Өнер • 20 Шілде, 2023
«Кеш»: режиссер түсірген суреттер
Режиссер Дәрежан Өмірбаевтың хоббиі суретке түсіру екенін шығармашылығынан хабардар жұрт біледі. Фотографтың бұған дейін «Тыныштық», «Достарымның портреттері» атты фотоальбомдары жарық көрген болатын. Автор жақында «Кеш» атты үшінші фотоальбомын көпшілікке ұсынды.
Кино • 19 Шілде, 2023
Алматыда Tiger Films продюсерлік компаниясының кезекті толықметражды фильмінің түсірілімі басталды. Комедия мен экшн қатар жүретін романтикалық драма Балалар үйінен шыққан қос ғашықтың ауыр тағдырынан сыр шертеді. Жаңа картинадағы басты рөлдерді елімізге танымал актерлер ойнайды. Жаңа киноның алғашқы түсірілімінде режиссер Алёна Алмаз дәстүрлі түрде тәрелке сындырды.
Таным • 19 Шілде, 2023
Ұлттық музейдің қорында бізге беймәлім жәдігерлер көп. Тарих көмбесінен сыр шертетін түрлі бұйымдар әр ғасырдағы мәдениетке жатады. Мәселен, соның бірі – барыс типті белдік әшекейі. Ол Есік қорғанынан табылған. Біздің дәуірімізге дейінгі V- VІ ғасырларға жатады.
Театр • 19 Шілде, 2023
Оныншы маусым: Операдағы озық жетістіктер
Басқа-басқа, симфония кешіне барғанның әсері тым бөлек екенін театрсүйер қауым жақсы біледі. Әр аспаптың үні жан-тәніңді түгел бойлап, күнделікті тіршіліктен қажыған көңілді теңіздің түнгі толқынындай тербетеді келіп. Скрипканың үні үзіліп-сызылып, үзіліп-сызылып, енді бір сәтте аспанға шапқандай дүр көтерілгенде осынау өнердің құдіретіне сұмдық таңғаласың. Әуезді кеш бас қаламыздың аристократтық мәдени орнына айналған «Астана Операда» болды.
Өнер • 17 Шілде, 2023
Жас дарын Шерхан Арыстан «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өтіп жатқан «Витебск» XXI халықаралық балалар музыкалық байқауының Гран-приін жеңіп алды.
Өнер • 16 Шілде, 2023
№2 Балалар музыка мектебі оқушылары – Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Жәнібек Қазбекұлы) дәстүрлі «Ыстықкөл достарын жинайды-2023» ХІІІ халықаралық этно-карнавалында жеңіске жетті.
Музей • 12 Шілде, 2023
Қарапайым заттардан, тұрмыстық техника қалдықтарынан роботтар жасап танылған талғарлық стоматологті біреу білсе, біреу білмес. Оның ендігі мақсаты – шеберхана салып, өзгелерге темірмен жұмыс істеуді үйрету.
Музей • 10 Шілде, 2023
Ұлттық музейде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында көрменің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай ұйымдастырылған көрмеде еліміздің ежелгі өркениет ордасы – Отырарға қатысты құнды жәдігерлер таныстырылды.
Жоба • 10 Шілде, 2023
Өткен аптада «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» атты халықаралық тарихи-мәдени экспедиция басталып, Көкшетаудан автосапарға аттанған еді. Ал қазір керуен орта ғасырдағы Найман хандығының шығыстағы шеткі шекарасына жетіп, Өтүкен қойнауына жол тартты. Одан кейінгі нүкте – Қарақорым. Жоспар бойынша тарихи экспедиция Павлодар, Бийск, Таулы-Алтай, Қосағаш, Баян-Өлгей, Ховд, Баянхонгор, Хархорин, Номғон, Ұланбатыр, Налайхан, Улан-Удэ, Иркутск, Красноярск, Новосібір, Омбыға аялдайды. Сапар Қазақстан, Ресей және Моңғолия аумағында, шамамен 9 мың шақырым жерді басып өтпек.
Мәдениет • 30 Маусым, 2023
Талай «тар жол, тайғақ кешуден» өткен қазақтың жанымен де, ділімен де, әнімен де, тілімен де, тарихымен де бірге жасап келе жатқан домбыра қаншама дәуірдің ауа көшіп, қаншама ғасырдың алмасуына куә болды.