Руханият • 17 Қазан, 2022
Абайтануға қосылған сүбелі еңбек
Ел астанасында абайтану саласындағы тың жаңалық – «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» және «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты қос бірдей ғылыми еңбек таныстырылды. Жаңа жинақтың тұсаукесер рәсімін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық академиялық кітапхана және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» бірлесе ұйымдастырып отыр.
Өнер • 14 Қазан, 2022
Жуырда Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында қоңыр үнді әрі әуезді қазақтың көне аспабы – жетігенге арналған әдемі кеш өтті.
Әдебиет • 12 Қазан, 2022
Әдебиеттің басты тақырыбы адам һәм адамның жаны дейміз. Яғни адам барда жазу да бар. Асыл өнердің ләззаты да, мехнаты да сол жазуда жатыр. Кейде жақсы жазатын қаламгердің аса танымал емес, даңқы да, дақпырты да жоқ, шағын бір шығармасы болады. Бір қарағанда, өзі анау айтқандай классикаға да жатпайды: тілі де, өрілуі де, динамикасы да бірсарынды, баяу. Бірақ осындай белгісіз ортақол әңгімелерде көркемдік айшықтар көзге ұрып тұрмаса да бір нәзік сезімдер, кішкентай адамдардың кішкентай арманы, кішкентай адамдардың кішкентай қылмысы, көбіміз мойындай қоймайтын өмірдің шындығы кездесіп жатады.
Елорда • 12 Қазан, 2022
Ел астанасында кеңес кезеңінде қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының тағдырынан сыр шертетін құнды құжаттар мен заттар қойылған көрме ашылды. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында өтіп жатқан «Алжир – ұрпақтар есінде» жылжымалы көрмесі өткен ғасырдың 30-50-жылдардағы тарихи оқиғаларды ұмытпауды, ауыр трагедияның қайталануын болдырмау үшін жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиетін қалыптастыруға ықпал етуді мақсат етіп отыр.
Абай • 10 Қазан, 2022
Жуырда қазақ киноөндірісіне тағы бір фильм қосылды. Жаңа туынды хакім Абай туралы. Жалпы, бұған дейін де ақын туралы бірнеше көркем һәм деректі фильм түсірілген. Бұл да сол данышпан Абайға қол созған кезекті тың туынды. Күні кеше ғана ел астанасында «Абайдың соңғы күндері» деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті. Ойшылдың ақырғы күндері туралы бір сериялы тарихи кино «Хабар» агенттігі» АҚ тапсырысымен түсіріліп отыр.
Әдебиет • 10 Қазан, 2022
Сіздің ауылда шаң көшеде сұр есегін томпылдатып пошта таситын кішкентай күстана момын жан бар ма? Жоқ қой. Ергежейлілер әр ауылда бола бермейді – олар сандаған ғасырдың бір мезетінде сонау аңыз-әпсанаға толы белгісіз мекеннен тағдырдың тосыннан соққан желімен ғана келеді. Шынында, біз өмірімізде тура мағынасындағы кішкентай адамдарды көрмедік. Біз білетін ергежейлілер сол ертегілер мен мультфильмдердегі кейіпкерлер. Онда да сыртқы келбетін танығанымыз болмаса, жан дүниесіне бойламадық, жүрек сырын тыңдамадық, ішкі күйін сезінбедік. Біз «көрген», таныған, бауыр басқан, таңғалған, жақсы көрген, жан ашыған Далабайдың осы дүниедегі жалғыз досы, ергежейлі – жазушы Дүкенбай Досжанның Яғымусы еді (алдағы сөз қаламгердің «Ергежейлі» әңгімесі туралы).
Өнер • 06 Қазан, 2022
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі XXVI концерттік маусым шымылдығын аты аңызға айналған күміс көмей әнші Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойына арналған «Бұлбұл» атты сазды кешімен ашты.
Руханият • 05 Қазан, 2022
Umai ұлттық сыйлығы өнер саласындағы үздіктерге беріледі
Биыл тұңғыш рет отандық мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдау, дамыту және насихаттау мақсатында Umai ұлттық сыйлығы тағайындалған еді. Жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайтын сыйлықта төрт номинация бойынша 19 жүлде табыс етіледі. Атап айтсақ, «Театр өнері», «Музыкалық орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Театрдағы бейнелеу өнері». Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өнер саласындағы алғашқы ауқымды сыйлықтың шарттары мен мәдениет саласындағы басқа да жобалар талқыланды.
Әдебиет • 04 Қазан, 2022
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып бұрынырақта оқыған бір жақсы дүниелер мезет есіңе түседі. Мәселен, өткенде ғана газет бетінде Әмірхан Меңдекенің Шерхан Мұртаза туралы әдемі эссесі жарияланды. Сонда автор әлқиссасын «Алтын тікеннен» бастайды. Бұл әңгімеде әлдебiр дүниелiк музыка бар дейді. Сол мұңды әуен шығарманың соңына дейін бір үзілмейді деп жазады.
Өнер • 30 Қыркүйек, 2022
Елорданың Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Франция музыка кеші» концерті өтті. Кеш бағдарламасында Жорж Бизе, Морис Равель, Клод Дебюсси, Шарль Гуно, Жюль Массне, Шарль Кеклен, Эдуар Лало және Франсис Пуленк сынды француз композиторларының танымал вокалдық шығармалары орындалды.