Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Тағайындау • 15 Ақпан, 2021

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2021

Қарағандыда Сара Назарбаеваның мерейтойына орай телекөпір ұйымдастырылды

Кеншілер астанасында жергілікті «Bolashaq» академиясы мен Теміртаудағы  Қарағанды индустриялық университеті Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Алпысқызының 80 жылдық мерейтойына байланысты «Мейірімділік, махаббат және гуманизм нұры» атты халықаралық телекөпір ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономика • 11 Ақпан, 2021

Күн сәулесінен күш алған

Қарағанды облысында баламалы энергия көздерін дамыту қарқынды бағыт алды. Мысалы, қазіргі таңда өңірдегі «жасыл» энергетиканың қуаттылығы 300 мегаватқа жетті. Бүгінде облыста төрт бірдей күн электр стансасы қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек тағы да жаңа нысандар салу жоспарда бар.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Атадан қалған адал ас

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Атадан қалған адал ас» атты жаңа этнографиялық онлайн-жобасы аясында ұлттық тағамдардың көне рецептері мен оларды әзірлеудің алғашқы әдістерін жаңғыртуды қолға алды.

Бокс • 08 Ақпан, 2021

Қарағанды облысының жас боксшылары жеңімпаз атанды

Ақтөбе қаласында 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының боксшылары тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 05 Ақпан, 2021

Техникаң сай болсын, фермер

Қарағанды облысының фермер­лері үшін 2020 жылдың жеміс­ті болғаны рас. Астықтың мол орылғанына, көкөністің қоймаға сыймай кеткендігіне техника күші мен жанар-жағармай қорының жеткілікті болғаны қомақты үлес қосқан еді.

Экономика • 05 Ақпан, 2021

Құрылыс жаңа леппен қарқын алды

Қазір Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алған. Бір сөзбен айтқанда, кенші­лер астанасы мен өңірдегі шағын қалалардың өзі күннен-күнге өсе түсіп, өркен жайып келеді. Мы­са­лы биыл облыста 662 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деген берекелі жоспар бар. Бұл былтырғы көрсеткіштен әжептеуір асып түседі.

Спорт • 04 Ақпан, 2021

Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы ел кубогын жеңіп алды

Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы жолындағы турнирдің финалдық жекпе-жегінде Өскеменнің «Торпедо» командасы мен қарағандылық ұжым «Сарыарқа» күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Қарағандыда жекпе-жек өнерінің шеберлеріне құрмет көрсетілді

Жауынгерлік өнер қауымдастығы Қарағанды облыстық филиалының басшысы Ерден Халилин мен ММА өңірлік федерациясының президенті Владимир Абросимов жекпе-жек шебері Бауыржан Қуанышбаев пен оның бапкерлерін ММА турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 04 Ақпан, 2021

Алимент автокөлігінен айырды

Әкелік парызына атүсті қарайтын әумесерлер көбейіп барады. Ажырасып кеткен әйелінің қолында қалған баласына алимент төлемей, қашып жүрген әкелерді осылай атасақ, артық кетпеспіз.