Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
591 материал табылды

Қоғам • 18 Шілде, 2022

Мүгедектікті белгілеуді үйден шықпай-ақ үйлестіреді

Мүгедектік тобын белгілеу үшін ме­ди­ци­на­лық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойын­­ша қанатқақты жобаны іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 1 жарты­жылдығында Қазақ­станның барлық өңірінен 28,2 мыңға жуық өтінім қаралды. Қазіргі уақытта жобаға 589 медициналық ұйым қосылған.

Коронавирус • 17 Шілде, 2022

COVID-19: Мегаполистердегі ахуал қиындап барады

Адамзат тіршілігіне орасан қауіп-қатерімен келген коронавирус пандемиясы әлі де әлемге сес болып тұр. Біршама уақыт әжептәуір саябырсып қалған індет қазір көптеген елде қайтадан күшіне ене бастады. Бұл қатарда біздің елде де эпидемиялық ахуалдың нашарлай бастағаны байқалды. Әсіресе індеттің кең таралуы ірі қалаларымызда қатты сезіліп, ел бойынша жалпы ауырған адамдардың 70%-ын қамтып отыр.

Аймақтар • 14 Шілде, 2022

Бұрынғы аудандар мен шекара маңын дамыту – маңызды бағыт

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде атқарылған жұмыс қорытындылары туралы баяндады.

Қоғам • 14 Шілде, 2022

Ерекше балалар ел чемпионатында бақ сынады

Жақында астанада CHILDREN PARALYMPIC GAMES инклюзивті спорт фестивалі және паралимпиадалық спорт түрі боччадан ел чемпионаты өтті. Жарысты алты жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар құрған «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Қоғам • 11 Шілде, 2022

22 мыңнан аса азамат skills.enbek.kz платформасында оқыды

Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 22,2 мыңнан аса қазақстандық, оның ішінде 14,2 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада 35,9 мың адам тіркелді, оның 22,4 мыңы 2022 жылы тіркелген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Шілде, 2022

Көбейген киік, кейіген шаруа: Оққа байлаумен оңтайландыру оң шешім бе?

Сайын даланың киесі әрі еркесі саналатын киік санының миллионнан әлдеқайда асып кеткені бүгінде әжептәуір мәселеге айналды. Жайы­лым мен егістік алқаптарына жаудай тиген жануарлардан көресіні көрген шарасыз шаруалардың шағымы барған сайын үдеп барады. Бұл ретте Үкімет тарапынан қабылдануы мүмкін киік санын реттеу туралы шешім қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.

Қоғам • 29 Мамыр, 2022

Мәдени кешігу

Бүгінде балабақшаға баратын жасқа толса да тілі шықпай былдырлап жүрген бөбектердің көбейіп жатқаны жиі бай­қалады. Бала дамуындағы бұл кідірістің ең негізгі себебінің бірі – гаджеттердің кері әсері. Белең алып бара жатқан жағ­дайды айтып қанша жерден байбалам салғанымен, бұған қатысты әлі нақты байлам жоқ. Тех­но­логияның ықпалынан туған қо­ғам­дағы осынау өзгерістер әлеу­мет­тану ғы­лы­мында мәдени кешігу деп сипатталады.

Қоғам • 26 Мамыр, 2022

Адам капиталы – басты құндылық

Адам капиталы – біз әлеуметтік сала деп атайтын материал­дық емес активтердің жиынтығы. Бұл – денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жинақталған білім­нің, дағдылардың, жеке адам­ның және жалпы қоғам­ның ақыл-ойының сапасы. Осы компоненттердің барлығы белгілі бір елде неғұрлым жақсы болса, адам капиталының сапасы соғұрлым жоғары және ел экономикасы да сәйкесінше күшті болады. Осы орайда Қазақ­стандағы адам капита­лы­ның даму жағдайы қалай екеніне кеңінен тоқталсақ дейміз.

Медицина • 24 Мамыр, 2022

Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады

Елордалық балалар ауруханасында Түркияның жетекші маманы Бурак Тандердің қатысуымен балалар хирургиясы бойынша халықаралық шеберлік сабағы өтті. Алғашқы күндері шетелдік хирург қазақстандық әріптестерімен бірге асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар еліміздің әр жерінен келген балаларды тексеріп, бірнеше кішкентай пациентке операция жасады.

Қоғам • 18 Мамыр, 2022

«Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды

Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында «Bala Qorgau» интернет-ресурсын іске қосты. Енді мектептерде QR-коды және «Bala Qorgau» сайтының https://bala.gov.kz мекенжайы жазылған арнайы тақтайшалар орнатылып жатыр.