Өнер • 24 Маусым, 2021
«MuzVac – үздік музыкалық вакцина!» атауымен өткен «Астана кештері» Х халықаралық өнер фестивалі үлкен гала-концертпен аяқталды. Іс-шара халық денсаулығын қорғап, коронавируспен күресте алдыңғы шептен көрінген медицина қызметкерлеріне алғыс айту мақсатында ұйымдастырылды.
Қазақстан • 23 Маусым, 2021
Баспа ісі бәсекені талап етеді
Еске салсақ, 2004 жылдан бері ТМД мемлекеттерінің баспалары арасында жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Искусство книги» атты халықаралық байқау бар. Кейінгі жылдары бұл бәйгенің аты шығып, абыройы артып, салмағы еселене түскен. Былтырғы жыл қорытындысында да қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар жоғары нәтиже көрсетіп, әр аталым бойынша жүлделі орындар иеленген еді.
Әдебиет • 23 Маусым, 2021
Жазушылық ғадеттер: сәуле мен көлеңке
Жазу – өмірдің ісі. Қалам ұстаған жан тек қалауымен ғана жазушы атанып кетпейді. Ол көргенін, сезгенін, қорытқанын жазады. Кейде шығармаға жан беруге бұлар да жетпей жатады. Яғни жазуға қаламгердің өз ішіндегі һәм айналасындағы жағымды-жағымсыз қоңыр тіршіліктің бәрі әсер етеді. Ал автордың өз бойындағы қызық, бәлки оғаш, кейде қорқынышты, ерек іс-әрекеттері мен әдеттері екібастан. Шығармашыл адамдардың бұл біртүрлі мінездері – бар болмысы, өмірдегі шынайы қалпы.
Қазақстан • 23 Маусым, 2021
Кемел Тоқаев атындағы зал ашылды
Ұлттық академиялық кітапханада Екінші дүниежүзілік соғыс басталуының 80 жылдығына арналған «Лесная песня» тақырыбындағы халықаралық кітап көрмесі мен Кемел Тоқаев атындағы шығармашылық залы таныстырылды.
Әдебиет • 23 Маусым, 2021
Беларусь мемлекетінің Ұлттық кітапханасында екі ел жазушылары кездесу өткізіп, «Қазақстан-Беларусь әдеби альманағы» таныстырылды.
Театр • 22 Маусым, 2021
«Астана Опера» театры елорда күніне орай ауқымды мерекелік бағдарлама әзірледі. Өнер ұжымы қала тұрғындарына арнап әлемнің 5 елінен келген әртістердің қатысуымен Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» операсын тегін көрсетпек.
Театр • 18 Маусым, 2021
Шартарапты шарлаған індетпен күресу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжым болып коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Білім • 18 Маусым, 2021
Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өткен қазақ тілін насихаттауға бағытталған «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының І кезеңі бойынша еліміздегі оқыту тілі қазақ тілі емес орта мектептердің 5-8-сынып (тек этнос өкілдері) арасында қазақ поэзиясынан үзінділер оқу іс-шарасы өз мәресіне жетті.
Әдебиет • 17 Маусым, 2021
Оның түр-тұрпаты, жүріс-тұрысы, киім киісі, стилі – бәрі-бәрі ерекше-тін. Қолжазбасын қолтығына қысып, көзілдірігінің қырына қағаз қыстырып, ылғи жүннен тоқылған жемпір киіп жүруші еді. Қауғадай сақалы да өзіне жарасатын. Әлемнің әр түкпіріндегі оқырман оның осы дидарына табынып, суретін қабырғаларына жапа-тармағай іліп жатты. Әдеби ортада еліктеу селі қатты жүрді. Жас романтиктер «ұлы Хэм ағайша» өмір сүруді қалады. Хемингуэйге еліктегендердің бәрі Хемингуэйше жазғысы келді. Алайда ешқайсысы Хемингуэй бола алмады.
Өнер • 14 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында жазушы-драматург Михайл Булгаковтың 130 жылдығына орай «Өлі жандар» (Н.В.Гоголь поэмасы негізіндегі траги-фарс) спектаклінің премьерасы өтті.