Қазақстан • 15 Ақпан, 2022
Қақтығыс аймағында болғандар әлеуметтік мәртебе сұрайды
Елімізде «Ардагерлер туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде одан құпия майдан жауынгерлері тыс қалды.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2022
Отыз алты жылда 18 220 шақырым жүрген
Жақында әлеуметтік желіні парақтап отырып, облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұрған бір жәдігер жайлы қызық мәліметке жолықтық. Қызығы сол, 1986 жылы Кеңес Одағының автокөлік өндірісіндегі ірі кәсіпорын Горький автомобиль зауытынан ГАЗ-24 маркасымен небәрі 4 «Чайка» көлігі шығарылады. Соның бірі халық шаруашылығындағы ең жоғары көрсеткіштерге жеткен Қызылорда облысына бұйырыпты.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2022
Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзудың 55 дерегі анықталды
ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2022
Сырда күріш алқабы тағы азаяды
Сырда күріш алқабы тағы азаяды. Өйтпеске амал жоқ болып тұр. Жер таңдайын жібітіп, жағалауын қоныс еткен байырғы жұрттың тіршілігіне өзек болған Сырдария деңгейі биыл да діттегеніміздей болмай тұр. Өткен жылды өңір диқандары әупірімдеп өткізген. Биыл сол былтырғы көлемге де жете алмайтын түріміз бар. Облысқа сапармен келген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов тапшылықтың зардабын азайтудың барлық мүмкіндігін қарастыру керектігін айтып отыр.
Бизнес • 07 Ақпан, 2022
Кәсіпкерлерге кедергі көп болып тұр
Президент пәрменімен сұйытылған газ бен жанар-жағармай бағасы реттеліп, осы салада жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешуге тапсырма берілді. Десе де, алпауыттар мүддесінің тасасында қалып, кәсібі қожырай бастаған бизнес өкілдері әлі де кедергілер көп екенін айтады. Осыған байланысты Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында жиын өтіп, оған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм, білім басқармалары, аумақтық бәсекелестікті қорғау және дамыту, табиғи монополияларды реттеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік, экономикалық тергеу департаменттерінің басшылығы, осы саладағы кәсіп иелері қатысты.
Экология • 03 Ақпан, 2022
Биыл да дарияның деңгейі төмен. Жазда арнасы түскенімен, қыста толып ағатын өзенің қауқары бұрынғыдай болмай тұр. Әйтеуір, былтырғы бастама нәтижесінде Аралдағы көлдер жүйесінің тола бастағаны ғана көңілге медеу.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2022
Жиырма екі адам қамаудан босатылды
Қызылордадағы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Байжан Байгелді БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Медицина • 01 Ақпан, 2022
Жантақтың біз білмейтін жұмбағы көп
Адамзат баласы Альцгеймер, Паркинсон ауруларының емін іздеп келе жатқанына жүздеген жыл өтті. Дегенмен дерттің дамуын тежейтін препараттар жасалғанмен, одан құлантаза айығып кетудің жолы әлі табылмай тұр. Қазір де бірнеше елдің ғалымдары бірлесіп, аурудың алдын алатын дәрі жасауға кірісіп кетті. Олардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов та бар. Ғалым кәдімгі жантақтың осы дертті дендетпейтін қасиеті барын анықтаған.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2022
Бағаны бақылау босаңсымау керек
Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай бағалары ұдайы бақылауда тұр. Азық-түлік қорының ортайып қалмауына да баса назар аударылған.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2022
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты. Коронавирустық шектеулерге байланысты жүздесуге облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткері, медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханов, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов шақырылды.