Руханият • 13 Қазан, 2020
Рахымжан Отарбаев атындағы стипендия тағайындалды
«Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры» жеке қоры жыл қорытындысы ретінде қазіргі әдебиеттегі талантты жастарды қолдау мақсатында арнайы стипендия тағайындады.
Өнер • 13 Қазан, 2020
Сынаптай зырғыған уақыт бәрін ұмыттырады дейді. Жас қартаяды, дүние ескіреді, көне жоғалады. Яғни тірлікте ештеңенің мәңгілік баяны жоқ. Бұл, әрине ғарыштық өлшеммен қарағанда. Алайда жақсы адамдар һәм жақсы шығармалар, жақсы әндер ұмытылмаса, кейінгілердің көңіл түкпірінде сақталса екен дейсің. Қазақ өнерінің бергі тарихында тасада қалған немесе өмірден ерте озған таланттар баршылық. Қазіргі ұрпаққа беймәлім сол дарындарға іздеу салып, өмірінен бір үзік сыр тарту мақсатында біраз уақыттан бері «Ұмытпаңдар мені» айдарын қайта жаңғыртқан едік. Осы орайда ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай сазгер Қасымхан Асанов туралы әсерлі әңгімесін баяндап берді.
Руханият • 12 Қазан, 2020
Бүгінде мына әлем «қанша жазушы болса, сонша оқырман қалды» деп дүрлігуде. Сөз-ақ. Бұл дабыл, әсіресе қазақ қоғамына шақ келіп тұр (һәм бұнымыз «оқымайдылап» өзеурегеніміз емес). Тіпті бұдан да ауыр «қылмысымызды» еске түсіріп, жүректі сыздатады. Ол қайсы десеңіз, айналамызда кітап оқымайтындар көп, ал оқитындары қазақ авторларын оқымайды. Біздің мәселе ішіндегі мәселеміз осы.
Әдебиет • 12 Қазан, 2020
Жуырда ақын, әнші-сазгер Елена Әбдіхалықованың «Менің жалғыз жұлдызым» атты жыр жинағы мен «Сағыныш-ғұмыр» атты ән жинағы жарық көрді.
Әдебиет • 12 Қазан, 2020
Мың жұлдыздан бір жұлдыз (Әдебиет саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығының иегері – Луиза Глюк)
Өткен бейсенбіде Швед академиясы Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерін жариялады һәм үздіге күтіп отырған бәрімізді сұмдық таңғалдырды. Алады-ау деген франциялық Конде аңтарылған күйі қалды, ал көрші елдегі Улицкая бір жылап алып, келесі жылдан тағы үмітті. Нобель айқасында бұлардың бәрі бір төбе болса, «өзіміздің» Мураками бір төбе («өзіміздің» дейтініміз Муракамиді оқитын қазақ оқырмандары өте көп). Оның осы жолы да, әдеттегідей, аты озбады. Бірақ беті қайтып, аһ ұрып отырған ол жоқ. Дегенмен қазақы кең пейілімізге салып, қайтпас қайсар Муракамиге «көңіл айтамыз».
Абай • 09 Қазан, 2020
Елорда төрінде қазақ халқының дара һәм дана ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және адамзаттық гуманизм» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады. Абай шығармаларындағы өзекті тақырыптарды ғылыми тұрғыдан терең зерделеуге һәм абайтану саласындағы түрлі тенденцияларды саралауға арналған форумның бүгін – екінші күні.
Әдебиет • 08 Қазан, 2020
Толстой «менсінбеген» Нобель (Бүгін – Лев Толстой Нобель сыйлығынан бас тартқан күн)
Бір ғасыр бұрын, яғни 1906 жылдың 8 қазанында орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой әйгілі Нобель сыйлығынан бас тартыпты. Һәм «әлдеқандай керосин сатушы Нобель сыйлығын ұсынады, бұл қалай болды?» деп мысқылдапты-мыс.
Әдебиет • 07 Қазан, 2020
Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды
Бүгін "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын, "Egemen Qazaqstan" газеті Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Ерлан Жүніс ТМД мемлекеттері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МФГС) "Содружество дебютов" халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Egemen.kz
Таным • 01 Қазан, 2020
Қазақ прозасының қоржыны тағы бір су жаңа кітаппен толықты. Жас жазушы Есболат Айдабосынның «Тибет аруы» атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы жарық көрді.
Әдебиет • 01 Қазан, 2020
Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын: Тарихта қалудың мәңгілік баяны жоқ
Уақыт жедел өтеді, жас қартаяды, дүние ескіреді, қоғам үздіксіз өзгереді, жаңа жеңіп, көне ұмыт болады. Осы тұрғыдан алсаңыз, ұмыт болмайтын дүние жоқ. Тарихта қалыпты дегеннің өзінде оның да мәңгілік баяны жоқ.