Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
720 материал табылды

Оқиға • 16 Наурыз, 2021

Қазақ баласы Grammy сыйлығын алды

Бірнеше ай бұрын қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) Saint JHN орындайтын «Roses» әніне жасаған ремиксі америкалық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы ұйымдастыратын «Грэмми» сыйлығына ұсынылған еді. «Roses (Imanbek Remix)» трегі «Best Remixed Recording» номинациясы бойынша «Грэмми» премиясын жеңіп алды. Айта кетейік, Иманбек – «Грэмми» алған алғашқы отандасымыз.

Руханият • 15 Наурыз, 2021

«Дәстүрім – асыл қазынам» қайырымдылық жобасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті айы аясында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Дәстүрім – асыл қазынам» атты қайырымдылық жобасын өткізді.

Аймақтар • 12 Наурыз, 2021

«Қаңбақ шал» – балалар ауылында

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» ұранымен «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы аясында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары», Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» кең­селік жобасымен бірлесіп һәм Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» елор­дадағы «SOS» балалар ауылындағы тәрбие­ле­нушілерге арнап «Қаңбақ шал» қойылымын қойды.

Театр • 12 Наурыз, 2021

«Дүние-Ғапыл»

12, 13, 14 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Н.Мошинаның «Дүние-Ғапыл» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді.

Әдебиет • 12 Наурыз, 2021

Балаларға тағы бір базарлық

Әйгілі швед жазушысы Астрид Линдгреннің қазақ тіліндегі «Ұзыншұлық Пиппи» кітабының тұсаукесері өтті. Мира Сембайқызының тәржімасымен «Фолиант» баспасынан басылып шыққан балалар шығармасы қазақ тіліне алғаш рет ауда­рылып отыр.

Қоғам • 05 Наурыз, 2021

Шығармашыл балаларды қолдайды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық академиялық кітапханада балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында өңірлерден келген шығармашыл балалармен кездесу өткізді.

Руханият • 04 Наурыз, 2021

Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы

Қазақ баспасөзінің қатары тағы бір жаңа газетпен толықты. Қарағанды қаласынан  «Qaraǵandy habary» апталық газеті 4 наурыз күні алғашқы санын шығарды. Айта кетейік, жаңа басылымның тұңғыш нөмірі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының туған күніне орай жарияланып отыр.

Руханият • 04 Наурыз, 2021

Жамбыл жырлары ұлттық кодқа айналуы керек

Ұлттық академиялық кітапханада қазақ халқының ұлы ақыны, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Ғасырлар жырлаған ғажап ақын» атты кітап көрмесі өтті.

Руханият • 03 Наурыз, 2021

Жеңіске жеткізген «Жұмыр қылыш»

«Ұлытау» этно-рок тобы АҚШ-тағы әлемнің 83 елінен музыкалық топтар додаға түскен DJOOKY Music Awards халықаралық байқауында рок/металл санаты бойынша жеңіске жетті. Өнер ұжымы Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр қылыш» күйін орындаған.

Театр • 02 Наурыз, 2021

Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?

Тылсымын ішіне бүккен қуыршақ өнері ерте замандардағы жәрмеңкелерден бастау алып, бүгінде балаларға рухани-мәдени өмірдің алғашқы баспалдағы болып отыр.