Технология • 29 Қазан, 2020
Мобильді қосымшадағы қолайсыз жағдай
Қазіргі күні қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қолай көретін жұрттың қатары көбейіп, Kaspi.kz қосымшасы біраз шаруаны жеңілдетті. Күнделікті тіршілігімізбен біте қайнасып кеткен бұл жүйеден кеше аздаған уақыт іркіліс байқалғаны көпшіліктің көңілін күпті етіп қойды.
Таным • 23 Қазан, 2020
Кесапат індет келіп, қоғамның талай кертартпа кем-кетігін көрсетіп берді. Әсіресе карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің зорайып бара жатқаны қатты байқалды. Бұл ретте жұбайына жұдырық жұмсаған жағдай ғана жұртқа жиі аян болып жатады. Ал күш қолданбай-ақ серігінің санасын сансыратып, күн бермейтіндер де көптеп кездеседі.
Елорда • 21 Қазан, 2020
Бас қаладағы күрмеуі қиын күрделі мәселе – көп жылдан бері құрылысы тұралап қалған тұрғын үйлер. Қаншама қала тұрғыны «сақалды» құрылысқа ұрынып, армандаған баспанасына қол жеткізе алмай сарылды. Соңғы уақытта үй аламын деп сан соғып қалған үлескерлердің үміті ақталып, түйткілді мәселенің түйіні тарқап келе жатыр. Биылдың өзінде проблемалы біраз тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңдаған елордалық қоныс тойын тойлауда.
Технология • 19 Қазан, 2020
Ұтымды ұсыныс – ұтқыр интернет
Парламент Сенатында өткен кезекті Үкімет сағаты «Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласындағы цифрландыру: жай-күйі, қолжетімділігі және қауіпсіздігі» тақырыбына арналды.
Елорда • 16 Қазан, 2020
Астанаға ажар қосқан ілкімді істер
Індет қаупі төнгелі айналамыздағы ағайынның амандығы үшін бір-бірімізден іргемізді аулақ салып, әлеуметтік арақашықтық сақтауды қаперде ұстап келеміз. Карантин режімі кезінде емін-еркін жүріс-тұрысымыз әжептәуір шектелгенімен, таза ауада тыныстауға тыйым салынбады. Сондықтан қала халқына қолайлы жағдай жасау үшін аула, тынымбақ, гүлзар сияқты тыныс кеңейтер орындардың көркі де көз қуантатындай болуына баса мән беріліп жатыр.
Білім • 15 Қазан, 2020
Зерттеуші университет жаhандық жетістіктерге жол ашады
Биыл Қазақ ұлттық аграрлық университеті 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті екі жоғары оқу орнын – Алматы зооветеринария (1929 жылы құрылған) және Қазақ ауылшаруашылық (1930 жылы құрылған) институттарын біріктіру арқылы құрылды. 2001 жылы Елбасы Жарлығымен университет Ұлттық мәртебе алды. 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Үкімет қаулысымен жоғары оқу орнына ұлттық зерттеу университеті мәртебесі берілді. Осы орайда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы – ректоры, ҰҒА вице-президенті, Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты академик Тілектес Есполовпен әңгімелескен едік.
Қоғам • 15 Қазан, 2020
Ұжымдық иммунитет індеттен құтқарады
Індеттің екінші толқынына тегеурінді тойтарыс беру үшін алдымен ауруға қарсы вакцина табу өте маңызды мәселе болып тұр. Ал вакцина табылып, онымен халық жаппай «қаруланғанша» біраз уақыт қажет. Оған дейінгі амал – тек карантин тәртібін қатаң сақтау. Бұл – жаманат індетке қарсы жұмылған жұмыр жердің жалпы ұстанымы. Мұны ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесустің өзі ұдайы қаперге салып келеді.
Қоғам • 14 Қазан, 2020
Алик Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті
Бүгін Алик Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті. Сондай-ақ кеңеске АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы ұйымның орталық кеңсесінің мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 14 Қазан, 2020
Қыркүйектің ортасынан бастап елімізде құс тұмауынан 25 мыңға жуық құс өлімі тіркелді. Қазір бұл зауал толығымен тоқтап, өлген құс иелеріне 9 млн теңгеге жуық өтемақы төленді.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Инклюзивті білім беруге көмектеседі
«Шеврон» компаниясы, Назарбаев Университеті және «Дара» қоры қазақстандық педагогтерге инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеу үшін кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмектеседі.