Аймақтар • 11 Наурыз, 2021
Құбырларды ауыстыруға қомақты қаржы қажет
Кеншілер астанасы сынды алып шаһарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Бұл іспен айналысатын «Қарағанды Су» ЖШС соңғы 10 жыл ішінде ұзындығы 685 шақырым болатын су құбыры желілерін ауыстырған. Ал бұл дегеніңіз, жалпы сумен жабдықтау желілерінің 65%-ын құрайды.
Қоғам • 11 Наурыз, 2021
Балаға бағытталған қылмыстың бәрі ауыр
Мамандар кәмелетке толмағандарға қатысты, атап айтқанда, балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстың түп тамырын зерттегенде, олардың көбісінің жақын адамдар немесе отбасы мүшелері тарапынан жасалатынын анықтаған екен. Ал қазіргі таңда бұл шетін мәселенің шешімін табу – күн тәртібіндегі өткір мәселенің бірі болып тұр.
Тағайындау • 09 Наурыз, 2021
Қарағанды облысында басқарма басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Абзал Жайлыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Ардана есімді ару қыз ұшқыш болуды жасынан армандаған екен. Бала кезінде техникалық тақырыптағы журналдардың бірінен көрген «МиГ-29» әскери ұшағының суреті әсершіл жастың болашақ тағдырына тікелей әсер етеді деп кім ойлаған?..
Руханият • 05 Наурыз, 2021
Жезқазған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ләззат Төлеуғалиева – Қарағанды облысы бойынша құтқарушылар қатарындағы азаматтық қорғау полковнигі шенін алған тұңғыш әйел. Нәзік жанды жаратылыс иесінің мұндай дәрежеге жетуінің түп-тамырында түрлі сыннан сүріндірмей алып шыққан тектіліктің болмауы мүмкін емес деген ойға еріксіз беки түсесіз.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2021
Теміртаудың елімізге, қала берді Қарағанды облысына берерінің мол екені рас. Бірақ көрсетіп отырған құқайы да аз емес. Бұл құқайдың аты – экологиялық қасірет. Жыл сайын осындағы алпауыт кәсіпорын – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық кешенінен ауаға 230 мың тоннадан астам зиянды қалдық тарайды екен. Бұл дегеніңіз, қаладағы әрбір тұрғынның төбесіне 11 тонна улы қоқыс төккенмен бірдей. Мұны енді қасірет демегенде қалайша атауға болады?
Руханият • 03 Наурыз, 2021
Күні кеше Қарағанды қаласының құрылғанына 87 жыл толған еді. Осы датаға орай Арқа төсіндегі алып шаһардың тұрғындары әлеуметтік желілердің арнасында сүйікті қалаға арналған жүрекжарды лебіздерін ақтарып жатты. Сондай құттықтаулардың бірінде қарағандылық ақын Дәулет Ырысбайұлының «Қарағанды вальсі» атты әніне түсірілген әуесқой бейнеролик те ғаламтордың бір қуысынан жарқ еткен. Сазы да, назы да жүректі бірден жаулап алар бұл әннің желі қолданушылардың көбіне тосыннан жасалған сыйдай әсер еткені анық еді.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Абай атындағы аудан мен қала күрделі кезең сынағынан абыроймен өте алды ма?
Былтыр еліміз қазақ халқына ғана емес, әлемге хакім атымен әйгілі болған Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Бұл игі іс-шарадан Арқа төсіндегі Абай ауданы мен оның орталығы Абай қаласы да тыс қалмады. Әттең, әлемнің өзін әбігерге салған «жаман тұмау» болмағанда, ұлы ақынның есімін иеленген аудан мен қала құлашын кеңге сермер еді.
Тағайындау • 02 Наурыз, 2021
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының әкімі болып Советбек Медебаев тағайындалды.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Қарағанды облысында көкпар ойынына деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, спорттың бұл түрін кешенді түрде дамыту қолға алына бастады. Бүгінде облыстың жаңадан іріктелген құрама командасы Үштөбе ауылындағы «Бәйтерек» қонақжайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.