Әдебиет • 05 Ақпан, 2021
Гетеден Паустовскийге дейін Марлен Дитрих кітап оқуды жақсы көріп, сүйікті қаламгерлеріне Тәңіріндей сыйынған деседі. Оның «ұлы» жазушыларының ең басында Иоганн Вольфганг Гете тұрыпты. Актриса өзінің өмірлік қағидаттары мен адамдық ұстанымдарын жастайынан оқыған кітаптарынан түйгенін жиі айтатын. 1920 жылы 19 жастағы Мария Магдалена Дитрих скрипкашылық өнерін дамыту үшін туған жері – Берлиннен кетеді. Қоныс аудару ол үшін әрі ауыр сынақ, әрі үлкен қуаныш болды. Қуаныш дейтініміз, актриса Гетенің теңдессіз шығармалар жазған Веймар қаласына келді. Ол ешқашан өз «тәңір-жазушысымен» мұндай рухани жақындықты сезінген емес.
Руханият • 05 Ақпан, 2021
Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты даярлаған қос кітаптың тұсаукесері өтті. Оның бірі – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында жарық көрген «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жинақ болса, екіншісі – «Қожаберген батыр» атты зерттеу.
Әдебиет • 03 Ақпан, 2021
Парламент сайлауы өтіп, саяси науқанның абыр-сабыры басылар-басылмастан Жетісу жақтан жыл келгендей жақсы жаңалық жетті. Талдықорған қаласында жас қаламгерлердің басын қосар «Janr» әдеби клубы құрылды.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2021
«Qasym» кітаптарына сұраныс жоғары
Былтыр кітапсүйер оқырманның қолынан түспей оқыған һәм кітап дүкендерінде де көп сатылған «Qasym kitaphanasy» сериясымен шыққан кітаптар болды.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2021
Балғын таланттарды баулитын бағдарлама
Елбасы кітапханасының Есілдің оң жағалауындағы музейінде Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі (БКМ) – ЮНЕСКО клубы түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылды. «Туған өлкем» көрмесі балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2021
Биыл – «Жарқыраған мың күндік» жылы
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап Ұлттық академиялық кітапхана мен Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен һәм Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Айта кетейік, акция қазақ әдебиетін дамыту және үздік шығармаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылады.
Әдебиет • 28 Қаңтар, 2021
Бөтен немесе адамдар қалай құбылады?
Өз хаттарының бірінде Кафка қонақүйдегі бөлмесінен қандала тауып алғаны туралы жазады. Сонда оның қоңырауына алып-ұшып келген үй иесі сұмдық таңғалып, бүкіл қонақүйде бірде-бір қандала көрінбейтінін айтыпты. Ол неге нақ осы бөлмеде пайда болды? Бәлки, бұл сұрақты Франц Кафка өзіне қойған шығар. Бөлмесіндегі қандала – оның ішкі мені сияқты. Яғни Кафканың қандаласы: бөтен емес. Осы бір оқиғадан кейін автор санасында «Құбылу» романының кейбір үзіктерін шырамыта бастаған болар.
Кино • 26 Қаңтар, 2021
Жаңа драма: «Туған күніңізбен, анашым!»
Алматыда StartDrama театр лабораториясы Фархад Молдағалидің режиссерлігімен OzgeEpic өнер кеңістігінде «Туған күніңізбен, анашым!» атты қойылым қойды. Спектакль жас жазушы Әлішер Рахаттың аттас пьесасы желісінде сахналанып отыр.
Әдебиет • 25 Қаңтар, 2021
Осыдан бір ай бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Көңілде алаң басылса…» атты ақындар мүшәйрасын жариялаған болатын. Күні кеше жыр додасының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өтті.
Әдебиет • 21 Қаңтар, 2021
Кезінде көп оқылған һәм әдеби ортаның белгілі бір деңгейде күші бола алған журналдар несімен құнды болды? Мәселен, «Жұлдыз», «Жалын» әдеби журналдары жабық бәйгелерімен атақты. Кіл мықтылардың жаңа шығармаларының бәрі тек осы журналдардан оқылды. Өйткені сол басылымға мұқтаждық бар еді. Ал қазір әдебиеттің кеңістігі кеңейді. Әдебиетке жаңа келген кез келген жазарманның есімі һәм шығармасы интернет бетінде тұр. Яғни қазір әдеби журналдар ақын-жазушылардың жаңа дүниесін жариялау арқылы қажеттілік тудырып, абырой жинай алмайды.