Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
500 материал табылды

Экология • 23 Тамыз, 2020

Қазақстанда ақбөкендерді қорғау ерекше назарға алынды

Елімізде ақбөкендердің саны көбейіп келеді. Жағымды нәтижеге мемлекеттік қауіпсіздік шараларын күшейту мен табиғат инспекторларының материалдық-техникалық жарақталуын жақсарту септігін тигізді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстарды қорғау министрлігінің бастамасымен Ақмола облысындағы "Қорғалжын" қорығына ұйымдастырылған баспасөз туры барысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Қазақстан • 21 Тамыз, 2020

11 мыңдай армениялық көлік тіркелді

Бүгінде Қазақстан азаматтарына тіркелген армениялық нөмірлі көліктердің саны 22 мың. Алайда оның тек 11 мыңға жуығы елімізде тіркеуден өткен. Тұтастай 14 мың автокөлік тіркелуі тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтты.   

Саясат • 19 Тамыз, 2020

«Еңбек» арқылы жұмыспен қамтылуда

Биыл 7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 743 мыңдай адам мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов айтты.

Экономика • 19 Тамыз, 2020

Құрлықта «қамалғандар» (Пандемия теңізге шығар жолы жоқ елдердің экспорттық әлеуетіне қалай әсер етеді?)

Қазақстан, Түрікменстан, Моңғолия, сондай-ақ Бутан секілді азиялық мемлекеттердің дамушы елдерге тән экономикалық проблемалары аз емес.

Экономика • 18 Тамыз, 2020

Қазақстандық стартапқа инвестиция салды

Танымал америкалық венчурлық қор және 500 Startups стартап-акселераторы «QazTech Ventures» АҚ-пен келісім аясында алғашқы қазақстандық стартапты 150 мың АҚШ доллары көлемінде қаржыландырды.

Қоғам • 11 Тамыз, 2020

Жергілікті үлес 90%-ға жақындады

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы бюджеттік инвестициялар есебінен 611 млрд теңгеге 937 инфрақұрылымдық жоба жү­зеге асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қыз­­метінде өткен баспасөз жиынында Индустрия және инфра­құры­лымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Оқиға • 07 Тамыз, 2020

Қайта өңдеуге бөлінетін қаражат ұлғайды

Таяуда «Egemen Qazaqstan» газетінде еліміздегі экологиялық ахуалға қатысты мақаламызда тұрмыстық қалдықтарды азайтудағы қайта өңдеу саласының маңыздылығын бағамдаған едік («Қалдық неге қажетсіз?», «EQ», 16 шілде, 2020 жыл). Осы орайда Қазақстандағы қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, сондай-ақ кәдеге жарату тетігін реттейтін Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторы редакцияға ресми жауабын жолдады.

Экономика • 05 Тамыз, 2020

Биткоин-майнерлердің Қазақстанға тартылудағы сыры неде?

Биткоин-майнерлердің стратегиялық бағдарында Қазақстан маңызды бағытқа айналды. Криптовалюта нарығын тиімді бағадағы инфрақұрылымсыз дамыту қиынға соғатындықтан инвестициялық тартымдылықтың басты себебі елдегі арзан электр энергиясында жатса керек. Ресми мәліметтерге сәйкес, жылдың соңына қарай жергілікті крипто-майнингтік операцияларға салынған инвестицияның жалпы көлемі екі есеге артып, үш жыл ішінде оның мөлшері 738 млн долларға дейін артады деп күтілуде.

Әлем • 04 Тамыз, 2020

Еуропалық банктер белді бекем буып отыр

Пандемияның екінші толқыны белең алса, еуропалық банктердің берілген несиелер бойынша шығыны 800 млрд еуроны құрап, үш жыл ішінде табыс 30 млрд еуроға азаюы мүмкін. Бұл туралы Oliver Wyman консалтингтік компаниясының баяндамасына сілтей отырып, Financial Times басылымы хабарлады.

Экономика • 27 Шілде, 2020

Цифрландыру бағытында неге кемшілік көп?

БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту жөніндегі жаһандық рейтингінде (EGDI) биыл Қазақстан 29-орынға көтеріліп, посткеңестік елдердің арасында Эстониядан кейін екінші үздік нәтижені көрсетті. Алайда мобильді және кең­жолақты интернет жылдам­дығының Speedtest Global Index рейтингінің маусым айындағы нәтижесінде еліміз Фиджи, Багам, сондай-ақ Тринидад және Табаго сынды шағын арал­дық мемлекеттерден артта қалып, 95 және 65-орындарға жай­ғасты.