Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
500 материал табылды

Қоғам • 24 Шілде, 2020

Қашықтағы қызметкердің құқығы қорғалған ба?

Коронавирустық пандемияның салдарынан ірі өндіріс орындарында медициналық және санитарлық сақтық шаралары күшейтіліп, кеңседегі қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкені мәлім. Жасыратыны жоқ, онлайн режімге ауысқандардың көбі байланыс құралының шығынын өз қалтасынан өтеуде. Алайда бұл еңбек қатынастарына қайшы. Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеевтің айтуынша, жоғарыдағы еңбек шығындарын жұмыс беруші өтеуге міндетті.

Экология • 21 Шілде, 2020

Заңсыз қоқыс полигондары анықталды

Жыл басынан бері Қазақстандағы ірі қалалар мен олардың айналасындағы 50 шақырымға дейінгі аумақта ғарыштық мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 7 мыңнан астам бейберекет қоқыс ошақтары анықталды. Заңсыз полигондарды азайту мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен еліміз бойынша ауқымды тексеру жұмыстары басталды.

Экология • 16 Шілде, 2020

Қалдық неге қажетсіз?

Былтыр қоршаған ортаның ластану деңгейі бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 109 елдің арасынан 25-орында тұрақтады. Бұл – дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттер мен қалалар туралы дерекқор жинақталатын Numbeo порталында жарияланған мәлімет. Келіспеуге амалымыз жоқ. Жыл сайын елімізде 5 млн тоннадан артық қатты тұрмыстық қалдық жиналады. 2019 жылы соның 15%-ы ғана қайта өңделді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты министрліктің жұмысын сынға алып, экологиялық конъюнк­тураны реттеуді тапсырғанының бір себебі соған байланысты.

Әлем • 15 Шілде, 2020

Әлем оқшауланды, NASA Марсқа қамданды

Ғарыш саласы өнеркәсіптің басқа түрлеріндей COVID-19-дың тәуекелдерінен 100%-ға сақтандырылмаған. Вирустың таралуын тежеу үшін әлемде карантин күшейтіліп, ауқымды жобалардың жұмысы тоқтатылды. Алайда қауіпті індет SpaceX компаниясына жоспарды орындауға кедергі болған жоқ. Оған таяудағы Crew Dragon ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш стансасына астронавтары жеткізуі дәлел. Дегенмен бұл индустриядағы компанияларға өз стратегияларын жаңа сын-қатерге икемдеуге тура келді.

Экономика • 14 Шілде, 2020

Сыртқы сауда қашан артады?

Дүниежүзілік сауда ұйымының болжамынша, биыл әлемдік сау­да айналымы 13 пайыздан 32 пайызға дейін қысқаруы, ІЖӨ 2,5 пайыздан 8,8 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Экономистер бұдан экспортқа тәуелді елдер қатты зардап шегетінін айтады.

Технология • 13 Шілде, 2020

NASA Марска қамданды

Ғарыш саласы өнеркәсіптің басқа түрлеріндей COVID-19-дың тәуекелдерінен 100%-ды сақтандарылмаған. Вирустың таралуын тежеу үшін әлем бойынша карантин күшейтіліп, ауқымды жобалардың жұмысы тоқтатылды. Алайда қауіпті індет SpaceX компаниясына жоспарды орындауға кедергі болған жоқ. Оған таяудағы Crew Dragon ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш станциясына астронавттарды жеткізуі дәлел. Дегенмен бұл индустриядағы компанияларға өз стратегияларын жаңа сын-қатерге икемдеуге тура келді.

Технология • 13 Шілде, 2020

Ғарыш инженерлері вируспен күресіп жатыр

Пандемия кезінде ғарыш инженерлері күштерін коронавируспен қатысты жобаларға бағыттады. Нақты айтқанда, NASA-ның JPL инженерлері (реактивті қозғалыс зертханасының мамандары) желдеткіштің жылдам құрастырылатын жаңа түрін шығарды.

Экология • 08 Шілде, 2020

Ұлттық парктерді қолдау қоры құрылды

Қазақстанда ұлттық парктерді қолдау қоры құрылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Қорды құрудағы негізгі мақсат – өркениетті экотуризмді дамытуға бағытталған жобаларды қолдау, еліміздегі ұлттық парктерді сақтауға қоғам белсенділерін жұмылдыру.

Аймақтар • 03 Шілде, 2020

Шикізаттық емес экспорт төмендеді

Finprom.kz порталының мәліметінше, осы жылдың төрт айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 28,2 млрд доллар көлемінде тұрақтап, 2019 жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл 1,7%-ға азайды. Тауарлар импорты 3,5%-ға төмендеп, 9,8 млрд долларды құрады.

Аймақтар • 03 Шілде, 2020

200 мыңнан аса теңізші үйіне қайталмай жүр

Әлемдік сауда нарығы жартылай немесе толық тоқырауы мүмкін. Себебі жүк кемелерінде еңбек ететін теңізшілердің едәуір бөлігі жұмысты тоқтатуға белді бекем буып отыр. Мұндай ақпаратты Халықаралық көлік жұмысшыларының федерациясы таратты.