Білім • 03 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.
Білім • 03 Қараша, 2020
Оқу бітірген жастардың мамандығы бойынша жұмыс табуы машақат. Бұл мәселенің бірқатар себебі бар. Соның бірі университет түлектерге берген білімін тәжірибемен ұштастырмай, теориямен шектеліп жатады. Оның үстіне маман даярлауда жұмыс берушілердің де талабы ескеріле бермейді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының соңғы мәліметіне сүйенсек, жұмыс берушілердің 68%-ы қазіргі оқу бағдарламасына көңілдері толмайды. Елімізде 60-тан аса жоғары оқу орнында оқыған түлектердің жартысы – жұмыссыздар қатарында.
Білім • 03 Қараша, 2020
Жаңа «Әліппе» қалай құрастырылады?
«Әліппемен» қауышатынына қуанып қалған қауымды енді бұл оқулықтың мазмұны қалай болатыны қызықтырады. Ел назарындағы жаңа оқулық көпшіліктің үдесінен шығатынына үміт зор. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде әзірленіп жатқан «Әліппенің» мазмұнына жұмыс тобы байыппен қарап, ғылыми негізге және практикалық қолданымға байланысты ұтымды ұсыныстың барлығын әбден зерделеді.
Медицина • 02 Қараша, 2020
Жастар тіс протезін тегін жасап жатыр
Тісі ауырып дауа іздеп келген әрбір кісінің тісі мен ауыз қуысының үлгісін алып, одан арнайы протез жасайтындар – тіс техниктері. Бүгінде бұл мамандық жоғары сұранысқа ие. Осыдан екі жыл бұрын елімізде алғаш рет Талдықорған жоғарғы медицина колледжінде есту қабілетінен айрылған жандарды тіс технигі мамандығы бойынша оқытатын арнайы топ ашылған еді.
Білім • 02 Қараша, 2020
Індет қос бүйірден қысқан күрделі кезеңде қажетті сақтық шараларын барынша ескере отырып, жаңа оқу жылы жалғасып жатыр. Қазір мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақындады. Оқушылар 28 қазаннан бастап тоқсандық жиынтық бақылау тапсыруды бастады.
Елорда • 02 Қараша, 2020
Елордалықтар ережелерді елемей жүр
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуы күшейе бастады. Соңғы аптадағы ауру жұқтыру көрсеткіші алдыңғы аптадан 1,3 есе немесе 28,7% жоғары. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.
Технология • 29 Қазан, 2020
Мобильді қосымшадағы қолайсыз жағдай
Қазіргі күні қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қолай көретін жұрттың қатары көбейіп, Kaspi.kz қосымшасы біраз шаруаны жеңілдетті. Күнделікті тіршілігімізбен біте қайнасып кеткен бұл жүйеден кеше аздаған уақыт іркіліс байқалғаны көпшіліктің көңілін күпті етіп қойды.
Таным • 23 Қазан, 2020
Кесапат індет келіп, қоғамның талай кертартпа кем-кетігін көрсетіп берді. Әсіресе карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің зорайып бара жатқаны қатты байқалды. Бұл ретте жұбайына жұдырық жұмсаған жағдай ғана жұртқа жиі аян болып жатады. Ал күш қолданбай-ақ серігінің санасын сансыратып, күн бермейтіндер де көптеп кездеседі.
Елорда • 21 Қазан, 2020
Бас қаладағы күрмеуі қиын күрделі мәселе – көп жылдан бері құрылысы тұралап қалған тұрғын үйлер. Қаншама қала тұрғыны «сақалды» құрылысқа ұрынып, армандаған баспанасына қол жеткізе алмай сарылды. Соңғы уақытта үй аламын деп сан соғып қалған үлескерлердің үміті ақталып, түйткілді мәселенің түйіні тарқап келе жатыр. Биылдың өзінде проблемалы біраз тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңдаған елордалық қоныс тойын тойлауда.
Технология • 19 Қазан, 2020
Ұтымды ұсыныс – ұтқыр интернет
Парламент Сенатында өткен кезекті Үкімет сағаты «Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласындағы цифрландыру: жай-күйі, қолжетімділігі және қауіпсіздігі» тақырыбына арналды.