Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
500 материал табылды

Қоғам • 06 Қараша, 2020

Бағдарлама арқылы 330 мың тұрғын үй салынды

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі. Ресми мәліметтерге сәйкес, 15 жылдың ішінде пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 2-6 есеге артып, баспана құрылысына салынатын инвестициялар 5-6 есеге өсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.

Экология • 06 Қараша, 2020

Жайықтың экожүйесін сақтауға бағытталды

Қазақстан мен Ресей Жайық трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Соған сәйкес 2021-2024 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданбақ.

Экология • 06 Қараша, 2020

Экологиялық кодекс: Министрлік қолдайды, кәсіпорындар қарсы

Таяуда Парламент Мәжілісінде жаңа Экологиялық кодекстің жобасы таныстырылған еді. Мем­лекет басшысының биылғы халыққа арнаған Жолдауына сәй­кес аталған реформаны жыл соңына дейін қабылдау көзделуде. Алайда еліміздегі ірі өндіріс кәсіп­орындары бұл құжаттағы кейбір нормалар жетілдірілуі қажет екен­ін айтып, оның енгізілуін құп­тамай отыр.

Қазақстан • 04 Қараша, 2020

Ауыл шаруашылығын қаржыландыру еселенеді

Ауыл шаруашылығын дамыту – еліміздің мемлекеттік экономикалық сая­сатындағы басты бағыттарының бірі. «Қазақстан – 2050» стратегия­сын­да ауылшаруашылық өнім­де­ріне деген жаһандық сұраныс жағ­дайында Агроөнеркәсіптік кешен­ді ауқымды жаңғырту міндеті қойылды. Сәй­ке­сін­ше, 2050 жылға қарай елі­міз­дің ІЖӨ-дегі ауыл шаруа­шы­лы­ғының үлесі 5 есе ұлғаюы тиіс.

Қазақстан • 04 Қараша, 2020

Тұран жолбарысының популяциясы жаңғыртылады

Қазақстанда Тұран жолбарысының популяциясы жаңғыр­тылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Осы мақсатта Балқаш көлінің оңтүстік жағалауының аумағы, сондай-ақ Іле өзенінің шығысқа қарай ауданы дала жануарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін аймақ ретінде таңдалды.

Сұхбат • 04 Қараша, 2020

Сарыарқаның табиғат сақшысы

Елімізде браконьерлікпен күрес өзекті проблемаға айналғаны қашан?! Әсіресе орталық өңірлерде жағымсыз фактілер тыйыл­май тұр. Десек те Сарыарқаны мекен еткен жануарларды қорғауда қорықшылардың еңбегі өлшеусіз. Бөкендей сұлу аңды браконьерлердің құрығынан сақтау үшін басын бәйгеге тігіп, еліміздің тұмса табиғатындағы тәртіпті қадағалап жүрген жанның бірі – Мұрат Әлиев. «Дала қылмыскерлері GPS, әріптестерім Рэмбо деп атайды» деген «Охотзоопром» кәсіп­орнының инспекторы қызметтегі қиыншылықтар мен жануарлар әлемін сақтаудың маңыздылығы жөнінде әңгімелеп берді.

Бизнес • 03 Қараша, 2020

Салымшылардың табысы артты

Биылғы 9 айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 трлн теңге мөлшерінде қаржылай қор жинақталды. Қордың мәліметіне сәйкес, 2019 жылғы кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсім негізінен салымшылардың шоттарындағы 1,08 трлн теңгеден астам таза инвестициялық табыс есебінен қалыптасты.

Технология • 30 Қазан, 2020

Интернетпен қаншалықты қамтыламыз?

Қазақстанда 6 459 елді мекенде 18,7 млн халық тұрады. Оның ішінде 17,5 млн адам бүгінде интернетпен қамтылған. Саладағы соңғы деректерді жеткізген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көзделген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде айтып берді.

Оқиға • 29 Қазан, 2020

Аукциондар электронды форматта өтеді

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексті іске асыру үшін Энергетика министрлігі 4 заңға тәуелді актіні қабылдады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова айтты.

Қаржы • 19 Қазан, 2020

Банктердің болашағы қандай?

Бірінші жартыжылдықта коронавирус пандемиясы адамзатты әбігерге салып, жұқпалы індет жаһанның қаржы-экономикалық архитектурасын шатқаяқтатты. Қазір әлем елдерінің экономикасы еңсесін енді тіктеп келе жатқандай. Алайда халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың болжамына сүйенсек, постпандемиялық кезеңде дүние жүзі қаржылық тоқыраумен бетпе-бет келуі мүмкін. Бұл, әсіресе банк секторына оңай тимейін деп тұр.