Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
797 материал табылды

Әдебиет • 30 Сәуір, 2021

Бодлер бүлігі

1857 жылы Парижде екі әдеби шығарманың тағдырына байланысты екі сот отырысы өте­ді. Қаңтар айында «Бовари ха­нымның» авторы Гюстав Флобер сотқа тартылса, шіл­де­де «қоғамдық мораль нор­ма­ларын бұзғаны» үшін «Зұлым­дық гүлдері» («Цветы зла») поэтикалық жинағының авторы Шарль Бодлер судья алдында жауап берді.

Әдебиет • 28 Сәуір, 2021

Жазушы – жазушы дегенге жаза берсең...

Кез келген ақын-жазушының жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр жанның көзінің тірісінде, әйтеуір бір жазары бар. Әдеби сауалдамамыздың кезекті авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ки­но­драматург Смағұл Елубай. Дәс­түрлі сұрақ: «Не жазып жүрсіз? Һәм не жаза алмай жүрсіз?»

Әдебиет • 27 Сәуір, 2021

Өлкетанудың әдеби өрнектері

Үш жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Президент Әкімшілігі мен Жазушылар одағының ұйымдастыруы­мен әр өңірден арнайы шығармашылық топтар құрылып, облыс-аудандарға әдеби экспедициялар ұйымдастырып, жүргізілген зерттеу жұмыстары негізінде көркем шығарма жазу қолға алынған «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы бастау алған еді. Әлқисса.

Кино • 26 Сәуір, 2021

Оскар жеңімпаздары марапатталды

Лос-Анджелесте 93-ші «Оскар» сыйлығының иегерлері анық­талды. Биыл «Оскардың» басты фильмі ретінде Хлоя Чжаоның «Көшпенділер мекені» (Nomadland) фильмі таңдалып, бірден үш аталым бойынша («Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актриса») жүлдеге ие болды.

Руханият • 22 Сәуір, 2021

2020: Музейге қанша адам барды?

Ресей Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, былтыр көрші елде музейге жиырма миллионға жуық адам барыпты. Жыл бойына 2,7 мың көрме жобасы өткен. Бұдан бөлек пандемиялық ахуалға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған 23 мың іс-шара 300 миллион қаралым жинаған.

Оқиға • 22 Сәуір, 2021

Ақындар мен суретшілер бақ сынайды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай Қара­ғанды облысы әкімдігі мәде­ниет, архивтер және құжаттама бас­­­қармасының қол­да­уымен «Мәдениет пор­­талы» ақпараттық агент­тігі ұйым­дас­тыр­ған «Тә­уел­сіз­дік: Сөз бен Су­рет» атты ақын­­дар мен су­рет­ші­лер арасындағы рес­пуб­­ли­калық онлайн-бай­қауы жарияланды. Өнер бәйгесінің жалпы жүл­де қоры – 7 600 000 теңге.

Руханият • 20 Сәуір, 2021

Таңғалу синдромы 2

«Талантты адамдардың «тәтті тамұғынан» буырқанып, бұлқына шыққан сәтті туындыларына таңғалмақ керек. Жанды картинаға, жақсы өлеңге һәм тәуір шығармаға таңғалу екібастан дұрыс. Әрі өз басыңа бұйырмаған өнерді басқа бір замандасыңнан көріп, тамсана таңғалуың заңды құбылыс сияқты. Яғни бұл да белгілі бір деңгейде мәдениеттіліктің белгісі дейміз. Алайда уақыт өте келе жақсыға таңғалудың жөні мен жосығы да өзгереді екен».

Оқиға • 09 Сәуір, 2021

Өңірдің музыкалық антологиясы

Ұлтымыздың рухани өмірінің өзегі, жан азығы болған дәстүрлі ән мен күйді әрқашан қазақ өнерінің құнды қазынасына балаймыз. Осы орайда Ұлттық музейде Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейі дайындаған «Тобыл-Торғай әуені» музыка антологиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл жинақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде жарық көріп отыр.

Әдебиет • 06 Сәуір, 2021

Кітап апталығы басталды

«2021 жыл – Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында Ұлттық академиялық кітапханада балалар жазушылары мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» атты кітап апталығы басталды.

Әдебиет • 05 Сәуір, 2021

Әдеби емес кейіпкерлер

Өткен жылы қазақ оқырманы хакім Абайдың 175 жылдығын атап өтті. Ал биыл жыр алыбы Жамбылдың, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың, келер жылы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің мерейтойы кезекте тұр. Әдебиеттегі осындай дәстүрлі мерейтойлар кейде мақсатсыз һәм бағытсыз іс-шаралармен, қайта басылып шыққан кітаптармен ғана шектеліп жатады. Ал кейде өз уақытында ешкім елемеген талантты жазушыларды еске салады.