Айгүл СЕЙІЛОВА
Айгүл СЕЙІЛОВА«Egemen Qazaqstan»
132 материал табылды

Әлем • 01 Сәуір, 2020

Walt Disney басшылары жалақыларынан бас тартты

The Walt Disney Company басшылығы пандемия кезеңіндегі қиын-қыстау уақыттарда компанияға қолдау білдіру үшін айлық жалақыларынан бас тартты. Бұл туралы «The Hollywood Reporter» сайты  хабарлады.

Руханият • 01 Сәуір, 2020

«Алтын Орда» күйін шығарды

«Қорқыт» этно-ансамбілінің концертмейстері, домбырашы Айбек Әрімбек «Алтын Орда» атты күй шығарды. Күй Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын өткізу туралы шешімінен кейін жарыққа келген.

Руханият • 30 Наурыз, 2020

Жұқпалы аурулар жайлы жаухар фильмдер

Америкалық киносыншы Скотт Файнберг «Голливудтың алтын ғасыры» кезеңінде түсірілген жұқпалы аурулар мен эпидемиялар жайлы  фильмдердің тізімін жасады – деп хабарлайды Риа-Новости сайты.  

Әлем • 28 Наурыз, 2020

Голливуд актрисасы саяси пікір айтып, жұмысынан айрылды

Адамдар әртүрлі. Дүниежүзін дүрбелеңге салған пандемияның кейбіреулерге әсері аз боп жатқаны да белгілі. Бұндайды қазақ «қырық адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ» дейді. Сондай «қыңырдың» бірі күні кеше Голливуд актрисасы Эванджелин Лилли шәй ішіп отырып, өз балаларын гимнастика жаттығуына  жібергенін, жалпы олардың отбасы карантин режимін сақтамайтынын баяндапты. Бұл туралы  instyle.ru. жазады.

Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

COVID-19 Акунинді де айналдырды

COVID-19 коронавирусын жұқтырып алған танымал адамдар өз жағдайлары туралы түрлі әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. Солардың бірі ресейлік жазушы, сценарист, аудармашы Борис Акунин де өзінің ауруы туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде бөлісті.

Таным • 27 Наурыз, 2020

Жетіліктің тылсымы: Үнді және түркі танымындағы көк пен жер

Үнді халқына тиесілі аңыздар мен ертегілер, дастандар әлемдік мәдениетте өз орны бар бағалы қазыналардың қатарында. Ежелгі Ведалар, Пурандар, «Махабхарата», «Рамаяна» арқылы ежелгі үнді халқының өмірге көзқарасы, арман-аңсары, жаратылыс жайлы таным-түсінігі, белгілі бір дәрежеде ғылым-білімді игеруі байқалады. Үнді мәдениеті Антика мәдениетіне жол салғаны да тарихтан белгілі. Антика мәдениеті өз кезегінде нақты ғылымның, технологиялық мәдениеттің, техногендік қоғамдардың қалыптасуының бастауында тұр.

Таным • 27 Наурыз, 2020

«Метаморфозадан» басталған құбылулар

Метаморфоза деген сөз ежелгі грек тілінен аударғанда «алмасу», «өзгеру», «құбылу» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі грек, рим халықтарының аңыздарында  метаморфозалар жиі кездеседі. Әсіресе батырлардың өзенге, тауға, өсімдікке, жануарға айналып кеткені туралы метаморфозалар көп.  Ежелгі Римде өмір сүрген Овидий ақын сондай метаморфозаларды жинайды. Олардың саны 200-ден астам. Ол осы құбылуларды бірінен кейін бірін аса реттілікпен баяндап шығады. Нәтижесінде «Метаморфозалар» поэмасы дүниеге келеді. Поэма Хаостың Аспан мен Жерге айналуынан басталады. Бұл әлемдегі алғашқы «құбылу» болатын.  Поэма Юлий Цезарьдың өлімінен соң аспанда үлкен кометаның  пайда болуымен аяқталады. Халық Цезарьдың жаны кометаға айналды деп топшылайды. Юлий Цезарь Овидийдің дүниеге келуінен аз-ақ бұрын Римде өлтірілгенін есепке алсақ, поэманың бергі дәуірдегі «құбылуларды» да қамтығанын шамалауға болады.

Таным • 27 Наурыз, 2020

Адамға бағытталған ілім немесе аспан кімді жарылқайды?

Қай қоғамда, қандай жағдайда өмір сүрсе де дананың аты өлмейді. Келер буын ұрпақтың санасына мәңгі өшпестей із қалдырып, даналық қағидалары қатталып,  ал, ілімі бір шоғыр адамдардың, кейде тұтас мемлекеттің не мемлекеттердің өмір сүру ұстынына  айналатыны бар. Ондай мысалдар өте көп болмаса да, әлем тарихында баршылық. Мысалы, Будда, Конфуций, ЛаоЦзы сынды тұлғалар Үндістан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, т.б Шығыс Азия елдерінде пайғамбарлық дәрежеге көтеріліп, ал, ілімдері дінге айналған жағдайды біз нақты айта аламыз. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі ғұлама Конфуцийдің (б.з.б 551 жылы өмірге келген) , яғни, Кұң ұстаздың іліміне тоқталғымыз келеді.

Қоғам • 12 Наурыз, 2020

Музейлерді біріктіретін жаңа орталық

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдас­тыруымен Ұлттық музейде «Қазақстан музейлерін дамыту бойынша үйлестіру-әдістемелік орталығының» таныстырылымы өтті.

Абай • 18 Ақпан, 2020

Таным мен тағылым

Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» конференц-залында «Ұлттық кеңес. Ұлттық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.