Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
797 материал табылды

Әдебиет • 29 Қазан, 2020

Буниннің шабаданы

Алдымен мәселенің басын ашып алайық. «Қап, бәлем!» мультфильмінің кейіпкерлерін жазушы Бунинмен тек шабадан ғана байланыстырады. Иә, кәдімгі жүк салатын шабадан. Алайда бұл шабаданның ішінде жазушының қилы тағдыры бар екенін ешкім білмейді.

Әдебиет • 28 Қазан, 2020

Сіз білесіз бе?. .

Уильям Фолкнер Бірнеше жыл пошташы бо­лып жұмыс істеген. Алай­да жет­кізілмеген хаттарды қо­қыс жә­шігіне тастайтыны әш­ке­реленген соң жұмыстан қуы­лыпты.

Әдебиет • 28 Қазан, 2020

Таңғалу синдромы

Талантты адамдардың «тәтті тамұғынан» буырқанып, бұлқына шыққан сәтті туындыларына таңғалмақ керек. Жанды картинаға, жақсы өлеңге һәм тәуір шығармаға таңғалу екібастан дұрыс. Әрі өз басыңа бұйырмаған өнерді басқа бір замандасыңнан көріп, тамсана таңғалуың заңды құбылыс сияқты. Яғни бұл да белгілі бір деңгейде мәдениеттіліктің белгісі дейміз. Алайда уақыт өте келе жақ­сыға таңғалудың жөні мен жосығы да өз­гереді екен.

Әдебиет • 23 Қазан, 2020

Шексіздік формуласы

Әдебиетте ереже жоқ. Жақсы өлең, яки жақсы шығарма қалай жазылатынын үйрететін формула да жоқ. Кім, қа­лай жазам десе де өз еркі (бастысы, тәуір жазсын). Тек жазудың «ардың ісі» еке­нін әманда ұмытпаса болғаны. Һәм физи­ка ғылымындағы Ом заңына немесе мате­ма­тикадағы тригонометрияға салуға келмейтін әдебиеттің бір ғана сипаты бар: шексіздік.

Әдебиет • 23 Қазан, 2020

Сіз білесіз бе?. .

Мұхтар Әуезов Мұхтар Әуезов қолы бос уақыт­та аңшылыққа шығуды еш­қашан ұмытпапты. Ғабит Мү­сіреповтің «Қарлы жаңбыр ас­тын­да» дейтін әңгіме-эссесінде Әуезовтің мүлтіксіз мергендігін айғақтайтын жолдар бар. «Осы кепкенің астында Әуезов деген аңшы отыр деп бір құс ойламайды» деп әзілдейді екен.

Әдебиет • 22 Қазан, 2020

Шекспир пьесалары 10 млн долларға сатылды

Уильям Шекспирдің ал­ғаш­қы пьесалар жина­ғының түпнұсқа көшір­месі Christie’s аукцио­нында 10 миллион дол­ларға сатылып, әдеби шы­ғармалардың аукциондық бағасында әлемдік рекорд жаңартты.

Әдебиет • 19 Қазан, 2020

Рахымжан Отарбаев атындағы әдеби сын байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Атырау қаласында "Рухани  жаңғыру: болашаққа бағдар" жалпыұлттық жобасы аясында "Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры" жеке қоры драматургия, проза салалары бойынша сыншы, әдебиетшілер арасында өткізген "Рахымжан Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын" байқауының қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әдебиет • 16 Қазан, 2020

Сары ала күз. Сағыныш. Сарыала қаз

«Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көп көрінеді. Бүрінен айырылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан – бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып, елбек қағады. Қара жел қуған қаңбақ та Ерілінің кең жазығында көп бұлаңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. Салқын түннің қалың шығы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып, шашасына шейін суландырған».  Мұхтар Әуезов, «Абай жолы»

Сұхбат • 16 Қазан, 2020

Жұмабай Шаштайұлы: ...Абайға ғана жарасады

Әдебиетте өзін «үлкен адамға» баламайтын, мақтау-мадақ, жағымпаздық сынды «шығармашылық» ғадеттерден ада жазушыларды кездестіру өте қиын. Қазақ прозасына «Аспанқора», «Шал мен жылқы», «Құралайдың салқыны» сынды классикалық шығармаларды сыйлаған жазушы Жұмабай Шаштайұлы – сол саптағы аздаған қаламгердің бірі. Өмірде де, жазуда да тым шынайы қаламгермен жаттанды сұрақтарымызды жиып, әдеби өмірдің соқпағы мен сүрлеуі һәм азын-аулақ бақыты жөнінде шын сөйлесуге ниеттендік.

Әдебиет • 15 Қазан, 2020

Жазудың ғұмыры ең соңғы адамға дейін

Ғалымдардың зерттеуінше, осыдан бес мың жыл бұрын алғашқы жазу пайда болыпты. Ежелгі адамдар өз ойларын жеткізу үшін әр сөзге сурет, яки бір шартты белгі қойыпты деседі. Содан бері талай ғасыр сырғыды. Уақыт өткен сайын адамзат қарыштап дамып, түбі өркениетке жетті. Әуелде тасқа қашалған жазулар кейін көркем сөзге айналып, әдебиет деген үлкен өнер кеңістігін құрды.