Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1232 материал табылды

Қоғам • 22 Қаңтар, 2020

Омбы қарды тазалауда олқылық бар

Қарап тұрсаңыз, Қарағанды облысында қар тазалауға деп жыл сайын бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, жаңа техниканың неше түрі сатып алынады. Салтанатты кілт тапсыру рәсімінде сол қар күрегіш, тасығыш көліктер сапқа қаздай тізіліп тұрғанда, Қарағандының көшелерін енді қар алмайтын шығар деген сенімді ой келетін.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

«Қазақмысқа» қарасты кешеннің бас директорына шабуыл жасалды

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің тау-кен байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигуловқа шабуыл жасалды, деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Спорт • 21 Қаңтар, 2020

Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпионаты өтті

Арқа төсінде алты күн бойы үстел теннисінен аламан жарыс – Қазақстанның чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыстарынан және республикалық маңыздағы қалаларынан келген 160 теннисші жарыс жүлделерін сарапқа салды.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2020

Қарағандыда ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қарағандылық ардагерлерге 1 миллион теңгеден берілетін болды. Бұл туралы Қарағанды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Жиенбаев аппарат кеңесінде хабарлады.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2020

Қарағанды облысында елік атқан браконьер қолға түсті

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының аумағында «Браконьер» шұғыл-сауықтыру шаралары барысында табиғат қорғау полицейлері күдік тудырған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізген  болатын.

Саясат • 15 Қаңтар, 2020

Өндірісті өңірде болды

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, сондай-ақ сенаторлар Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов депутаттардың аймақтарға сапары аясында Қарағанды облысында болды.

Қоғам • 15 Қаңтар, 2020

Кривогуздан Қасымның десі басым

Бұл күнде көше немесе елді мекен атауларын өзгерту өткірдің жүзіндей қылпылдап-ақ тұрған шаруа болды. Былай жүрсең өгіз өліп, былай тартсаң арбаң сынатындай көрінгенмен, бұл шаруаны бәрібір де біржақты етпеске болмайды. Мән-мағынасы ұлттық мүдде көзқарасымен мүлде қабыспайтын кератаулардан құтылатын кез де әлдеқашан жеткен. Иә, аз-маз қаражаттың шеті кертілуі мүмкін. Бірақ одан қазына ортайып қалмас. Бұл жердегі мәселе ұлттық сананың намыс отынан қуат алып, рух еркіндігінің ұшар биігіне көтерілуінде жатса керек.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2020

Қарағандыда қордаланған мәселелер бар

Қарағандыда қабырғаға шаншудай қадалған мәселенің бірі – қоғамдық көліктің соңғы жылдары айта-айта жауыр болған жайы. Автобустар әбден ескірген, саланың тұрғындарға қызмет көрсету сапасы тіпті де төмендеп кеткен. Содан келіп қала тұрғындарының жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорындарға деген өкпе-реніші күннен-күнге ұлғайып келеді. Облыс орталығындағы ең ірі №3 автопарк маршрутқа жаңа автобустар шығарғанымен, мәселе түйінінің мұнымен шешіле қояр түрі жоқ. Тұрғындар тарапынан арыз-шағым тіпті де үдей түскен.

Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020

Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгеретін болды

Бүгін Қарағандыдағы «Достық үйінде» облыс орталығындағы көшелердің атауларын өзгертуге байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Маңызы зор шараға адамның көп жиналғаны соншалықты, олардың көбі 400 орындық негізгі залға сыймай, іште болып жатқан пікірталасты сыртта тұрып экраннан тамашалады.

Тағайындау • 13 Қаңтар, 2020

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып Арман Лямбеков тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.