Руханият • 21 Сәуір, 2021
Таяуда газетіміздің Қарағанды облысындағы тілшілер қосынына мүгедек баласы бар жалғызбасты ана хабарласып, көмек сұрады. Өзі бес қабатты «хрущевка» үйдің жоғары пәтерінде тұрады екен: көктемде қар ерігенде, жазда жаңбыр жауғанда төбеден су сорғалап ағатын көрінеді.
Бокс • 21 Сәуір, 2021
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Польшаның Кельце қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының мүшелері сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 21 Сәуір, 2021
Шет ауданының аумағында орын тепкен Талды тарихи-археологиялық паркі – тас, қола дәуір, ерте темір ғасыры, орта ғасыр және заманауи этнографиялық кезеңдерді қамтитын ескерткіштердің шоғырланған жері.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Балқаш қаласында өткен жылы хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай әдеби аялдама пайда болған еді. Биыл бұл қатарға тағы бір аялдама қосылып, қаланың келбетін ғана емес, рухани дүниесін де байыта түсті.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысында «жаман тұмауға» қарсы жаппай екпе салу кеңінен жүзеге асырыла бастады. Әуелде бұл іске үрке қараған ағайын қазір вакцина салдырудың қажеттілік екенін ұғына түскен.
Оқиға • 15 Сәуір, 2021
Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін Жазғы Олимпиаданың ашылуына 100 күн қалғаны кеншілер астанасында елеусіз қалмады.
Руханият • 14 Сәуір, 2021
Балқашта тұратын жас кәсіпкер Жансая Әбдімәлік бала кезінен неше түрлі кәдесыйлар жасауға құмар болатын. Өсе келе осы ермегі өзінің жеке кәсібіне айналды. Бүгінде ол даму ерекшеліктері бар балаларға арналған бизиборд ойыншықтарын жасаумен айналысады.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Қылмысты дер кезінде құрықтайды
Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, қырағы көз бейнекамералар болмаса, қаншама тәртіп бұзушылық пен қылмыс көзден таса болып қалатыны жаға ұстатарлықтай. Мысалы, өткен жылы Қарағанды облысы бойынша олардың көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылып, 27,5 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мүмкін болған екен.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2021
Қарағандыда карантин күшейтілді
Қарағанды облысында жаман тұмау жұқтырғандар саны күннен-күнге бой бермей барады. Өткен аптаның ішінде бұл көрсеткіштің екі еседей өскені бұл сөзімізге толық дәлел бола алады. Міне, жағдай осылай қалыптасқан соң, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин өңірде 12 сәуірден бастап амалдың жоқтығынан карантин режімін күшейту туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2021
Кесенеден кешенге дейін: Жошы хан тарихи-мәдени нысанының құрылысы биыл аяқталады
Қарағанды облысы бойынша «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан басты жобаның бірі және бірегейі – Жошы хан кесенесі маңындағы тарихи-мәдени кешеннің құрылысы.