Аймақтар • 15 Қаңтар, 2020
Қарағанды облысында елік атқан браконьер қолға түсті
Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының аумағында «Браконьер» шұғыл-сауықтыру шаралары барысында табиғат қорғау полицейлері күдік тудырған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізген болатын.
Саясат • 15 Қаңтар, 2020
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, сондай-ақ сенаторлар Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов депутаттардың аймақтарға сапары аясында Қарағанды облысында болды.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2020
Кривогуздан Қасымның десі басым
Бұл күнде көше немесе елді мекен атауларын өзгерту өткірдің жүзіндей қылпылдап-ақ тұрған шаруа болды. Былай жүрсең өгіз өліп, былай тартсаң арбаң сынатындай көрінгенмен, бұл шаруаны бәрібір де біржақты етпеске болмайды. Мән-мағынасы ұлттық мүдде көзқарасымен мүлде қабыспайтын кератаулардан құтылатын кез де әлдеқашан жеткен. Иә, аз-маз қаражаттың шеті кертілуі мүмкін. Бірақ одан қазына ортайып қалмас. Бұл жердегі мәселе ұлттық сананың намыс отынан қуат алып, рух еркіндігінің ұшар биігіне көтерілуінде жатса керек.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2020
Қарағандыда қордаланған мәселелер бар
Қарағандыда қабырғаға шаншудай қадалған мәселенің бірі – қоғамдық көліктің соңғы жылдары айта-айта жауыр болған жайы. Автобустар әбден ескірген, саланың тұрғындарға қызмет көрсету сапасы тіпті де төмендеп кеткен. Содан келіп қала тұрғындарының жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорындарға деген өкпе-реніші күннен-күнге ұлғайып келеді. Облыс орталығындағы ең ірі №3 автопарк маршрутқа жаңа автобустар шығарғанымен, мәселе түйінінің мұнымен шешіле қояр түрі жоқ. Тұрғындар тарапынан арыз-шағым тіпті де үдей түскен.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020
Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгеретін болды
Бүгін Қарағандыдағы «Достық үйінде» облыс орталығындағы көшелердің атауларын өзгертуге байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Маңызы зор шараға адамның көп жиналғаны соншалықты, олардың көбі 400 орындық негізгі залға сыймай, іште болып жатқан пікірталасты сыртта тұрып экраннан тамашалады.
Тағайындау • 13 Қаңтар, 2020
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып Арман Лямбеков тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тағайындау • 13 Қаңтар, 2020
Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Темірхан Абылаев тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020
«Тентек» шахтасына 40 жыл толды
Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында «Тентек» шахтасының 40 жылдық мерейтойына байланысты салтанатты шара өтті.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020
Қарағандыда мас жүргізуші бес жылға сотталуы мүмкін
Елімізде биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап көлік құралдарын мас күйінде басқаруға байланысты жауапкершіліктің күйшетілгені жөніндегі заң күшіне енді. Осы орайда, Қарағанды қаласында заңның аталған талабын бұзған алғашқы жүргізуші анықталды.
Руханият • 10 Қаңтар, 2020
Мұхаммадғали Әбдуов: Ұлы Абайдың ұлағаты
Еркіндік әлемінде еңселі елге айналған Қазақстан 2020 жылдың есігін ерекше елеулі жетістіктермен ашты. Әсіресе, тылсымы терең тұманды тарихтың қойнауында қалып, күңгірт тарта бастаған халықтың рухани құндылықтары қайтадан өмірге келіп, өзінің қадірлі қасиеттілігімен жалпы жұртты тәнті етті.