Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 09 Сәуір, 2021

Тасқынға тас-түйін дайын

Қарағанды облысы аумағындағы сай-салада қалыңдығы бір метрге жуық қасат қар әлі жатыр. Егер бүгін-ертең күн күрт жылитын болса, бұл қардың қауырт еритін түрі бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов мәлімдеген болатын.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2021

Қарағандылықтар жаппай егуге қамдануда

Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенова ұсынған мәліметке сай, өңірде бүгінге дейін ресейлік Спутник V вакцинасының бірінші компонентімен 11 207 адам, ал екіншісімен 5 634 адам егіліпті.

Руханият • 08 Сәуір, 2021

Таңыбай батыр – тұғырда

Мойынты кенті – Шет ауданында орын тепкен ірі темір жол стансасы. Алматы және Балқаш бағытынан тартылған болат жол осы елді мекенге келгенде түйіседі. Қазіргі уақытта бұл ауылда екі мыңнан астам адам мекен етеді.

Өнер • 07 Сәуір, 2021

Ұлытаудың таңғажайып табиғаты

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында фотосуретші Дмитрий Ругистің «Қасиетті Ұлы­тау» атты фотокөрмесі ұйым­дас­тырылды. Келушілер назарына автордың «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қо­рық-мұражайында бірнеше жыл қатарынан түсірілген туындылары ұсынылды.

Бокс • 05 Сәуір, 2021

Тұрсынбай Құлахмет қомақты гонорарға ие болды

Біріккен Араб Әмірлігінің ірі қаласы Дубайда өткен бокс кешінде венесуэлалық Эбер Рондоны (20-1, 13 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңген Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) гонорары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2021

Қарағандылық полицейлер құны 24 млрд теңге болатын есірткі тәркіледі

Қарағанды облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірге жүргізілген арнайы операциялар барысында Қарағанды, Ақмола облыстарында және Павлодар қаласында жұмыс істеп келген төрт есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руханият • 01 Сәуір, 2021

Дүзеннің құладүздегі кесенесі

Ұлытау ауданына қарасты Қаракеңгір өзенінің оң жағалауындағы Қарақұдық сайында орын тепкен кесене Дүзен Сандыбайұлына тиесілі. Алашахан мазарынан аумайтын бұл кесене Орталық Қазақстанда ХІХ ғасырда бой көтерген ғұрыптық ескерткіш болып саналады.

Спорт • 31 Наурыз, 2021

Ұзын бойлы ұландар топ жаратын күн жақын

Баскетболдан таяуда ғана аяқталған Жоғары лига командалары арасындағы Қазақстанның XXIX чемпионатында Қарағанды облысының «Қарағанды» клубы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Мұндай деңгейдегі додаға тұңғыш рет түсіп отырған ұжым үшін бұл – үлкен жетістік. Таяуда аталған кәсіби клубты өзі құрып, қазіргі уақытта оның басшысы болып қызмет ететін Дастан Аяпбекке жолығып, өзімізді қызықтырған бірнеше сұраққа жауап алған едік.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Табиғаттың төресі

Піл сауырлы Арқа төсінде туризм туралы әңгіме қозғалғанда, алдымен көнеден қалған мұралары жадыны жаңғыртқан Ұлытаудың, көкше теңізі көбігін шашып шалқыған Балқаштың, тұмса табиғаты таңдайды қақтырған Қарқаралының ауызға ілігетіні заңды әрі түсінікті.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Қарағанды облыстық МСҚБ басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Қайрат Қамзин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.