Аймақтар • 15 Маусым, 2021
Теміртау қаласында он саусағынан өнері тамған Евгений Бондаренко деген азамат тұрады. Өзі онлайн-сауда саласында жұмыс істегенімен, бос уақытының басым бөлігін техниканың тілін меңгеруге арнайды.
Аймақтар • 13 Маусым, 2021
«Бұйратау» – туристерге бұйырған сый
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды еліміздің сұлу табиғатын сақтап қалу ісіне барынша атсалысуға, сонымен бірге туризм мен демалыстың сан түрлі бағытын дамытуға көңіл бөлуге шақырып келеді. «Еліміздің таңғажайып жерлерінің әрқайсысын дамыту үлкен ыждаһаттылықты, тиісті қаржы қорын қажет етеді. Сонымен бірге туризмге жұмсалған әрбір теңге он есе табыс әкелетінін де ұмытпаған жөн. Сондықтан біз қажетті инвестицияны салып, еліміздегі барлық туристік жерлерде қолайлы жағдай тудыруымыз керек», деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Медицина • 10 Маусым, 2021
Мысты шаһар Жезқазғанда ерекше қажеттіліктері бар балаларға деген қамқор көзқарас қуантады. Мысалы, таяуда ғана осы қаладағы медициналық орталық базасында оңалту орталығы ашылып, бұрыннан бергі қордаланған көптеген мәселенің оң шешім табуына игі ықпалын тигізе бастады.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Қарағанды облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша аса күрделі жағдайға тап болған-ды. Өңірдің біраз уақыт «қызыл аймақ» құрсауынан шыға алмай, індеттің таралуымен табанды түрде күресуіне тура келген еді. Енді міне, облыста эпидемиологиялық жағдай жақсарып, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңір «сары аймаққа» өтті.
Спорт • 09 Маусым, 2021
Кеншілер астанасындағы «Таңшолпан» балалар үйі спорт саласындағы жетістіктерімен лайықты түрде мақтана алады. Нақты айтар болсақ, аталған мекеменің тәрбиеленушілері футбол және велоспорттан Еуропа елдерінде өткен жарыстарда үздік нәтижелерге талай мәрте қол жеткізген.
Өнер • 04 Маусым, 2021
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Juldyzai халықаралық онлайн-фестиваліне Ресей, Грузия, Өзбекстаннан және біздің елімізден 10-18 жас аралығындағы үш мыңға жуық өнерлі жеткіншек қатысып, бақ сынады.
Спорт • 03 Маусым, 2021
Қарағанды гарнизонының әскери полиция капитаны Заңғар Әлкенов былтыр Жаңаарқа ауданындағы Атасу кенті мен Қарағанды қаласы арасындағы 200 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтіп, жұртты таңғалдырған болатын.
Аймақтар • 03 Маусым, 2021
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Осакаров ауданының әкімі Нұркен Қобжанов аудан орталығындағы «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығына барып, ондағы көпбалалы отбасылардың балалары және ерекше білімді қажет ететін жеткіншектермен кездесті.
Өнер • 02 Маусым, 2021
Кеншілер астанасында Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы жоғары деңгейде өтті.
Руханият • 01 Маусым, 2021
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 400-ден астам ежелгі заман экспонатымен толықты. Мамандардың айтуынша, Шет ауданындағы Талды археологиялық қорығынан алынған бұл жәдігерлер қола дәуіріне жатады екен.