Туризм • 19 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында туризм тың серпінмен дамиды
Онлайн есеп беру барысында Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысында туристер үшін жаңа демалыс орындарының пайда болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Қарағанды облысының оқушыларына ыстық тамақ тегін беріледі
Жеңіс Қасымбек онлайн есеп беру кезінде Қарағанды өңірінде жаңа оқу жылынан бастап мектептерде тегін тамақ алатын балалар санының артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Қарағанды облысының әкімі ел алдында онлайн режімде есеп берді
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы жыл сайынғы дәстүрлі есебін биыл онлайн режімінде берді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
КСРО күйреп, оның орнына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылып жатқан тұста тәжік-ауған шекарасындағы жағдай шиеленісе түскен болатын. Ауған содырлары күзеті кем шекарадан есірткі мен қару-жарақ өткізіп, қарулы топтар тұтас Орталық Азияның тыныштығына қауіп төндіре бастаған еді. Міне, осы кезеңде ТМД-ға мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің 1992 жылғы 9 қазандағы «Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өздерінің сыртқы шекараларында тұрақты жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастығы туралы» келісіміне және 1993 жылғы 22 қаңтардағы «Тәжікстан Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттік шекарасы учаскесінде жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» шешіміне сәйкес бітімгершілік операциясы жүзеге асырылды.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Тиімді жұмыс тығырықтан алып шығады
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Жиын барысында ол өңірдің өткен жылы пандемияның салдарынан туындаған қиыншылықтарға, сын-қатерлерге қалай төтеп бергені және биыл қандай маңызды істер, ірі жобалар күтіп тұрғаны жайында егжей-тегжей баяндады.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейіндегі елді елең еткізер жәдігердің бірі – атақты «Максим» маркалы пулемет. Оқты қарша борататын қарудың бұл түрі өткен ғасырдың басындағы қанды соғыстарда кеңінен қолданылған.
Бокс • 17 Ақпан, 2021
Топаевтай тарлан табылмай тұр – Қанат Жақсыбаев
Қазақ боксында Қанат Жақсыбаевтай өзіндік қолтаңбасы бар бапкерлер саусақпен санарлықтай-ақ. Қолтаңба демекші, шәкірттерінің өнеріне қарап отырып-ақ кеңестік бокс мектебінің түлегі саналатын Жақсыбаев-жаттықтырушының мәнерін жазбай танисың. Ол – ойлы да өрнекті боксқа арқа сүйеген ұшқыр қимыл, ентелеп келген қарсыласты тәубесіне түсіретін тойтарма соққыға иек артқан текті бокс. Төмендегі әңгімемізде біз талай таланттың шаршы алаңда тұсауын кесіп, бокс әлемінің көкжиегіне самғатқан саңлақ бапкердің, жаны жайсаң азаматтың көңіл түкпіріне үңілуге тырыстық.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Қарағандының қарқыны: Елбасының арманы жүзеге қашан асады?
Осыдан үш жыл бұрын Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келгенде еліміздің Тұңғыш Президенті кеншілер астанасы миллион тұрғыны бар қалаға айналуы керек деген болатын. Елбасының осы сөзі қозғау салды ма екен, іле облыс орталығында құрылыс қарқын алды. Тіпті бұл үдеріске былтырғы індеттің үдеуі де, карантиндік шектеулер де тежеу бола алмады.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2021
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу сынды маңызды іс-шараға үлкен дайындықпен келгендерін айтады. Бүгінде өңірде арнайы құрылған 35 арнайы вакцина орталығында 115 екпе бөлмесі ашылып, жұмыс істеп тұр.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Қарағандыда өндірілген «Спутник V» вакцинасы ресми тіркелді
Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасы Денсаулық сақтау министрлігіндегі сараптама ұйымының қорытындысын алып, ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.