Әлем • 14 Ақпан, 2023
Кеше жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқарды үйіне арнайы іздеп бардық. Қаламгердің жұмыс бөлмесі бір қызық әлем екен. Төрт қабырғаны түгел жайлаған кітапханадан көз ала алмайсың. Төрде Оралханның суреті тұр – екеуі теледидар көріп отыр. Әрине, бұл шаңырақта Оралхан Бөкейдің, Қалихан Ысқақтың портреттерінің болуы да заңды. Жазушының аңкөстігі, балықшылығы, тау-тасқа деген құмарлығы баршаға аян – мына бір қабырғада Алтайдың әр қиырында түскен сондай фотосуреттер. Ендігі бір бұрыш суретші Әлібек Асқардың шығармашылығына арналыпты. Сонымен бұл үйге әдеби сауалдаманың ізімен келіп отырмыз. Дәстүрлі сұрақ: не жазып жүрсіз?
Өнер • 14 Ақпан, 2023
Жас әнші Данелия Төлешова АҚШ-та өткен America’s Got Talent шоуында тағы да өнер көрсетті. Ол Дункан Лоуренстің Arcade әнін орындады. Байқаудың ресми парақшасында әншінің өнер додасының жаңа маусымына қатысқан сәтінен бейнежазба жарияланды.
Кино • 13 Ақпан, 2023
Авторлық кино көрерменнен озық жүреді
Жуырда «режиссер Данияр Саламат Бейімбеттің шығармасы желісімен кино түсіріпті» дегенді естіп, елең еттік. Шынын айту керек, көпшілікке тәуір көрінген бірқатар авторлық фильм режиссерінің тарихи тақырыпқа барып, әдеби туындыны экрандап жатқанына ішіміз жылып қалды. Енді бір жағынан, бүгінгідей тарихи тұлғалар өміріне арналған телесериалдардың күрт көбейген тұсында кезекті кинокартина қалай шығар екен деп тосылып та отырмыз. Осы орайда Данияр Саламатпен жалпы кино туралы әңгіме өрбіткен едік.
Өнер • 12 Ақпан, 2023
Әртістік өнерде берілген рөлді сомдау, тек ұқсатумен шектелмесе керек-ті. Тіпті шеберліктен де биік бір сезініс қажет сияқты. Ол сезіну, бәлки, көзқарас, бәлки, толқу, өткеру – бәрі шынайы. Содан болар, кейде нағыз таланттардың ойнында образдың көркем болмысынан, түр-сипатынан, жүріс-тұрысынан, сөйлеу мәнерінен бөлек көзқарасы да сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады.
Әдебиет • 12 Ақпан, 2023
Толстой ақсақал: «Етікші болсам, жаман етікші болмас едім», дейді. Яғни талантты адам қай істе де талантты дегені ғой. Бірақ Толстой етік тіккен жоқ, «Анна Каренинаны» жазды. Қайткенмен өзінің ұшар шыңын біледі емес пе?.. Жаман етікші болмаймын деп сенімді сөйлеуі де Каренинаны жазған таланттың қабілетін байқатып отыр – әуестігі де емес. Жалпы, ақын-жазушылардың әуестігі бір қызық әлем. Әу баста әрбір жазарман қаламгерлікке балаң әуестікпен келіп, әдебиеттің толқынды теңізінде жүзіп кете алғандарына таңғаласың. Сонда шындап айналыссаң һәм ішкі қуат, талантың соған сай келсе, жылт еткен құмарлықтың үлкен өнерге айналуы бек мүмкін.
Қоғам • 12 Ақпан, 2023
Елордада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Есіңе мені алғайсың» атты музыкалық-поэзиялық кеші өтті. Мәнді де тағылымды шараны әзірлеп, ұсынған – Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония.
Өнер • 12 Ақпан, 2023
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі «Күй атасы – Құрманғазы» атты Қ.Сағырбайұлының шығармашылығына арналған кеш ұсынды.
Өнер • 09 Ақпан, 2023
Елордада хореографиялық өнердің негізін қалаушылардың бірі, балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиевтің есімі ұлықталды. Талантты ұстазды еске алу мақсатында «Астана Опера» сахнасында «Рақмет, шебер!» атты кеш өтті.
Әдебиет • 08 Ақпан, 2023
Ақаңның академиялық жинағы жарық көрді. Бірақ...
Ұлт зиялыларының мерейтойы жоспар үшін жасалған сансыз іс-шара һәм соңы дауға қалған ескерткіштермен шектелмесе керек-ті. Көрнекті тұлғалардың мерейлі жылы қоғамның әдебиеті мен мәдениетіне, руханиятына игілігі тиер бастама болуға тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», деп кесіп айтты.
Өнер • 08 Ақпан, 2023
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі «Моцартиана» моноконцертін ұсынды. Әуезді кеш Аустрияның ұлы композиторы Вольфганг Амадей Моцарттың шығармаларына арналған.