Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
752 материал табылды

Оқиға • 10 Қараша, 2020

Су қоймасының қауіпсіздігі ұдайы қадағаланады

Нұр-Сұлтан қаласы мен оған жақын орналасқан Аршалы, Арнасай, Шөптікөл, Ижевский сияқты елді мекендерді сумен қамтамасыз ететін Астана су қоймасының сыйымдылығы 410,90 млн текше метрді құрайды. Бұл су қоймасының көктемде арнасынан асып, айналасына қауіп төндірмеуі үшін қауіпсіздік мәселесі – ұдайы бақылауда.

Қоғам • 09 Қараша, 2020

Тұрақты жұмыс – түзу тұрмыс

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында «Жұ­мыс­пен қамтудың жол картасы» бо­йынша 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Аталған бағдарлама аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылып, халық­ты жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 мыңнан аса адам жұмысқа орна­ластырылды.

Қоғам • 06 Қараша, 2020

МӘМС аясындағы қолжетімді медициналық қызметтер

Биыл 1 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген азаматтардың жалпы саны 1 191 650-ге жетті.

Қоғам • 06 Қараша, 2020

Карантин тәртібін мобильді топтар қадағалауда

Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мобильді топтар ұдайы рейд жүргізіп, карантин талаптарының сақталуын қадағалап жатыр.

Білім • 03 Қараша, 2020

Оқуға құштарлықты оятады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.

Білім • 03 Қараша, 2020

Диплом қайтсе кәдеге жарайды?

Оқу бітірген жастардың мамандығы бойынша жұмыс табуы машақат. Бұл мәселенің бірқатар себебі бар. Соның бірі университет түлектерге берген білімін тәжірибемен ұштастырмай, теориямен шектеліп жатады. Оның үстіне маман даярлауда жұмыс берушілердің де талабы ескеріле бермейді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының соңғы мәліметіне сүйенсек, жұмыс берушілердің 68%-ы қазіргі оқу бағдарламасына көңілдері толмайды. Елімізде 60-тан аса жоғары оқу орнында оқыған түлектердің жартысы – жұмыссыздар қатарында.

Білім • 03 Қараша, 2020

Жаңа «Әліппе» қалай құрастырылады?

«Әліппемен» қауышатынына қуанып қалған қауымды енді бұл оқулықтың мазмұны қалай болатыны қызықтырады. Ел назарындағы жаңа оқулық көпшіліктің үдесінен шығатынына үміт зор. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде әзірленіп жатқан «Әліппенің» мазмұнына жұмыс тобы байыппен қарап, ғылыми негізге және практикалық қолданымға байланыс­ты ұтымды ұсыныстың барлығын әбден зерделеді.

Медицина • 02 Қараша, 2020

Жастар тіс протезін тегін жасап жатыр

Тісі ауырып дауа іздеп келген әрбір кісінің тісі мен ауыз қуы­сының үлгісін алып, одан арнайы протез жасайтындар – тіс техниктері. Бүгінде бұл мамандық жоғары сұранысқа ие. Осыдан екі жыл бұрын елімізде алғаш рет Талдықорған жоғарғы медицина колледжінде есту қабілетінен айрылған жандарды тіс технигі мамандығы бойынша оқытатын арнайы топ ашылған еді.

Білім • 02 Қараша, 2020

Жиынтық бағалау басталды

Індет қос бүйірден қысқан күрделі кезеңде қажетті сақтық шараларын барынша ескере отырып, жаңа оқу жылы жалғасып жатыр. Қазір мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақындады. Оқушылар 28 қазаннан бастап тоқсандық жиынтық бақылау тапсыруды бастады.  

Елорда • 02 Қараша, 2020

Елордалықтар ережелерді елемей жүр

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфек­циясының таралуы күшейе бас­тады. Соңғы аптадағы ауру жұқтыру көрсеткіші алдыңғы аптадан 1,3 есе немесе 28,7% жоғары. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік са­ни­тарлық дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.