Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1642 материал табылды

Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Ірі сауда орындарында әлеуметтік сөрелер бар

Қаладағы азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында күнделікті тиісті шаралар қабылданып, баға бойынша мониторинг үздіксіз жүргізілуде, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Кәсіпкердің ауруханаға көмегі

Қызылордадағы темір жол ауруханасына 2 оттегі концентраторы табыс етілді. Құны 1 млн теңге болатын бұл құрылғыларды "Авто-Лидер Қызылорда" ЖШС директоры, жас кәсіпкер Нұрболат Ибраев алып берген, - деп жазады Egemen.kz

Қоғам • 21 Шілде, 2020

Той жасаушылар тыйылмай тұр

Эпидемиялық ахуалға байланысты Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күнделікті рейдке шығып, карантин талаптарын бұзғандарды анықтап отыр. Әсіресе, тұрғындар арасында жасырын той жасаушылар көбейіп отырған көрінеді, деп жазады Egemen.kz

Медицина • 21 Шілде, 2020

Қызылорда облысына 9 оттегі концентраторы жеткізілді

Қызылорда облысына  9 дана оттегі концентраторы жеткізілді. Бұл аппараттардың қаржысы белгілі блогер Дәулет Мұқаев, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, сондай-ақ Қазалы ауданының тумасы, қоғам белсендісі Эльмира Ешниязованың әлеуметтік желідегі оқырмандары тарапынан жиналған, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Қазалыда ауруханаларға 5 оттегі концентраторы табысталды

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап Қазалы ауданында аурудың алдын алу және жұқпалы індеттің таралмауы үшін көптеген жұмыстар қолға алынды. Жақында аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға 5 оттегі концентраторы сатып алынды. Оның үшеуін аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев ауданаралық аурухана ұжымына табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Көп көмегі кеселдің бетін қайтарады

Қызылордада індетті болдырмау шараларына көпшілік те көп үлес қосып отыр. Аз уақыт ішінде облыс орталығының өзінде кәсіпкерлер мен қайырымдылық шараларынан қалыс қалмаған тұрғындардан жиналған 38,3 млн теңгеге 45 дана оттегі концентраторы, 2 мыңнан аса оттегі баллоны алынып, емдеу мекемелеріне таратылды. Оны жеткізумен еріктілер айналысуда. Осылайша сырбойылықтар жұрт жұмылса, дерттің де дендемейтінін дәлелдеп отыр.

Аймақтар • 20 Шілде, 2020

«Денсаулық» себетін тапсырды

Jas Otan жастар қанаты ұйымдастырған «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясы әр ауданда жалғасып жатыр. Оның аясында Жаңақорған аудандық филиалы еріктілері адам өміріне араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыстарын жеткізіп, арнайы әзірленген «Денсаулық» себетін тапсырды.

Аймақтар • 18 Шілде, 2020

Қазалыда кредиттік тұрғын үйлер салынуда

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 4 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үй құрылысы басталды. Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағынанбасталған құрылыстың бас мердігері "Мұнай құрылыс" көп салалы құрылыс фирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, - деп хабарлайды Egemen.kz  

Аймақтар • 17 Шілде, 2020

“Жолда қабылдау” акциясы онлайн өтіп жатыр

Өңірде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен халықпен кері байланыс орнатуды қамтамасыз ететін республикалық  "Жолда қабылдау" акциясы  өтуде.  

Аймақтар • 17 Шілде, 2020

Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек жетті

Бүгін Қызылорда облысына Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті. "Ақниет" ЖШС арқылы 240 мыңға жуық медициналық зат әкелінді. Онда емдеу мекемелеріне қажетті медициналық қолғаптар, қорғаныш киімдер, арнайы көзілдіріктер бар. Бұл заттар облыстағы барлық ауруханалар мен емханаларға сұраныстарына қарай бөлінеді. Бұған дейін осындай көмек Қытай мемлекетінен де келген болатын.