешікті?

Қарағанды облысында ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш тас жолын қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұрын бұл жол екі жолақты, табаны қарама-қарсы келген көлік сүйкенісіп өтердей өте тар еді. Сапасы да сын көтермейтін: апат жиі болып жататын, қаншама адам осы жолдың бойында көз жұмды десеңізші?!

Аймақтар • 05 Қазан, 2021

Меценаттың ұлы марапаттады

Қарағанды облысында мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында еңбегі жанған бір топ ұстазға лайықты сый-құрмет көрсетілді. Оқушылар сарайында өткен салтанатта үздік мұғалімдер медальдармен, төсбелгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.